Қазақтың бұлбұлы. Қанабек Бәйсейітов «Күләш». Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.


Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Атақты тұлғалар

Сабақ тақырыбы:Қазақтың бұлбұлы. Қанабек Бәйсейітов «Күләш»

Оқу мақсаттары:

3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау;

3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, мазмұнын айтады;

Көптеген оқушылар: мәтінді бөліктерге бөліп, ат қояды, мәтіндегі негізгі ойды анықтай алады;

Кейбір оқушылар: мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады, мәтін бөліктеріне ат қояды, жоспар құрастырады.

Бағалау критерийлері

мәтінді түсініп оқиды;

мәтіндегі негізгі ойды білдіретін сөйлемді анықтайды;

мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды;

әр бөлікке тақырып қояды;

жоспар құрастырады.

Қажетті ресурстар: оқулық, маркер, плакат, түсіндірме сөздік.

Сабақ барысы

Сабақтың басы

Ширату тапсырмасы.

Оқушыларды қазақ әншілері есімін құрастыру арқылы 4 топқа біріктіреміз.

(Күләш// Бәйсейітова //Бибігүл //Төлегенова //Роза //Бағланова //Майра //Ілиясова есімдерді әр параққа жекелеп жазады)

І топ. Күләш Бәйсейітова

ІІ топ. Бибігүл Төлегенова

ІІІ топ. Роза Бағланова

ІҮ топ: Майра Ілиясова

Әншілер туралы әңгімелейді. (алдын ала тапсырма беріледі)

Қосымша ақпарат:

Күләш Жасынқызы Бәйсейітова (1912-1957) — қазақтың әйгілі әншісі (лирика-колоратуралық сопрано), қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. КСРО халық әртісі (1936). КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1948-1949).Туып-өскен жері – Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Топырақ бұйырған жері – Алматы қаласы.

Бибігүл Ахметқызы Төлегенова (16 желтоқсан 1929 жылы туған, Семей қаласы) — қазақ әншісі (лирикалық-колоратуралық сопрано), КСРО халық әртісі (1967).

Роза Тәжібайқызы Бағланова (1 қаңтар 1922, Қазалы, Түркістан КФР, КСРО — 8 ақпан 2011, Алматы, Қазақстан) – әнші, Қазақстанның (1955) және бұрынғы КСРО халық әртісі (1967), Халық қаһарманы (1996).

Майра Ілиясова (1956 жылы 3 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында туған) — әнші, продюсер. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1995). Парасат және Құрмет ордендерінің иегері.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.

1-тапсырма

(МК,Ө) «Топтастыру» әдісіне сүйеніп, өнер туралы білгендерін жеке жазады, топта талқылайды, сыныпқа ұсынады немесе театр сөзін беріп, соған қатысты ойларын жаздыруға болады.

Мысалы, өнер- би, сәулет, спорт, сөз; театр – билет, концерт, қойылым, сахна, көрермен, дирижер, гүл

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(Б) Оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды.

2 - тапсырма

(Ө, Т, МК) «Бағытталған оқу» әдісін қолдана отырып жұмыс жасайды. Мәтінді оқи отырып негізгі ойды білдіретін сөйлемді анықтайды, бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құрастырады. Тапсырманы топпен орындайды.

«Саралау: Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

мәтінді түсініп оқиды;

мәтінге тақырып қояды;

мәтіндегі негізгі ойды білдіретін сөйлемді анықтайды;

мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды;

әр бөлікке тақырып қояды.

3-тапсырма

(МК, ЖЖ) «Тұлғаны таны» әдісіне сүйеніп сурет пен сөздердің байланысын анықтайды және тірек сөздерді қолданып Күләшқа туралы әңгімелейді.

Қосымша мәлімет: Күләш-Қазақ операсының анасы, қазақтың бұлбұлы, сегіз қырлы, бір сырлы, әртіс, опера әншісі, қоғам қайраткері, актриса

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.

(Б) Мадақтама. Оқушылардың берілген тапсырма бойынша орындаған іс-әрекетін «Тамаша!» «Жарайсың!» «Керемет!» сөздерімен мадақтау.

4 - тапсырма

(МК, Ө) «Сәйкестендіру» әдісімен берілген жоспарды ойға сәйкес рет сандарын сөздермен сәйкестендіреді. Өз қалауынша мәтін бөліктерін әңгімелейді

Әр оқушыға жеке беріледі. Дайын сызбаны сәйкестендіреді.

Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады.Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.

(Б) «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағаланады. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.

5 - тапсырма

(ОТ, ЖЖ) «Жұпта талқылау» әдісі арқылы осы мәтінге жоспар құрып, түрлі үлгілерімен таныстырады. Жұпта отырғызу кезінде дарынды оқушылармен бірігіп отырғызу әдісін қолданса болады.

Үлгі:

1. Тәрбиелі отбасы

2.Ақкөңіл Күләш

3.Сахна киесі

4.Бұлбұл әнші

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі

(Б) «Отшашу» әдісі арқылы бағалау

Бөлімнің атауы

1Қазақтың бұлбұлы

2Жарқын мінезді

3Отбасы өнегесі

4Сахна шебері

Сабақтың соңы

Кері байланыс «Табыс баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Мен түсіндім», «Мен жасай аламын», «Мен білемін» деп аталады.

Сынып оқушыларының ерекшелігіне тапсырманы түрлендіріп беруге болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу