«Достар әні» Фариза Оңғарсынова. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, дидактикалық материал.


1-қосымша

Достар әні

Ақ қарамыз, сарымыз.

Тату доспыз бәрiмiз.

Достық жайлы ән салып,

Шырқатайық кәне бiз.

Жүзiмiзге қараңыз,

Бал бұл жанған баламыз.

Бiзге қымбат күн шуақ,

Бiзге қымбат Анамыз. –

Күннiң нұрын сүйемiз,

Қырдың гүлiн сүйемiз.

Бiздi ойнатып тәтелер,

Күлдiргенiн сүйемiз.

Балдырғанбыз арай жүз,

Бал-бұл жанып қараймыз.

Ойыншықтар бiздерде,

Көп болғанын қалаймыз.

Таласпаймыз бiз бiрақ,

Отырмаймыз тұнжырап.

Қуысамыз көгалда,

Жүгiремiз құлдырап.

Ән саламыз күнде бiз,

Шаттық толы iргемiз.

Бiз мәңгiге достармыз,

Бiз мәңгiге бiргемiз.

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

Ортақ болсын асар тау,

Жеміс толы бақша- бау.

Болсын жер мен су ортақ,

Болсын бізге ну ортақ.

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз!

Достық бізге тым ыстық,

Бірлік – байлық, ырыс – құт.

Жарқырасын күніміз,

Жаса, жаса тыныштық

Заман жаңа,ел жаңа,

Күлімдейді кең дала,

Өз Астанам- өз Ордам,

Сүйенерім сен ғана !

Ақ қара деп алдымен,

Елім бөлмес адамды,

Дәстүр, өнер, салтымен

Таңқалдырған ғаламды.

Фариза Оңғарсынова

Қосымша 2

Қосымша 3

Қосымша 3

Қосымша 4

http://videopas.info/onlain/smotretjSDlKckx5b1lCdGs

Қосымша 5

Қосымша 6

[attachment=26344:didaktikaly-materialdar-krkem-shyarma-jelementterin-salystyru.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу