Тыңдарманның назарын аударту. Фариза Оңғарсынова «Зергер» . Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мамандықтар әлемі Күні: Сынып: 4 | Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы, Халықаралық мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Жанбосынова Н.С. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | 1.4 Тыңдарманның назарын аударту Фариза Оңғарсынова «Зергер» | |||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | 4.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану, презентация, видеоролик жасау 4.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу, теріп оқу, шапшаң оқу | |||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, сөйлеу барысында иллюстрацияларды қолданады. Көптеген оқушылар: шығарманы рөлге бөліп оқиды, сөйлеу барысында иллюстарция қолданып, кейіпкрлерін сипаттайды; Кейбір оқушылар: рөлге бөліп сахналайды, кейіпкерлердің мінез- құлқы мен іс- әрекетіне баға береді, өз ойын дәлелдейді. | |||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Балқытып, сапырады, қайран, таралғы,мүгені, илеген, мұрадай | |||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Бұл сабақта оқушылар өнердің бәрі адам баласына қажет дүние екенін, алуан түрлі қазақтың ұлттық сәндік бұйымдар мен әшекей заттарды құрметтей білу құндылықтары жайлы түсінік алады. | |||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өз ойын жеткізуде сөйлемдердің байланысын сақтау кезінде қазақ тілі пәнімен,қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдарының пайдасын білу арқылы дүниетану пәнімен байланыс жасайды. | |||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта, https://www.youtube.com/watch?v=R-ICI3EtePM | |||||||||||||||||
Бастапқы білім | Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қояды, рөлге бөліп оқиды. | |||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||
Сабақтың басы 1-6 мин | Ширату тапсырмасы «Сиқырлы қоржын» ойыны. Оқушыларға арнайы дайындалған қоржыннан зергерлік бұйымдарға байланысты сурет қиындыларын таңдау ұсынылады. Таңдаған суреттің екінші бөлігін сыныптағы оқушылардың бірімен сәйкестендіріп, шыққан сурет бойынша жұптасып екі сөйлем айту тапсырылады. Суреттер үлгілері: Сырға, шолпы мен шашбау, білезік, сақина, қапсырма, белдік,алқа т.б. Бастапқы білімді қайталау (МК, Ж) «ББҮ» стратегиясы Әр жұпқа стратегия бойынша кесте таратылады. Оқушылар белгіленген уақыт арасында жұптасып қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдар тақырыбына байланысты өз білімдеріне сүйене отырып кестенің екі бөлігін толтырады. Аяқтаған соң қорғау ұсынылады.
Саралау. Қарқын тәсілі арқылы саралау жоспарланады. Тапсырманы орындау кезінде қарқыны жылдам жұп ескеріліп, тақырып бойынша қосымша сұрақтар құрастыртуды ұсынуға болады. ҚБ. Оқушыларды сабаққа ынталандыру үшін «Басбармақ» тәсілі арқылы әр жұптың білімдері өзара бағаланады. Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру. Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру. | Слайд №1-4 Қосымша 2 | ||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 7-14 минут 15-20 минут 21-29 мин 30-37 мин | (МК,Ұ) https://www.youtube.com/watch?v=R-ICI3EtePM Қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдары бейнеролигін көрсету. Бейнеролик желісімен қазақтың зергерлік бұйымдары туралы пікір алмасу. 1-тапсырма Фариза Оңғарсынованың «Зергер» Білесің бе бұл істі Зергерлікке кім дайын? Балқытып ап күмісті, Сапырады су дайын. Осы жұмыс ырғағы, Білезік пен алқаны, Сақинаны, сырғаны Күміс сымнан тартады. Көрсең қайран боларсың- Мақтанышы ол бір елдің. Күмістейді тағасын, Таралғы мен жүгенін. Демеңіздер бұл қалай, Күмісті де илеген ... Осы өнерді мұрадай Зергерлерден үйренем! (Ж; ЖЖ;Т) Оқушыларға өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу ұсынады. Оқу барысында түсініксіз сөздерді түртіп, белгілеп отырады. Түсініксіз сөздердің мағынасын сөздіктен қарайды: Балқытып- қатты күйден сұйық күйге айналу, еру Сапырады- сұйық затты жоғарыдан төмен қарай ағызу, құю Қайран- әттең, шіркін Таралғы –үзеңгіні ерге жалғастыратын, айылбасы бар қайыс бау, тұрман Жүгені- бір нәрсені ырыққа көндіру, бағындыру Илеген- нәрсені жұмарлау, езу Мұрадай- ежелден келе жатқан мәдени нұсқалардәптерлеріне жазады. Оқушыларға үш бөліктен тұратын кесте таратылып беріледі.
Оқушылар кестенің бірінші бөлігін толтырады,дәлелін жазады және қорытынды бөлімін жазады. Жеке, жұпта, топта талқыланады, өз ойларымен бөліседі. Осыдан кейін өлең оқылады. Толтырылған кестемен салыстырылады. Сұрақтар қойылады. - Мына заттардың атауларын атаңдар - Алқа, білезік, жүзік. - Бұл әшекей бұйымдар неден жасалған деп ойлайсыңдар? - Алтыннан, күмістен - Осы заттарды жасаған кісіні кім деп атайды? - Зергер - Зергердің ұстадан айырмашылығы бар ма ? - Бар болса, ол екі кәсіпті салыстырыңдар Балалар кәсіпті салыстырады./ Венн диаграммасын пайдаланады/.
Оған қандай дәлел бар? Бұл қай кәсіп жайында айтылғанын анықтайды. Зергер қандай адам? / Оқушылар өз ойын қорытады./ Епті Зергер Шыдамды Саралау. Қабілеті жоғары 1-2 оқушыға дауыстап оқытуға болады. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. (Б) Оқушылар өзін –өзі бағалайды. 2- тапсырма (Т) Оқушыларға қолөнер тақырыбында мақал- мәтелдер айтқызу, мағынасын ашу ұсынылады. « Ұста, ұстандан нұсқа», «Шебердің қолы көпке ортақ», «Өнерлінің қолы алтын...», т.б. Саралау: үлгерімі төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі. (Б) «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағаланады. 3- тапсырма «Сақина салу» әдісі1) Өлеңде қай мамандық жөнінде айтылған?2) Зергер не істейді?Зергерлік бұйымдарды ата. /Сырға, білезік, алқа, т.б./ Ұсталық бұйымдарды ата. Саралау: Оқушының логикалық ойлауы дамиды, жылдам ой түйіндейді. (Б) Тапсырманы өте жақсы шешкен оқушыны қол шапалақтау арқылы бағалау. 4- тапсырма5 жолды өлең1. Зергер Зат есім /1 сөз/2. Өнерлі, шебер Сын есім /2 сөз/3. Жасанды, қиынды, сәндеді. Етістік /3 сөз/4. Зергер сақинаны жасап болды Сөйлем /4 сөз/5. Ұста Мағыналы /1 сөз 1.Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. 2.Жазғандары бойынша барлық ұжымға өз еріктері бойынша немесе «Кездейсоқ таңдау» әдісі арқылы оқып береді. Саралау: Тапсырма барлық оқушыға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушыларға мұғалім тарапынан көмек көрсетіледі. Б: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағаланады. (ҚБ) дескриптор: -сөйлеу барысында мақал- мәтелдері, нақыл сөздер қолданады; -өз ойын айтады; -сөйлемдерді байланыстырап жазады; -орфографиялық, пунктуациялық нормаларды сақтайды. Үйге тапсырма: Зергерлік бұйымдардың суретін салу. |
Слайд №5 Қосымша 1 Түсіндірме сөздік Слайд №5 Қосымша 1 Слайд №6 Слайд №7 | ||||||||||||||||
Сабақтың соңы 38-40 мин | Рефлексия. Оқушылар сабақ туралы өз ойын сткикерге жазып, жапсырады. Мені таң қалдырды Сұрағым бар Маған ұнамады (сұрақ қояды) (ұсынысым бар)
| Слайд №8 | ||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||
Тапсырманы орындау кезінде қарқыны жылдам жұп ескеріліп, тақырып бойынша қосымша сұрақтар құрастыртуды ұсынуға болады. «Тапсырма бойынша саралау» жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі. | «Басбармақ» тәсілі .Өзін –өзі бағалау, «Қошеметтер», «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі Дескриптор: -сөйлеу барысында мақал- мәтелдері, нақыл сөздер қолданады; -өз ойын айтады; -сөйлемдерді байланыстырап жазады; -орфографиялық, пунктуациялық нормаларды сақтайды. | |||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
| ||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік, қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?