Биополимерлер мен мономерлер. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты – жөні:

Сабақ тақырыбы:

Биополимерлер мен мономерлер (жаңа тақырыпты меңгеру)

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары:

8.4.1.1 биологиялық мысалдарды пайдаланып полимерлер және мономерлер арасындағы айырмашылықты сипаттау

 Сабақ мақсаттары

  • Полимер және мономер ұғымдарын түсіну;
  • Полимерлер мен мономерлердің айырмашылығын түсіндіру;
  • Полимерлер мен мономерлерге мысалдар келтіру.

 Бағалау критерийлері

  • -мономер және полимер ұғымдарына анықтама бере алады;
  • -диализ түтікшесі арқылы жүргізілген зерттеудің мәнін сипаттай алады;
  • -мономер мен полимерлердің айырмашылықтарын түсіндіре алады;
  • - мономер мен полимерлерге мысалдар келтіре алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

-мономер полимер ұғымдарына анықтама беріп, сұрақтар құрастыра алады;

-эксперимент барысында тиісті терминологияны қолданып, жазбалар жасай алады;

-биологиялық полимерлердің мысалдарын жазады.

Пәнге тән лексика мен терминология: мономерлер, полимерлер, глюкоза, фруктоза, крахмал, гликоген, май қышқылдары, глицерин, аминқышқылдары, нуклеотидтер, диализ түтікшесі, жартылай өткізгіштік.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Мономерлер … түзеді.

Полимерлер … тұрады.

Мономерлер жасуша мембранасынан….

Жасуша мембранасынан ... өте алмайды.

Құндылықтарды дарыту

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету болу құндылықтары дамытылады.

Топтық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

Пәнаралық дамыту

Тақырыпқа байланысты полимер мономер ұғымдарды түсіндіру барысында химия пәнімен байланыстыруға болады

Бастапқы білім

Ағзалық заттардың құрамына кіретін элементтерді біледі.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс – әрекеттер

Оқыту ресурстары

Сабақтың басы

0 – 5мин

Оқушыларға 1-слайд көрсетіліп үй кірпіштерден қаланады, ал ағза неден құралған? Жасуша неден тұрады? сұрағы талданады.

Бұл тапсырма арқылы оқушылар тірі ағзалардың молекулалардан тұратындығына көз жеткізеді.

Тақырыптың өзектілігін ашу үшін оқушылардан макромолекулаға мысал келтіру сұралады. Макро- ұғымының аса үлкен молекула дегенді білдіретініне тоқталғаннан кейін, оларға мысал келтіру сұралады. Осылайша нәруыз, көмірсу, липид, нуклеинқышқылының жасушаны құрайтын макромолекулалар екеніне тоқталып, сабақтың мақсаты ашылады.

Оқушылар 2- слайдтан және өздеріндегі жұмыс парақтарынан сабақтың мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқып танысады.

1-слайд

Сабақтың ортасы

6 –8 мин

Оқушыларға шағын ақпаратпен танысу ұсынылады.

Мұғалім таныстырылым арқылы түсіндірме береді.

1-қосымша

3-6 слайд

8-12мин

Мұғалім полимер мен мономердің айырмашылығын түсіндіру үшін оқушыларға шағын тәжірибені көрсетеді.

Мұғалім:

Диализ түтікшесі жасуша мембранасының үлгісі ретінде қолданылады. Мембрана арқылы қандай заттың өтіп, қандай заттың өте алмайтынын тексеріп көрейік. Мен диализ түтікшесіне глюкоза мен крахмал ерітіндісін құямын. Осы екеуінің қайсысы мембранадан өте алады деп ойлайсыздар?

Неліктен? Әр қайсыларыңыз өз болжамдарыңызды дәптерге жазып қойыңыздар.

Крахмал мен глюкозаның қоспасын бір жағы жабық диализ түтікшесіне құйып, дистилденген суы бар мензуркаға 20 минутқа қалдырамын. Мензуркадағы суға йод тамшысын тамызамын. Бұның себебі неде? Йод нені анықтауға қолданылады? Уақыт өткен соң глюкоза мен крахмалдың мембранадан өткендігін тексереміз.

7 слайд

2-қосымша

13-18 мин

Топтарға бөліп, тақырып мазмұнын толығымен түсініп талдау үшін оқушыларға «Биополимерлер мен мономерлердің байланысы» тақырыбы бойынша зияткерлік карта құру тапсырмасы ұсынылады.

3-қосымша

19-25 мин

Әр топ өз «Зияткерлік карталарын» таныстырады.

25 – 31 мин

Мұғалім диализ түтікшесін судан алып шығып: оның түсі неліктен көкке боялды? Түтікшеге қандай зат диффузияланды?

Мензуркадағы суға қандай зат өтті деп ойлайсыздар?

Онда глюкозаның болуын қалай анықтауға болады?

Енді мен мензуркадағы судан 3мл алып, оған Бенедикт ерітіндісін тамызамын. Оның қазіргі түсі көк. Оны су моншасында қыздырып көрейік. Ерітінді түсі қызыл сарыға өзгерді. Бұл нені білдіреді? Диализ түтікшесі арқылы глюкоза мензуркадағы суға өткеніне дәлел бола ала ма?

Мензуркадағы су неліктен көк түске боялмай, йод түстес болып қала берді? Себебі неде? Түтікшедегі крахмал сыртқа шыға алды ма?

Бұл тәжірибенің қорытындысын дәптерлеріңізге жазып қойыңыздар.

Сонымен жасуша мембранасы арқылы глюкоза өте алады, ал крахмал өте алмайды.

2-қосымша

32-38 минут

Полимерлермен мономерлерге олардың сипаттамалары мен мысалдарын сәйкестендіру тапсырмасын орындау ұсынылады.

4-қосымша

Сабақтың соңы

39-40мин

Кері байланыс:

- 2 жұлдыз

-1сұрақ

-1 тілек

Кері байланыс сабақ барысындағы іс-әрекеттер емес тақырып

мазмұнына байланысты жүргізіледі. Мысалы, сабақ барысында ең түсінікті немесе жаңалық болған екі тұс...

Үйге тапсырма:

Органикалық заттардың ағза үшін биологиялық маңызы (эссе, кем дегенде 50 сөз).

8-слайд

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Кіріспе сұрақтар негізінде жаңа сабақ тақырыбын анықтайды. Сәйкестендіру тапсырмаларын орындайды.

Берілген түсініктерді ажыратады, мысал келтіре отырып түсіндіре алады. Зияткерлік карта құрастырады және түсіндіреді.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

  • Кіріспе сұрақтар
  • Зияткерлік карта құру
  • Тәжірибеге талдау жасау
  • Мономер мен полимерді сәйкестендіру тапсырмасы арқылы.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партада дұрыс отыруына назар аудару.

Зияткерлік карта құру, тәжірибе жасау кезінде оқушылар белсенді қозғалыста болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу