Халық ұстазы. Қ.Сәрсекеев «Бала Ахмет». Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Атақты тұлғалар

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласы, №54 мектеп-лицей

Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г. А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Халық ұстазы

Қ.Сәрсекеев «Бала Ахмет»

Оқу мақсаттары

3.1.2.1* шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау;

3.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру;

3.2.1.2 Шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу.

Сабақ мақсаттары

Барлық: шығарманың мазмұнын өз сөзімен айтады;

Көптеген оқушылар: шығарманы құрастырған жоспар бойынша толық мазмұндайды, мәтіннен қажетті ақпаратты түртіп алып оқиды; мәтінді құрылымдық бөліктерге бөледі;

Кейбір оқушылар: мәтін бөліктеріне ат қояды, жоспар құрастырады.

Бағалау критерийлері

  • мәтінді түртіп алып оқиды;
  • мәтін мазмұнын жүйелі баяндайды;
  • сөздерді мағынасына сәйкес орынды қолданады;
  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • мәтіннің мазмұнын құрастырған жоспары бойынша айтады;
  • мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды;
  • мәтін бөліктеріне тақырып қояды.

Тірек сөздер

Оқушылар:

Мәтінді түсініп оқиды. Оқығаны бойынша өз сөзімен мазмұндайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Сарытүбек, Зерделі бала, Есенжол Жанұзақұлы, Сейдахмет, пікір, жоспар, сипаттау.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Сейдахмет ақын Ахмет туралы не дейді?

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық өмір бойы білім алуға ынталандырады, еңбек пен шығармашылық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған. Құндылықтарды қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін орнату, қабілеті төменірек оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Ел-жер атауларын тани алуы барысында дүниетану пәнімен байланыс пайда болады. Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтауда, жоспар құруда қазақ тілі пәнімен байланыс пайда болды.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игерулері

Оқушылар атақты тұлғалар туралы біледі. Жоспар құра алады, жоспар бойынша мәтінді өз сөзімен таңдауына қарай немесе толық мазмұндайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 минут

Ширату тапсырмасы.

Оқушыларды геометриялық фигураларды таңдау арқылы (артқы бетінде топ аттары жазылған)3 топқа біріктіреміз.

І топ. Ақын

ІІ топ. Ұстаз

ІІІ топ. Ғалым

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.

Геометриялық фигуралар, интербелсенді тақта,қосымша 1-3

Слайд 1,2,3

Сабақтың ортасы

4-10 минут

11-20 минут

21-25 минут

26-31 минут

32-37 минут

  • 1-тапсырма

(МК, Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы Ахмет Байтұрсынов туралы білетіндерін бөліседі.

Үлгі: Ақын, ғалым, ұстаз, аудармашы, «Әліппе» авторы, 1872- 1937жж

«Идеяларды толықтырамыз» әдісін сүйеніп берілген пікірлерді пайдаланып мұғалімен көмегімен Ахмет Байтұрсынов туралы әңгімелейді.

  • Ахмет Байтұрсынұлы – халықтың рухани көсемі. (М. Әуезов)
  • Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін. (С.Сейфуллин)
  • Біз бүгін Ахаңның «Әдебиет танытқышы» Аристотельдің «Поэтикасымен» салыстырар едік. Мұның мәнісі – екеуі де: бірі – грек әдебиетінің, екіншісі – қазақ әдебиетінің әліпбилері. (З. Қабдолов)
  • Ахмет Байтұрсынұлы – біріншіден, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Соңынан із қалдырған жаңашыл ағартушы.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды

2 - тапсырма

(Ө, Т, МК) «Бағытталған оқу» әдісіне сүйеніп мәтінді түсініп оқиды.

  • Мәтін мазмұнын баяндайды.
  • Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. Үлгі сұрақтар:

Ахметтің дүниеге келген жерінің атауы?

Ахмет қандай еді?

Ахметтің өсуіне әсер еткен ақындарды ата.

