«Даладағы жауын» Әдібай Табылды. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.


 Бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер

 Сабақ тақырыбы: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу. «Даладағы жауын» Әдібай Табылды

 

 Оқу мақсаттары:

 3.3.2.1* шығарма кейіпкеріне хат, ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту), өлең (төрт жолды), әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу

 3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқу

 

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: өлеңді мәнерлеп және қажетті ақпаратты белгі қойып оқиды, төрт жолды өлең жазады.

 Көптеген оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын анықтауда өзіндік ойын түсіндіре алады.

 Кейбір оқушылар: өлең туралы білетін білімін пайдалана алады.

 

 Бағалау критерийлері

 өлеңді мәнерлеп және қажетті ақпаратты оқиды

 төрт жолды өлең жазады

Сабақ барысы

 

І. Сабақтың басы:

Сабақ басында ширату тапсырмасы «Суретті жұмбақ» әдісі арқылы оқылатын өлеңнің мазмұнын анықтаудан басталады. Екі суретке не ортақ? Оқушылар екі топқа бөлінеді, топтар сурет бойынша өз ойларын ортаға салады. (Екі топ өз ойларынан қорытынды шығарады, жауын туралы туралы өлең оқитындарын айтып түсіндіреді)

 Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады: өлеңді мәнерлеп және қажетті ақпаратты теріп оқиды, логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құрады. Бағалау критерийімен таныстыру.

ІІ. Сабақтың ортасы:

 

 1-тапсырма

 1. (МК, Ұ) «Моделденген оқылым» әдісімен Әдібай Табылдының «Даладағы жауын» өлеңін мұғалім дауыстап оқиды.

 2. (Ө) Өлеңді оқушыларға іштей оқуды тапсырыңыз.

3. Барлық оқушылар өлеңді оқып болғаннан кейін, оқу тілін зерделей алуға жұмыс жүргізіледі, мысалы: түсініксіз сөздерді түсіндіріледі. (жонынан ат жүргендей, тұна қалды).

 3. Оқушылардан өз ойларын, пікірлерін пысықтау үшін немесе автордың жазғанын ой елегінен өткізу үшін өлеңді қайта шолу тапсырылады.

 4. Қажеттілігіне қарай өлең бойынша бірнеше сұрақтар қойылады.

  •  Бұлт қалай шартылдады?
  •  Атырап қалай жарқ етті?
  •  Гүлге көбелек қалай қонды?
  •  Жауын жауғанда табиғат қалай өзгереді?

 Саралау: «Қарқын арқылы саралау» жүргізіледі. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі.

 Б: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Екі жұлдыз –жұмыс туралы екі ұнаған нәрсе. Тілек – жақсартуды қажет ететін нәрсе.

 2-тапсырма

  (Т,Ж).«Ролдегі оқушылар» әдісі бойынша төрт топ жұмыс жасайды.

  •  Баяндаушылар оқулықтағы өлеңді оқып баяндайды.
  •  Сұрақ қоюшылар ашық сұрақтар қарастырады.
  •  Дәнекерлеушілер өмірмен байланыстырады.
  •  Із кесушілер қызықты мәліметтерді табады.

 Саралау: барлық оқушылар сұрақтарға жауап беру ұсынылғанда диалог және қолдау көрсету арқылы саралау жүргізіледі.

 Б: «Бас бармақ» әдісі. Бас бармақтарын көрсету арқылы түсіндіргенді олардың ұғу деңгейі тексеріледі.

 Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін.

 Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін.

 Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім.

 3-тапсырма

  ) «Даладағы жауын» өлеңінің шумақтары бойынша суреттер салады. Топтар өзара өлең шумақтарын бөліп алып, суреттерді салады.

 1-шумақ «Шатырлаған күн»

 2-шумақ «Шошып кеткен кесіртке»

 3-шумақ «Көбелек пен Бозторғай»

 4-шумақ «Су болған жапырақ»

 Салынған суреттерді «Галереяда ой шарлау» әдісі арқылы қортындылап, бағаланады.

 Саралау: «Қорытынды» тәсілі арқылы көмек көрсетіледі. Барлық оқушы бірдей тапсырма орындаса да, нәтижелері әр түрлі болады.

 Б.: «Ауызша кері байланыс» «Жарайсың», «Керемет», «Жақсы». Осы кері байланыс арқылы оқушылар өздері пайдалана алатын кері байланыс тілін қалыптастырады.

 4-тапсырма

 1. Өлең мазмұны бойынша даладағы жауын туралы не білдің?. Өзіңнің таңдауың бойынша салған суреттердің бірін пайдаланып, төрт жол өлең жаз.

 2.Алдымен олар ойларын бөлісіп, алдында орындалған тапсырмалар бойынша дайындалады. Жұмыстарын тыңдап, бағыт беріңіз. Кейбір оқушыларға өлең ұйқастарын беріңіз. Оқушылардың ықтимал жауаптары:

 3. Өлеңді әр оқушының жеке жазуын сұраңыз.

Саралау мүмкіндіктері. Оқушылардың қабілеттеріне қолдау көрсетіп, бағыт беріңіз.

 Б.«Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады.

 

ІІІ. Сабақтың соңы:

 Рефлексия: ««Жетістік баспалдағы» әдісі 

 Оқушылар стикерлерге тақырыпқа қатысты 5 сөйлем жаз. Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқарт. Соңында 5 сөзді 1 сөзге қысқарт. Түйінді сөзіді оқы.

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.

 

 

[attachment=26317:nsauly-shyarmany-trli-zhanry-bojynsha-shyarmashyly-zhmys-zhazu-5.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу