Комбинаториканың негізгі ұғымдары мен ережелері. Факториал. Алгебра, 9 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Комбинаторика элементтері | Мектеп: Орал қаласы физика-математика бағытындағы НЗМ | |||||||
Күні: | Мұғалім: Айбулатова Р.Л. | |||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақтың тақырыбы: | Комбинаториканың негізгі ұғымдары мен ережелері. Факториал. | |||||||
Сабақтың түрі: | Жаңа білімді игеру | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 9.3.1.1 комбинаториканың ережелерін білу (қосу және көбейту ережелері); 9.3.1.2 cанның факториалы анықтамасын білу; | |||||||
Сабақтың мақсаттары | комбинаториканың ережелерін енгізу және элементтері қайталанатын таңдауларға берілген есептердің қойылуын түсіну; | |||||||
Жетістік критерийлері | - комбинаторика формулаларын білу; - есептер шығаруда формулаларды қолдана алады; - логикалық тұжырымдар жасай алады; - логикалық қорытындылар жасай алады; - комбинаторика есептерін шешуде аналитикалық тәсілдерді қолдана алады. | |||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика мен терминологияны қолданып, алмастыру мен теруге берілген есептерді шешуде қолданылатын формулаларды ауызша сипаттап айтады. Пәнге тән лексика мен терминология: алмастыру, реті, реттеу, орындарын алмастыру. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Мүмкін жағдайларды сипаттау үшін «мүмкін», «шығар», «ықтимал» секілді сөздерді қолдану. Мысалы, бірнеше орындыққа 5 адамды отырғызудың неше әртүрлі тәсілі бар? Сіз оларды ... тәсілмен ұйымдастыра аласыз, сондықтан ... . Егер менде тек х орындық болса, не болады? Егер сізде х орындық болса, оларды ... әртүрлі тәсілмен орналастыра аласыз, сондықтан ... . Егер х элементті белгілі бір тәсілмен реттесек, басқа тәсілдер болуы мүмкін бе? Егер х элементті басқаша тәсілмен реттесеңіз не болады? Нәтижесі қандай болу мүмкін? Жалғыз мүмкін тәсіл ... болуы мүмкін. | |||||||
Құндылықтарды дарыту |
| |||||||
Пәнаралық байланыстар | Географиямен, экономикамен байланыс | |||||||
АКТ қолдану дағдылары | ActivInspire қолдану. Интербелсенді тақтаны, интернет ресурстарын, калькулятор қолдану. | |||||||
Бастапқы білім | Логика, талдау, классификациялау. | |||||||
Сабақтың барысы | ||||||||
Сабақтың кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Басы 2 мин | Ұйымдастыру:
| 1-2 слайдтар | ||||||
Ортасы 5 мин 5 мин 5 мин 6 мин 12 мин | Топтық жұмыс: (Оқушылар мұғалім ұсынған түрлі-түсті таяқшаларды таңдау арқылы топтарға бөлінеді) Әр топ екі тапсырмадан орындайды. Мұғалім топтардың жауаптарын тыңдайды, қажет болған жағдайда түзейді және мадақтау арқылы топтарды бағалайды.
№1 есеп: Спортсмен сайысқа не майка, не футболка киеді. Егер оның 3 майкасы және 4 футболкасы болса, спортсмен не майка, не футболка таңдаудың неше тәсілі бар? №2 есеп: А және В қалаларын тікелей байланыстыратын жол жоқ. Турист А-дан В-ға не С арқылы, не D арқылы бара алады. А-дан С-ға жетудің екі әртүрлі, ал А-дан D-ға жетудің үш әртүрлі жолы бар. С-дан В-ға үш жолмен, ал D-дан В-ға екі жолмен жетуге болады. Туристтің А-дан В-ға жетуінің неше тәсілі бар? Әр топ есепті шешудің өз нұсқасын ұсынады. Барлық жұмыстарды талдай отырып, мұғалім оқушыларды комбинаториканың негізгі ережелерін түсінуге жетелейді. Қорытынды: Қосу ережесі Егер А элементін m тәсілмен, ал В элементін басқа n тәсілмен таңдауға болса, сондай-ақ А мен В өзара үйлесімсіз болса, онда А мен В жұбын m+n тәсілмен таңдауға болады.
Көбейту ережесі Егер қандай да бір А элементін m тәсілмен таңдауға, содан соң әр осындай таңдаудан кейін басқа В элементін n тәсілмен таңдауға болса, онда А мен В жұбын mn тәсілмен таңдауға болады. Bilimland.kz көрсетілімі (сыныппен ауызша талқылау) «Факториал» көрсетілімін талқылау.
Жұптық жұмыс. Өзара оқыту. Әртүрлі топтардың оқушыларынан жұптар құрылады. Тақырыпты бекіту үшін және теориялық материалды меңгеруін бағалау үшін тапсырмалар (Қосымша) беріледі. Оқушылар жеке жұмыстанады, бірақ оларға түсініксіз тұстарын сұрауға және жауаптарын жұбымен салыстыруға мүмкіндік беріледі. Қиындықтар туындаған жағдайда өзара оқытуды қолданыңыз: оқушылар жұбына тапсырманы шешуді түсіндіреді. Өзара тексеру дайын жауап бойынша жұбының жұмысын тексеру арқылы жүзеге асады. Өзара бағалау, өзара оқытудағы түсіндірулердің қолжетімділігі арқылы бағаланады. | 3-5 слайдтар 7-8 слайдтар №2-№3 Қосымша№1 | ||||||
Соңы 5 минут | Рефлексия. «Рефлексия рингі» Мен … білемін. Бүгін … білдім. Мен … жасай аламын. Мен … үйрендім. Енді … жасай аламын. … екенін түсіндім. Үй тапсырмасы. Шыныбеков А.Н. №595, 597, 608 | стикер | ||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Сабақ өзіне сенімсіз оқушыларды жұптық жұмыс арқыл қолдау негізінде құрылды. Олар жұптық жұмыста диалог арқылы жұбының көмегін алады. | Тапсырмаларды орындауға және талқылауға оқушылардың қатысуын бақылау бағалау. Жұптық жұмыстың прогресі мен кері байланысы арқылы кейбір оқушылардың жеке үлесін өлшеуге және кез-келген түсінбеушілікті анықтауға мұқият назар аударылады. | Оқушылар жаңа жағдайларды қарастыруда шығармашылық танытулры керек. Жұптық жұмыста белсенділік таныту арқылы жауапкерші-лікті сезінеді, жұбын мұқият тыңдауды үйренеді және ой бөлісіп, талқылауға қатысады. | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||
Қосымша №1
А тобы
1-тапсырма. Құмырада 5 конфет және 11 шоколад бар. 1 конфет пен 1 шоколад таңдаудың қанша тәсілі бар?
2-тапсырма. Маркасыз коверттің 5 түрі мен марканың 4 түрі бар. Хат жіберу үшін коверт пен марка таңдаудың неше тәсілі бар?
3-тапсырма. Есепте:
Б тобы
1-тапсырма. 0,1,2,3 цифрлары берілген. Берілген цифрларды пайдаланып неше төрт таңбалы сан құрастыруға болады? Санда цифрлары қайталануы мүмкін.
2-тапсырма. Сөреде 100 көркем шығарма және 35 оқулық бар. Қанша тәсілмен 1) 1 кітап; 2) 1 көркем шығарма мен 1 оқулық таңдауға болады?
3-тапсырма. Есепте:
В тобы
1-тапсырма. Мектеп асханасында бірінші тағамның 3 түрі, екіншінің 4 түрі және үшіншінің 3 түрі бар. Түскі асқа біріншінің, екіншінің және үшіншінің әр түрінен біреуден таңдаудың неше тәсілі бар?
2-тапсырма. 1; 3; 7; 6 цифрларынан (цифрлары қайталанбайтын) неше екітаңбалы жұп сандар құрастыруға болады?
3-тапсырма. Ықшамда:
Жауабы:
А тобы | Б тобы | В тобы |
1.55 2. 20 3. 204 |
|
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру