Асқақтаған кірпіштер. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.


Бөлім: Сәулет өнері

Сабақ тақырыбы: 3.2 Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу

Асқақтаған кірпіштер

Оқу мақсаттары: 3.2.6.1 кейіпкерлердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау

3.3.2.1* шығарма кейіпкеріне хат, ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...), өлең (төрт жолды), әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, кейіпкерге мінездеме береді.

Көптеген оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, мәтіннен алған үзінді арқылы кейіпкерлерге баға береді, ертегінің желісін өзгертеді.

Кейбір оқушылар: кейіпкердің іс- әрекетіне баға беріп, өз пікірін білдіреді, оқиғаға тағы басқа кейіпкер қосып, мәтінді жалғастырып жазады.

Бағалау критерийлері:

  •  Кейіпкерге мінездеме береді;
  •  Кейіпкердің мінез- құлқының өзгері себебін анықтайды және бағалайды;
  •  Оқығаны бойынша әңгіме құрап жазады.

Сабақ барысы

Сабақтың басы

Ширату тапсырмасы

(Ұ) «Идея жинау»

 Оқушыларға кірпіштің суреттері таратылады. Бос орынға олар сұрақтарға жауап жазады.

  • Суретке қарап бүгінгі шығарманың кейіпкерін жаз.
  • Кейіпкердің мінез- құлқы қандай деп ойлайсың?
  • Оқиғаның өткен жерін ата.
  • Кірпіштерге оқушылар өз болжамдарын жазады. Кірпіштерді тақтаға қалап жабыстыру.
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру:

Бағалау критерийлерімен таныстыру.

Сабақтың ортасы

1-тапсырма

 Балтабай Әділов «Асқақтаған кірпіштер» әңгімесімен таныстыру:

Мәтінді оқуға уақыт беру.

Оқудың алдында оқушыларға оқылымның критерийлерімен таныстыру:

  • Әрбір кейіпкердің не айтқанын, олардың іс- әрекетін есте сақтау;
  • Рөлге ене отырып, дауыс ырғағын келтіріп оқу;
  • Мәтінді түсініп оқу.
  • Сөздік жұмыс жүргізу. Егер критерийлері дұрыс орындалған жағдайда тапсырмаларды орындауда жеңіл болатынын ескерту қажет.

Саралау: Қабілеті төмен оқушылар мәтін бөлігін оқып шығады. Оқу барысында олардың қабілетін ескеру қажет.

Бағалау: рөлге бөліп оқуда дауыс ырғағын келтіре оқыған оқушыны мадақтау, ризашылық белгісін беру.

2- тапсырма

(ТЖ) «Ашық микрофон» ойыны. Әр топтан 1 тілші болады. Төмендегі сұрақтарды топ мүшелеріне қойып талқылайды.

  • Әңгіме қалай басталады?
  • Биікте тұрған кірпіштер не деп мақтанады?
  • Төмендегі кірпіштер дұрыс жасады ма? Неге? Ойыңды дәлелде.
  • Кірпіштердің қақ бөлініп, шашылып қалу се- бебі неде?
  • Сен оларға қандай кеңес берер едің?

Саралау: Қабілеті төмен оқушылардың тапсырманы орындау барысында өздерінің пікірін қосуына, ал қабілетті оқушылардың басқалардың табысқа жетуіне ықпал етуіне көмектесу.

Бағалау: Ұтымды жауаптарға тілші ризашылық белгісін береді. Яғни оқушылар бірін- бірі бағалайды.

3- тапсырма

Сәйкестендір. Мәтіннен берілген үзіндіні қай кейіпкердің іс- әрекетіне қатысты екенін анықтап, сәйкестендіру ұсынылады.

Саралау: Қабілеті төмен оқушыларға қабілетті оқушылар көмектеседі.

Бағалау: Кейіпкердің іс- әрекетін анықтап, сәйкестендіреді. Оқушылар бірін- бірі «Жетістік баспалдағы» арқылы бағалайды.

Сергіту сәті

Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.

Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.

Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,

Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.

Алға, артқа қарадық та – үш дедік.

Тағы жаңа жаттығулар істедік.

Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,

Отырайық көңілді енді марқайтып.

4- тапсырма

(Ө) Оқушыларға кейіпкерлердің іс- әрекетін салыстыра отырып, кестені толтыру ұсынылады. Тапсырма жеке орындалады. Тапсырманы орындауға уақыт беріледі, одан кейін жұпта талқыланады. Әр оқушы өз ойын мәтінге сүйеніп жазады, кейбір оқушылар өмірмен байланыстыра отырып, мысал келтіруі мүмкін.

Кейіпкерлер

Іс- әрекеті

Не істеді?

Мінез- құлқы

(қандай?)

Биіктегі кірпіштер

Төмендегі кірпіштер

Саралау: Қабілеті төмен оқушылар кейіпкердің мінез-құлқын анықтауда қарапайым бір- екі мысал жазады. Ал, қабілетті оқушылар іс- әрекеттеріне баға беріп, кейіпкердің мінез- құлқын сипаттайды.

(ҚБ) дескриптор:

  • Кейіпкерлердің іс- әрекеттері арқылы салыстырады;
  • Биіктегі кірпіштерге мінездеме береді;
  • Төмендегі кірпіштерге мінездеме береді.

5- тапсырма

Әрі қарай не болады деп ойлайсың? Оқиғаға тағы басқа кейіпкер қосып, мәтінді жалғастырып жазу тапсырмасы ұсынылады. Тапсырманы орындау барысында оқушылардың шығармашылық қабілеті дамиды, жазылым дағдылары дамиды. Сұрақтарға өз ойларын жазуда сөйлемдегі сөздердің байланысына, қосымшалардың дұрыс жалғануына, сөйлемнің тыныс белгілеріне назар аудару қажеттілігі ескертіледі.

  • Төмендегі кірпіштер дұрыс жасады ма? Неге? Ойыңды дәлелде.
  • Ертегіның соңы қалай аяқталды?
  • Ертегінің оқиға желісін қалай өзгертер едің?

Саралау: Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі.

(ҚБ) Дескриптор:

  • мәтінді оқиғаның мазмұнына сай аяқтап жазады;
  • өз ойын жүйелі жеткізеді;
  • сөздер мен сөйлемдерді қатесіз жазады.

Сабақтың соңы

Рефлексиялық шеңбер»

Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

  • Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?
  • Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?
  • Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?
  • Сабақта қандай қиындықтар туындады?

Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды түрлендіре алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу