«Даладағы жауын» Әдібай Табылды. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, дидактикалық материал.
Даладағы жауын
Әдібай Табылды
Жонынан ат жүргендей,
Бұлт сөгілді шартылдап;
Күн қойнына кіргендей,
Жарқ етті бұл атырап.
Жалғыз басын қорғалап,
Шошып кетті кесіртке;
Аласұрып жорғалап,
Жасырынды кесекке.
Қонды гүлге көбелек,
Жалпылдайды сасқанда;
Қанаттарын жебелеп,
Бозторғай тұр аспанда.
Жауын жауды сатырлап,
Шомылдырып көгалды;
Тұна қалды атырап;
Бозторғай да дем алды.
Ырғалды көп жапырақ:
Желге билеп тұрғандай.
Жауын жауса, жапырлап,
Ду шапалақ ұрғандай.
1-қосымша
2-қосымша
Өлеңі бойынша сұрақтарға жауап беріңдер:
- Өлеңнің мазмұнына назар аудар
- Маңызды тұстарын анықта
- Сұрақтарға жауап береді.
- Бұлт қалай шартылдады?
- Атырап қалай жарқ етті?
- Гүлге көбелек қалай қонды?
- Жауын жауғанда табиғат қалай өзгереді?
3-қосымша
Рөлге бөлініңдер.
Баяндаушы
Сұрақ қоюшы
Дәнекерлеуші
Із кесуші
4-қосымша
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?