Оның ұстаздық жолына түсуіне әсер еткен кім?

Сейдахмет ақын Ахмет туралы не айтты?

Сейдахмет ақынның үміті ақталды ма?

  • Жоспар құрады, жоспарға сүйеніп әңгімелейді.

Жоспар:

  • Ахметтің туған жері
  • Ахметтің ұстаздары
  • Ы.Алтынсариннің ықпалы

«Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

  • мәтінді түсініп оқиды;
  • мәтін мазмұнын жүйелі баяндайды;
  • сөздерді мағынасына сәйкес орынды қолданады;
  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
  • мәтіннің мазмұнын өз сөзімен айтады.
  • құрастырған жоспары бойынша әңгімелейді.

3-тапсырма

(МК, Ө) «Кубизм» әдісі арқылы мәтінге сүйене отырып Ахметті сипаттайды.

Үлгі: алғыр, қабілетті, зерделі, ынтасы зор, ақылды, зерек.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.

(Б) Жасыл түс – толық сипаттай алдым

Қызыл түс – кей қырларын аша алдмадым

Сары түс – мәтінге сүйеніп сипаттауым толық емес

4 - тапсырма

(МК, ЖЖ) «Үш қадамдық сұхбат» әдісі арқылы мәтінде «Сейдахмет ақын артқан үмітті Ахмет ақтады ма?» өз ойы мен сезімін, көзқарасын білдіреді

Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады. Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.

(Б) «Отшашу» әдісі арқылы бағалау

5 - тапсырма

(МК, Ө) «Кластер» стратегиясына сүйеніп пікірлерді пайдаланып топ алдында сөйлейді.

  • Ахмет Байтұрсынұлы – ақын.
  • Ахмет Байтұрсынұлы – ұстаз.
  • Ахмет Байтұрсынұлы – ғалым.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі

(Б) «Жапондық бағалау» әдісі арқылы оқушылар жұптық жұмысты бағалайды.

«ООО»- тамаша

«МММ» - жақсы

«Сұқ саусақ» -келісемін

«Екі саусақты» -сұрағым бар

интербелсенді тақта,плакат, маркер, қосымша 4

Слайд 4, 5

Ахмет Байтұрсынов суреті.

Оқулықтың 62-63-беттері, интербелсенді тақта, түсті қарындаш, түсіндірме сөздік.

Слайд 6

Слайд 7

Оқулық 62-63 беттер

Слайд 8

Слайд 9

Оқулық, плакат. Интербелсенді тақта, маркер, суреттер

Сабақтың соңы

38-40 минут

«Тау шыңы»

Таудың басы–егер барлығын түсінсең, келесі оқушыға түсіндір.

Таудың ортасы- барлығын түсіндім, бірақ түсіндіруге қиналамын

Таудың етегі – маған барлық тапсырмалар қиын.

Нұсқау: Оқушылар сабақты қорытындылау мақсатында осы реттілікпен қорытады.

Қосымша 5

Слайд 10

Саралау

Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет.

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

2,3,4 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» негізінде «Кубизм», «Кластер», «Бағытталған оқу» әдістер арқылы тапсырмалары орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

«Уақыт арқылы саралау» негізінде «Миға шабуыл» әдісі арқылы тапсырма орындалады. Бұл тапсырма кезінде пікірлерді дәлелдеуде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.

Өзін –өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы, «Бағдаршам», «Шапалақ», «Отшашу», «Смайлик» әдісі

Дескриптор:

  • мәтінді түсініп оқиды;
  • мәтін мазмұнын жүйелі баяндайды;
  • сөздерді мағынасына сәйкес орынды қолданады;
  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
  • мәтіннің мазмұнын өз сөзімен айтады.
  • құрастырған жоспары бойынша әңгімелейді

Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
» Мұғалімдер ұрлап жатыр: Петропавлда осындай жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды.
» 🏡Үй алуды мақсат еткендерге тағы бір жағымды жаңалық😍
Пікір жазу