Мономерлер мен полимерлер. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.1В. Молекулалық биология

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мономерлер мен полимерлер (жаңа тақырыпты меңгеру)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.4.1.1 биологиялық мысалдарды пайдаланып полимерлер және мономерлер арасындағы айырмашылықты сипаттау

 Сабақ мақсаттары

  • Полимер және мономер ұғымдарын түсіну;
  • Полимерлер мен мономерлердің айырмашылығын түсіндіру;
  • Полимерлер мен мономерлерге мысалдар келтіру.

 Бағалау критерийлері

-мономер және полимер ұғымдарына анықтама бере алады;

-диализ түтікшесі арқылы жүргізілген зерттеудің мәнін сипаттай алады;

-мономер мен полимерлердің айырмашылықтарын түсіндіре алады;

- мономер мен полимерлерге мысалдар келтіре алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

мономер полимер ұғымдарына анықтама беріп, сұрақтар құрастыра алады;

эксперимент барысында тиісті терминологияны қолданып, жазбалар жасай алады;

биологиялық полимерлердің мысалдарын жазады.

Пәнге тән лексика мен терминология: мономерлер, полимерлер, глюкоза, фруктоза, крахмал, гликоген, май қышқылдары, глицерин, аминқышқылдары, нуклеотидтер, диализ түтікшесі, жартылай өткізгіштік.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Мономерлер … түзеді.

Полимерлер … тұрады.

Мономерлер жасуша мембранасынан….

Жасуша мембранасынан ... өте алмайды.

 Құндылықтарды дарыту

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Моделдеу арқылы креативтілік, жаңашылдық, тапқырлық, таңдау жасай білу, ризашылық білдіру, ынтымақтастықта бола білу, бейімділік құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Практикалық жұмыс кезінде түрлі манипуляцияларды меңгеру, дұрыс таңдау жасау, жобалау, бағалау, сыни ойлау, сынды қабылдау, сыни пікір айта білу, өз ісіне берілу құндылықтары дамытылады.

 Пәнаралық

  байланыстар

Мономер, полимер түсініктері, олардың мысалдарын қарастыру арқылы химия пәнімен байланысады

Бастапқы білім

Органикалық заттардың құрамына кіретін элементтерді, азық-түліктің құрамында көмірсу, нәруыз, майлардың болатынын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 мин

Оқушыларға 1-слайд көрсетіліп,

Жасуша мембранасы арқылы қандай заттар өте алады, қандай заттар өте алмайды? сұрағы талқыланады. Осы сұраққа бүгінгі сабақта жауап аламыз. Оқушылар жасуша макромолекулаларды қабылдай алмайды деген қорытынды шығару үшін осы тақырыптың қарастырылып жатқанын түсінсе жеткілікті.

1-2 слайд

Сабақтың ортасы

4-7 мин

Мұғалім таныстырылым арқылы шағын түсіндірме жасайды. Онда мономер және полимер ұғымдарына анықтама беріліп, полимерлер мен мономерлердің мысалдары аталады. Оқушылардан сабақтың не туралы екені сұрала отырып, сабақтың мақсаттары мен бағалау критерийлері анықталады.

Оқушылар 2- слайдтан және өздеріндегі жұмыс парақтарынан сабақтың мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқып танысады.

3-7 слайд

8-13 мин

Полимер мен мономердің айырмашылығын түсіну үшін оқушыларға шағын тәжірибе жасау ұсынылады.

Мұғалім:

Тәжірибе барысында көзілдірік пен халат, қолғап кию қажет. Көзілдірікті неліктен кию қажет? Қандай ерітінді киімге төгілсе оны бүлдіруі мүмкін? Ерітіндіні иіскеуге бола ма? Көзге немесе қолға ерітінді төгілсе не істеу керек? ... Оны тез арада мол сумен шаю қажет... деп қауіпсіздік ережелерімен таныстырады.

8-слайд

14-17 мин

Диализ түтікшесі жасуша мембранасының үлгісі ретінде қолданылады. Мембрана арқылы қандай заттың өтіп, қандай заттың өте алмайтынын тексеріп көрейік. Осы екеуінің қайсысы мембранадан өте алады деп ойлайсыздар?

Неліктен? Жұмыс парақтарыңызға болжам жазудан бастаңыздар деп оқушылар глюкоза мен крахмалдың қайсысы мембранадан өте алатынын болжап жазады.

18- 23мин

Оқушылар болжамды жазып болғаннан соң тәжірибені қойып, 10 минутқа қалдырады.

1-қосымша

24-31 мин

Оқушыларға алты бұрыш бірнеше қима қағаздар/лего бөлшектері/атом үлгілері таратылып, мономерлерден полимер жасап, олардың айырмашылықтарын түсіндіру тапсырылады.

Тәжірибені аяқтап қорытынды жасайды.

9 слайд

32-37 мин

Оқушыларға мономерлердің полимерлердің мысалдары мен ағзада кездесетін орны туралы кесте толтыру ұсынылады.

10 слайд

2-қосымша

Сабақтың соңы

38-40 минут

Кері байланыс

  • Позиция «Мен ...деп есептеймін»
  • Түсіндіру «Себебі, ... »
  • Мысалы «Мен ...дәлелдеймін, мысалы ретінде ... »
  • Нәтиже «Айта келе, мен ... деп қорытындылаймын»

Кері байланыс сабақ барысы емес, тақырып мазмұнына қатысты жүргізіледі.

11-слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Моделдеу үшін әртүрлі материалдар ұсыну арқылы процесс сараланады.

Қабілеті жоғары оқушыларға полимерлердің қызметтерін анықтап, қосымша мысалдар келтіру арқылы тақырып мазмұнын тереңдету мүмкіндігі жасалады.

Тәжірибенің көрсетілімінен кейін өз пайымдауынша қорытындылар жасау кезінде саралау жүзеге асырылады.

Тәжірибенің нәтижесін сызбаға түсіріп, сызба арқылы түсіндіру, немесе дайын сызбада түсіндіру тапсырмаларын таңдап орындау арқылы да саралауға болады.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Оқушылардың ауызша жауаптары арқылы;

Тәжірибенің болжамдарын жасап, оның дәлелденуіне талдау жасай білулері арқылы;

Моделді дұрыс жасап, мономер мен полимердің айырмашылығын түсіндіре алуы арқылы;

Тәжірибені жасау, қорытынды шығаруы арқылы.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Көзілдірік, халат, қолғап кию.

Су моншасына күйіп қалмау.

Ерітінділерді төгіп алмау, иіскемеу.

Тәжірибелік жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау

Тәжірибе жасау кезінде белсенді қозғалыс жасайды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу