Қазақтың бұлбұлы. Қанабек Бәйсейітов «Күләш». Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Атақты тұлғалар

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласы, №54 мектеп- лицей

Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г. А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақтың бұлбұлы. Қанабек Бәйсейітов «Күләш»

Оқу мақсаттары

3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау;

3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, мазмұнын айтады;

Көптеген оқушылар: мәтінді бөліктерге бөліп, ат қояды, мәтіндегі негізгі ойды анықтай алады;

Кейбір оқушылар: мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады, мәтін бөліктеріне ат қояды, жоспар құрастырады

Бағалау критерийлері

  • мәтінді түсініп оқиды;
  • мәтіндегі негізгі ойды білдіретін сөйлемді анықтайды;
  • мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды;
  • әр бөлікке тақырып қояды;
  • жоспар құрастырады.

Тірек сөздер

Оқушылар:

Мәтінді түсініп оқиды. Мәтінді бөліктерге бөле алады, тақырып қояды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Бөлік, тақырып, негізгі ой, Мәскеу, аруғы көтеріліп, ашық-жарқын, талант, композитор, дастан,театр,спектакль,опера,ария,репетиция.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Берілген шығарма естелікке жатады, өйткені ...

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық өмір бойы білім алуға ынталандырады, еңбек пен шығармашылық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған. Ұлттық мәдениеті білуге және оны құрметтеуге, ашықтыққа, өмір бойы білім алуға, еңбексүйгіштікке баулу.

Пәнаралық байланыстар

Кейіпкердің өмірін баяндай алуы барысында дүниетану пәнімен, тірек сөздерді пайдаланып кейіпкер туралы жаза алуы қазақ тілі пәнімен байланыс пайда болды.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игерулері

Оқушылар атақты тұлғалар туралы біледі және оны қолдана алады. Жоспар құрастыра алады, мәтінді бөліктерге бөледі, ат қояды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-4 минут

Ширату тапсырмасы.

Оқушыларды қазақ әншілері есімін құрастыру арқылы 4 топқа біріктіреміз.

І топ. Күләш Бәйсейітова

ІІ топ. Бибігүл Төлегенова

ІІІ топ. Роза Бағланова

ІҮ топ: Майра Ілиясова

Әншілер туралы әңгімелейді (алдын ала тапсырма беріледі)

Қосымша ақпарат:

Күләш Жасынқызы Бәйсейітова (1912-1957) — қазақтың әйгілі әншісі (лирика-колоратуралық сопрано), қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. КСРО халық әртісі (1936). КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1948-1949).Туып-өскен жері – Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Топырақ бұйырған жері – Алматы қаласы.

Бибігүл Ахметқызы Төлегенова (16 желтоқсан 1929 жылы туған, Семей қаласы) — қазақ әншісі (лирикалық-колоратуралық сопрано), КСРО халық әртісі (1967).

Роза Тәжібайқызы Бағланова (1 қаңтар 1922, Қазалы, Түркістан КФР, КСРО — 8 ақпан 2011, Алматы, Қазақстан) – әнші, Қазақстанның (1955) және бұрынғы КСРО халық әртісі (1967), Халық қаһарманы (1996).

Майра Ілиясова (1956 жылы 3 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында туған) — әнші, продюсер. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1995). Парасат және Құрмет ордендерінің иегері.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.

Әншілер есімі мен фамилиясы жазылған парақшалар, интербелсенді тақта

Қосымша 1

Слайд 1,2,3

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Сабақтың ортасы

5-8 минут

9-19 минут

20-25 минут

26-30 минут

31-37 минут

  • 1-тапсырма

(МК, Ө) «Топтастыру» әдісіне сүйеніп өнер туралы білгендерін жазады.

Үлгі: билет, концерт, балет, опера, гүл, дирижер.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(Б) Оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды.

2 - тапсырма

, Т, МК) «Бағытталған оқу» әдісін қолдана отырып жұмыс жасайды. Мәтінді оқи отырып негізгі ойды білдіретін сөйлемді анықтайды, бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құрастырады.

«Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

  • мәтінді түсініп оқиды;
  • мәтінге тақырып қояды;
  • мәтіндегі негізгі ойды білдіретін сөйлемді анықтайды;
  • мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды;
  • әр бөлікке тақырып қояды.

3-тапсырма

(МК, ЖЖ) «Тұлғаны таны» әдісіне сүйеніп сурет пен сөздердің байланысын анықтайды және тірек сөздерді қолданып Күләшқа туралы әңгімелейді.

Қосымша мәлімет: Күләш-Қазақ операсының анасы, қазақтың бұлбұлы, сегіз қырлы, бір сырлы, әртіс, опера әншісі, қоғам қайраткері, актриса

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.

(Б) Мадақтама. Оқушылардың берілген тапсырма бойынша орындаған іс-әрекетін «Тамаша!» «Жарайсың!» «Керемет!» сөздерімен мадақтау.

4 - тапсырма

(МК, Ө)

«Сәйкестендіру» әдісімен берілген жоспарды ойға сәйкес рет сандарын сөздермен сәйкестендіреді. Өз қалауынша мәтін бөліктерін әңгімелейді.

Рет саны

Бөлімнің атауы

1

Қазақтың бұлбұлы

2

Жарқын мінезді

3

Отбасы өнегесі

4

Сахна шебері

Саралау. Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады.Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.

(Б) «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағаланады. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім

5 - тапсырма

(ОТ, ЖЖ) «Жұпта талқылау» әдісі арқылы осы мәтінге жоспар құрып, түрлі үлгілерімен таныстырады.

Үлгі:

  • Тәрбиелі отбасы
  • Ақкөңіл Күләш
  • Сахна киесі
  • Бұлбұл әнші

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі

(Б) «Отшашу» әдісі арқылы бағалау

Опера суреті, интербелсенді тақта, парақшалар, маркер, қосымша 2

Слайд 4

Слайд 5

Оқулықтың 66-68-беттері, интербелсенді тақта, түсті қарындаш, түсіндірме сөздік.

Слайд 6

Қосымша 3

Кесте, маркер, Күләш суреті

Слайд 7

Оқулық, плакат. Интербелсенді тақта, маркер, суреттер

Қосымша 4

Слайд 8

Сабақтың соңы

38-40 минут

Кері байланыс «Табыс баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар « «Мен түсіндім», «Мен жасай аламын», «Мен білемін» деп аталады.

Кесте, стикер

Слайд 9

Саралау

Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет.

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

2,3,4 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» негізінде «Бағытталған оқу», «Топтастыру», «Жұпта талқылау» әдістер арқылы тапсырмалары орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

«Уақыт арқылы саралау» негізінде «Сәйкестендіру» әдісі арқылы тапсырма орындалады. Бұл тапсырма кезінде пікірлерді дәлелдеуде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.

Өзін –өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы, «Бағдаршам», «Шапалақ», «Отшашу», «Смайлик» әдісі

Дескриптор:

  • мәтінді түсініп оқиды;
  • мәтінге тақырып қояды;
  • мәтіндегі негізгі ойды білдіретін сөйлемді анықтайды;
  • мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды;
  • әр бөлікке тақырып қояды.

Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

[attachment=26156:mzh-klsh.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу