Тыңдарманның назарын аударту. «Қызық дәстүр» Әдібай Табылды. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, дидактикалық материал.


  • Қосымша

Қызық дәстүр

 Алпамыс ізетті, ілтипатты бала. Ол атасына ұқсап үнемі күлімдеп жүреді. Сондықтан да атасы оны «атасының панасы, әкесінің баласы» деп еркелетеді. Атасы – асауды құлағынан тартып үйретіп жүрген жылқышы. Анада ол:

 – Алпамыс, сен бес жастасың. Осы жайлауда сені атқа мінгізіп, той жасаймыз, – деді.

 – Былайша да атқа мініп жүрмін ғой, ата...

 – Қазақта баланы атқа мінігізіп, той жасайтын қызық дәстүр бар.

 – Мен қандай атқа мінемін, ата?

 – Өзіңнің бәсіреңе – көк дөненге мінесің.

 – Алақай! Көк дөнен жуас! – деп, Алпамыс қуанып кетті.

 Алатаудың гүлді бақтай жасыл жайлауында, ақ шағаладай ауылда той басталды. Көрші ауылдардан, қаладан келген ағайындар:

 – Атқа мінгізу тойы құтты болсын!

 –Тарлан мінген Алпамыс, тақымың мықты болсын!

Тізгінің түзу болсын! Санаттағы сарбаз бол! – деп, құттықтады.

 Алпамыстың атасының қуанышы қойнына сыймай жүр. Көкесі көк дөненді көлденең тартып, ақжарқын көңілмен Алпамысты атқа мінгізу дәстүрін орындады.

 Күміс ертоқымды, қос айылды ер тұрмандарының жарасымына қуанған аңқылдақ атасы, әуелі көк дөненнің тізгінін өз қолына алды:

 – Әуп, бисмиллаһи рахмани рахим! Жолың болсын, балапаным! – деді атасы.

 – Қызыр бабам тізгініңнен ұстасын! – деді көкесі.

 – Алла тағалам ақ жолын берсін! – деді әжесі. Сөйтіп, шашу шашты.

 Жалы желбіреген торы қасқа айғырына мінген атасы:

 – Ер соңымнан, жарығым! – деп, қуанғаннан көзіне жас алып, көк дөненді тізгінінен тартып, желдіре жөнелді. «Алпамыстың атасы жылқышы ғой, қаршадай болса да, баланың атқа отырысы жақсы екен» деп, жұрт кішкентай шабандозға риза болып тұр.

 – Ат міністі болсын, Алпамыс.

 – Өзің де Алпамыстай батыр бол.

 – Ел қорғайтын азамат бол! – деп, біз Алпамыстың атқа отырысына қызыға қарадық. Жас шабандоз мәреден шауып келгенде, біз ұрандап, қол соқтық.

 Тойда дөнен жарыс болды. Дөнен жарыста Алпамыстың көк дөнені озып келді. Біз Алпамыстың қуанышына құтты болсын айттық.

Әдібай Табылды

2 қосымша

3-қосымша

3-қосымша

4-қосымша

5-қосымша

6-қосымша

Мақал-мәтел

Мағынасы

Тай атқа жеткізер,

Ат мұратқа жеткізер.

 

Ер канаты – ат.

 

Атқа жақсы шаба біл, Өнеге-өнер таба біл, Аймағыңа жаға біл! 

 

[attachment=26336:didaktikaly-materialdar-tydarmanny-nazaryn-audartu.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу