Мономерлер мен полимерлер. Биология, 8 сынып, қосымша материал.


  • Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

Полимерлер — көп сан қайталанып тұратын мономерлер тізбегі.

Мономерлер — полимер молекуласы құрамындағы қайталанып тұратын кіші молекулалар.

Полимерлерге нәруыздар, полисахаридтер, липидтер және нукленинқышқылдары жатады. Нәруыздарға қандағы гемоглобин, альбумин, терідегі коллаген, меланин, жапырақтағы хлолрофилл, жасушаны құрайтын басқадай нәруыздар мен барлық ферменттерді жатызуғаболады. Оттегін ұлпаларға, көмірқышқыл газын өкпеге жеткізуде «гемоглобин» тасымалдау қызметін атқарады. Адам және жануарлардың асқорыту жүйесінде ферменттер әсерінен аминқышқылдарға дейін ыдырайды.

Полисахаридтерге крахмал, жасунық, муреин, гликогенді жатқызуға болады. Олар глюкоза, фруктоза, галактоза сияқты момносахаридтерден құралған. Саңырауқұлақтардың жасуша қабатында сыртқы қаңқадан жасуша қабырғасын түзіп, беріктігін арттырады. Өсімдік жасушасының қабырғасында целлюлоза беріктік қасиет беріп, судың жоғалуын болдырмайды. Адам және жануарлар бауырының жасушаларында гликоген түрінде қорға жиналады.

Липидтердің мономері май қышқылы мен глицерин. Полимерлері: фосфолипидтер, жануар және өсімдік майлары, балауыз, триглицеридтер. Суда ерімейді.

Жылуды нашар өткізеді.

Нуклеинқышқылдарына ДНҚ мен РНҚ жатады. Олар хромосома құрамында болады және тұқым қуалау белгілерін жеткізуді қамтамасыз етеді. Ядролардағы хромосомаларда орналасқан, қос шиыршықталған. Олар нуклеотидтерден құралған полимерлер. Нуклеотидтер азотты негіз, қант және фосфор қышқылының қалдығынан тұрады.

  • Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

Сабақтың басында оқушыларға биология кабинетінде тамақ жемеу, су ішпеу және партада дұрыс отыру сияқты ережелер ескертіледі. Тәжірибе жасар алдында қауіпсіздік техникасының ежелері толығымен жете талданады. Оқушылар халат, қолғап, көзілдірік киеді. Себебі ерітінділер көзді тітіркендіреді. Сондықтан көзілдірікті пайдаланған жөн. Йодты ашарда абай болу немесе оқушыларға ашып беруді ұмытпаған жөн. Оны ашу біршама қиындық тудырады. Су моншасын сыныпта оқушылардың күйіп қалуын болдырмау үшін жерге орналастырып, оқушылардың абай болуын қадағалаған жөн. Барлығы 5 дана тіпті 3 дана су моншасы жеткілікті болады. Сынауықты су моншасына ұстағышпен ұстап салуды ескерту қажет. Ерітінділердің төгіліп қалуын болдырмау үшін оларды өлшеп алып жатпастан, бірден диализ түтікшесіне құя салатындай етіп алдын ала өлшеп құйып қойған жөн.

  • Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

Тәжірибені жүргізу үшін қажетті құрал жабдықтар мен материалдардың тізімі

Жалпы топқа су моншасы-5дана, халат, қолғап, көзілдірік.

Әрбір лотокқа:

Диализ түтікшесі -10см, 1дана, глюкоза ерітіндісі – 5мл, крахмал ерітіндісі -5мл, су – 15мл, стақан -20мл, 1дана, шприц -1мл – 1дана, Бенедикт ерітіндісі – 1мл, йод ерітіндісі -2мл, сынауық -2дана, тамызғы -1дана, термометр-1дана, жіп -10см, 1дана, салфетка – 1 дана.

Диализ түтікшесін 20мл стаканға су құйып жібітіп, бір жағын жіппен жақсылап буыңыз. Буғаннан соң су тамшылап ағып тұрмауына тексеру қажет. Оның жасуша мембранасының үлгісі мретінде қолданылатынын оқушыларға түсіндірген жөн. Онда да мем бранадағыдай өте ұсақ саңылаулар бар екені айтылады.

Түтікшені стакандағы суға батып кетпейтіндей етіп, клипспен қысып, тек малынып тұратындай етіп қоюды көрсету қажет.

Құндылықтарды дарыту: Тәжірибе жасау кезінде түрлі манипуляцияларды меңгеру, дұрыс таңдау жасай білу, жұмысты жобалау, бағалау, сыни ойлау, сынды қабылдай білу, сыни пікір айта білу қажет, түрлі ұжымдық жұмыс кезінде ынтымақтастықта бола білу, моделдеу кезінде креативтілік, жаңашылдық, тапқырлыққа ұмтылу маңызды деген сияқты құндылықтарға сітеме жасалады.

Пәнаралық байланысты орнату:

Полимер мономер ұғымдары мен олардың мысалдарын қарастырып жатқан кезде, диализ түтікшесімен тәжірибе кезінде оқушыларға химия физика пәндерінен алған білімдерін қолдануға мүмкіндік беру маңызды. Мысалы, заттардың бір ортадан екінші ортаға таралуы қалай аталады, олай таралуға не себеп, ерітінді түсінің өзгеруін қалай түсіндіруге болады.

  • Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар

Оқушылардың ауызша жауаптары, жазбаша жұмыстарымен қоса тәжірибе қоюдағы практикалық дағдылары, ойша экспериментті қоюы бағаланады. Болжам жасауы, жұмыс барысын дұрыс орындауы, уақытты тиімді пайдалануы, өз жұмысын жоспарлап ұйымдастыруы, қорытынды жасай білуі бағаланады.

Оқушылардың жұмыс парақтарын жимналып алып тексеруге болады.

  • Тапсырма жауаптары, критерийлері

Диализ түтікшесіндегі ерітіндінің бастапқы түсі

Диализ түтікшесіндегі ерітіндінің соңғы түсі

Глюкозаның болуын тексеру нәтижесі

 Түссіз

Көк

Қызыл сары

Талқылау сұрақтары:

  • Жасуша мембранасы арқылы қандай зат өте алады?

Тек мономерлер, қарапайым заттар.

  • Стақандағы суға түтікшеден глюкозаның өткенін дәлелдеңіз?

Суды Бенедикт ерітіндісімен глюкозаның болуына тексергенде, ерітінді қыздырғанда қызыл сары түске боялды. Бұл глюкозаның жасуша мембранасынан өте алатындығына дәлел.

  • Диализ түтікшесінен крахмалдың өтпегендігіне дәлел келтіріңіз?

Крахмал өткен болса стақандағы су көк түске боялар еді. Себебі оны мен тексереміз. Йод қарапайым зат болғандықтан түтікшеден өтіп, ондағы крахмалмен қосылып, көк түске боялды.

  • Неліктен крахмал түтікшеден ерітіндіге өтпеді?

Крахмал полимер болғандықтан, мөлшерінің үлкендігінен түтікшеден өте алмайды.

Мономері

Полимер

Мысалдары

Ағзада кездесетін орны

аминқышқылдары

Нәруыз/протеин

Коллаген

Гемоглобин

Меланин

Хлорофилл

Тері

Қан

Тері пигменті

Жапырақ

нуклеотидтер

нуклеинқышқылы

ДНҚ

РНҚ

жасушада

жасушада

Глюкоза, фруктоза

Полисахаридтер

Сахароза

Крахмал

Гликоген

Хитин

Жапырақта, жасушада

Жапырақ

Жануар қоры

Бунақденелінің қаңқасы

Май қышқылы мен глицерин

Липид

Балауыз

Жапырақ

Майлар

Тері астында

  • Сілтемелер мен ресурстар

Тәжірибе:

https://www.youtube.com/watch?v=6-IA-nwgi_k

https://www.youtube.com/watch?v=yU0wojpw000



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу