Тыңдарманның назарын аударту. «Қызық дәстүр» Әдібай Табылды. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Демалыс мәдениеті. Мерекелер

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Қарағанды қаласы

Мұғалімнің аты-жөні:Шадетова А.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

1.4 Тыңдарманның назарын аударту

«Қызық дәстүр» Әдібай Табылды

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/ көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану

3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: сөйлеу барысында иллюстрацияларды қолдана алады;

Көптеген оқушылар: иллюстрациялар бойынша әңгімелеуде мақал-мәтелдерді қолдана алады.

Кейбір оқушылар: мақал-мәтелдерді не қолданғанын тұжырымдарын негіздей алады.

Бағалау критерийлері

  • сөйлеу барысында иллюстрациялар қолдана алады;
  • сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады;

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыста бір-біріне құрмет көрсетеді, ынтымақтастықтарын нығайтады.

Жеке жұмыс кезінде еңбек ету және шығармашылық құндылықтары қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Салт-дәстүр, мерекелер туралы дүниетану пәнінен алған білімдерін ұштастыра алады.

АКТ қолдану дағдылары

Сабақ мазмұны бойынша слайд, АКТ мүмкіндіктері қолданылады.

Бастапқы білім

Сөйлеу барысында суреттерді қолдана алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

Ширату тапсырмасы.

1. «Үш пікір» әдісі. «Атқа мінгізу дәстүрі» деген не?

Осы тақырып төңірегінде әр оқушының 3 пікір айтуына мүмкіндігі бар. Ол үшін қолдарына 3 таяқша (шпажка, т.б. майда заттар) беріледі. Пікірлерін айтқан сайын қолдарындағы заттарын ортадағы коробкаға тастап отырады.

Сабақ мақсаты: сөйлеу барысында иллюстрациялар қолданып, сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады. Бағалау критерийімен таныстыру.

Слайд № 2-4

Қосымша№ 2

Сабақтың ортасы

05-12 мин

13-22 мин

23-30 мин

23-30 мин

1-тапсырма

«Суреттер сөйлейді» әдісі.

Суреттер бойынша әңгіме құрастыр. Оқушыларға «Аттың үстіндегі бала» бейнеленген суреттер беріледі. Оқушылар олардың іс-әрекетіне қарап шағын әңгіме құрастырады.

Құрған әңгімелерін «Автордың орындығында» отырып айтып береді.

Саралау: Мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады.

Б.: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады.

2-тапсырма

«Атқа мінгізу» дәстүрі туралы мәтіннен тауып оқы.. Ол үшін бір-екі мысал көрсетіңіз.

1. Мәтінді түсіп оқып шығуға уақыт беріңіз.

2. Алдыңғы тапсырмадағы сұрақтың жауабы бар ма, барлық топпен анықтап өз пікірлерін білдірулерін сұраңыз.

3. Келесі сұрақтардың жауабын сұраңыз:

  • Әңгіме қалай басталды?
  • Автор той өтетін жерді әңгімеде қалай суреттеген, тауып оқы.
  • Атасы неліктен Алпамысқа той жасады деп ойлайсың?
  • Әңгімеде қазақтың қандай дәстүрі жайлы айтылады?
  • Әңгіме саған қалай әсер етті?

Саралау мүмкіндіктері. Қабілеті төмен оқушылар мәтінді оқып шығады және өз сөздерімен ойларын айта алады, ал қабілетті оқушылардың жауаптарының ерекше болып, өз бетінше тұжырымдалуын жəне бастама көтеруге ұмтылуын қолдаңыз.

Б: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Екі жұлдыз –жұмыс туралы екі ұнаған нәрсе. Тілек – жақсартуды қажет ететін нәрсе.

3-тапсырма

(Ұ,Т.) «Тұжырымдамалық шеңбер» әдісі.

1.«Тұжырымдамалық шеңберді (қағаздың ортасына шеңбер сызып, жан-жағындағы сызықтарға ойларын жазады), мәтіннен «Атқа мінгізу» дәстүрі туралы не білдің? Білгеніңді жазып ал» деген тапсырма беріледі.

2.Алдымен олар топтарымен ойларын бөлісіп, талқылайды.

3.Берілген «графикалық органайзерді» А3 форматындағы қағазға сызып, мәтіннен алынған ақпараттарды жазады.

4. Топтарды тыңдап, жетістіктерін бағаланады.

Саралау мүмкіндіктері. Қабілеті төмен оқушыларға жетекші сұрақтар қою арқылы көмек беріңіз, ал қабілетті оқушыларға жоғары деңгейлі ойлау дағдысын қажет ететін сұрақтар беріңіз.

Б.: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады.

4 – тапсырма

«Мағынасын аш» әдісі

Мақалдың мағынасын ашып, қай жерде қолдануға болатынын түсіндір.

1. Алдымен олар топтарымен ойларын бөлісіп, не білетіндерін талқылайды. Олар өз жауаптарын мұғалім ұсынған флипчарт қағаздың сол жақ бағанына толтырады.

Мақал-мәтел

Мағынасы

Тай атқа жеткізер,

Ат мұратқа жеткізер.

Ер канаты – ат.

Атқа жақсы шаба біл, Өнеге-өнер таба біл, Аймағыңа жаға біл! 

2. Топтар жазғандарын басқа топтарға ұсынады. Оқушылар жазылған кестені талдап, жауаптарын жазады.

3. Мұғалім оқушылардың жауаптарын кестеге толтырған соң, сұрақтардың жауабы бойынша статистика жүргізеді де, ең аз ақпараты бар топтардан сұрауды бастайды. Барлық сұраққа жауабы бар топтар тыңдалады.

Саралау мүмкіндіктері: Қабілеті төмен оқушылар дереккөздерді қарап 1-2 ақпарат алуына қолдау көрсетіңіз, ал кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.

Б: Бұл тапсырма «Жапондық бағалау» әдісі (оқушылар бір-біріне баға береді) арқылы бағаланады.

Слайд № 5

Қосымша № 3

Слайд № 6

Қосымша № 1

Слайд № 7

Қосымша № 5

Слайд № 8

Қосымша № 6

Сабақтың соңы

37-40 мин

Рефлексия: «Карточкалар иерархиясы» әдісі.

Оқушылар тақтаның немесе қабырғаның жанында жұмыс істейді. Немесе топтарға үстел басында жұмыс істеуге болады.

Жұмыс алгоритмі:

1. Шағын топтардағы оқушыларға бірнеше карточкалар беріледі:

  • мәтінді түсініп, оқи алдым;
  • сөйлеу барысында суреттерді қолданып, түсіндіре аладым
  • сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолдана алдым

2. Оқушылар оларды маңыздылық/басымдығына қарай орналастырады. Оларды тігінен немесе қатарлап

қоюға болады.

3.Бұдан кейін оқушылар сынып ішінде сұрақты талқылауды бастар алдында бір бірінің рейтингілерін салыстыра алады.

Слайд №9

Саралау

Бағалау:

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1 тапсырма – «Дереккөздер арқылы саралау». Мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады.

2 тапсырма – «Диалог және қолдау көрсету. Қабілеті төмен оқушылар мәтінді оқып шығады және өз сөздерімен ойларын айта алады, ал қабілетті оқушылардың жауаптарының ерекше болып, өз бетінше тұжырымдалуын жəне бастама көтеруге ұмтылуын қолдаңыз.

3 тапсырма – «Қарқын арқылы саралау». Қабілеті төмен оқушыларға жетекші сұрақтар қою арқылы көмек беріңіз, ал қабілетті оқушыларға жоғары деңгейлі ойлау дағдысын қажет ететін сұрақтар беріңіз.

4 тапсырма – «Дереккөз» арқылы саралау». Қабілеті төмен оқушылар дереккөздерді қарап 1-2 ақпарат алуына қолдау көрсетіңіз, ал кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.

Дескриптор:

  • берілген суреттер бойынша ойларын ортаға салады;
  • мәтінді оқиды;
  • кесте толтырады
  • нақыл сөздің ерекшеліктерін анықтайды

Сабақ бойынша рефлекс



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу