Асқақтаған кірпіштер. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Тарау: Сәулет өнері

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласы, №54 мектеп- лицей

Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Асқақтаған кірпіштер Аударған М.Қуанышбеков

Оқу мақсаттары

3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру;

3.3.2.1* шығарма кейіпкеріне хат, ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...), өлең (төрт жолды), әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қоя алады;

Көптеген оқушылар: мәтін бойынша ашық сұрақтар қояды, кейіпкерге өзіндік көзқарасын білдіріп хат жазады;

Кейбір оқушылар: өз ойын көркем бейнелі сөздерді қолданып айтады, сөздерді,сөйлемдерді сауатты жазады.

Бағалау критерийлері

  • мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қояды;
  • мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді;
  • кейіпкерге өзіндік көзқарасын білдіріп хат жазады;
  • хаттағы сөйлемдердің байланысын сақтайды;
  • сөздерді, сөйлемдерді сауатты жазады.

Тірек сөздер

Оқушылар: Еңбек түрлерін, мамандық иелерін атай алады. Өлеңнің негізгі ойын анықтайды. Әр еңбектің өзіндік ерекшелігін атай алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Кірпіштер, биіктік, құлақ аспады, шағым айтты, күш біріктіру, қақ бөлінді.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Ата кірпіштің ақылына мен құлақ асар едім, себебі...

Кірпішпен үй тұрғызу үшін қалаушы керек, себебі ...

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық адам еңбегіне деген құрмет, ұйымшылдық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған. Құндылықтарды қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін орнату, қабілеті төменірек оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Мамандық түрлерін ажырата алуы барысында дүниетану пәнімен байланыс пайда болады. Кейіпкерге хат жазуы барысында қазақ тілі пәнімен байланыс пайда болады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игерулері

Мәтінді түсініп оқиды, сұрақтар құрсатырады және оған жауап бере алады, тақырыбы мен негізгі идеясын түсінеді, өз ойын айтады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 минут

Ширату тапсырмасы.

Оқушыларды мамандық иелерімен 5 топқа біріктіреміз.

1-топ: «Қалаушы»

2-топ: «Жүргізуші»

3-топ: «Ақтаушы»

4-топ: «Сылақшы»

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.

Мамандық иелерінің суреттері, интербелсенді тақта

Слайд№ 1-3

Сабақтың ортасы

4-7 минут

8-23 минут

24-32 минут

33-36 минут

1-тапсырма

(МК,Ж,ОТ) «INSERT немесе түртіп алу» әдісімен «Қалаушы» туралы не білетінін кестеге толтыра отырып, сабақ тақырыбына болжам жасайды.

Білемін

Жаңа мәлімет

Білмеймін

Сұрақ туды

Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады. Жұпта, топта бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.

(Б) «Отшашу» әдісі арқылы бағалау

2-тапсырма

(МК,Ж,ОТ) «Бірлесіп оқу» әдісі бойынша мәтінді түсініп оқиды.

«Дәйексөз» тәсілі арқылы

1.Өз сөзімен толық мазмұндайды.

2.Мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.

3.Кейіпкер хат жазады.

Асқақтаған кірпіштер

Тас қалаушы кірпіштерді қалап жөніне кетті. Сол –ақ екен, кірпіштерге жан бітіп, өзді-өзі даурыға бастады.

-Түу, неткен биіктік! Тіпті ай да, жұлдыздар да қол созымда тұр,- деп, жоғарыдағы кірпіштер айғай салысты.

-Тынышталыңдар! Биікте тұрғандарың кімнің арқасы, - деп төмендегі Ата кірпіш ақыл айтып көріп еді, ешқайсысы құлақ аспады. Даурығып, жоғарыдағылар төмендегілерге ұйқы бермеді.

-Бұлары несі? Біз болсақ иініміз талып, оларды көтеріп тұрмыз,- деді төмендегі кірпіштер жыламсырап.

Ата кірпішке шағым айтты:- Ата, қалай да бізді бұл қорлықтан құтқарыңыз.

Ата кірпіш сәл ойланып алды да, шешімін кесіп айтты:

-Күш біріктіру керек, - деді.

Күш бірікті. Ата кірпіш бастаған астыңғы кірпіштер тұрған орындарынан ысырылып кетіп еді, жоғарғылардағы жерге дүрс-дүрс құлап түсті.

Ертеңсіне тас қалаушысы келіп, басын шайқады. Өйткені биіктен құлаған жоғарыдағы кірпіштер қақ бөлініп, жерде шашылып жатыр еді.

Аударған М.Қуанышбеков

(ҚБ) Дескриптор

  • мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қойды;
  • мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді;
  • кейіпкерге өзіндік көзқарасын білдіріп хат жазды;
  • хаттағы сөйлемдердің байланысын сақтады;
  • сөздерді/сөйлемдерді сауатты жазды.

3- тапсырма

(Ұ, МК) «Асқақтаған кірпіштер» мәтініндегі оқиғаларға сүйеніп, «Суреттеуші» бөлімі бойынша сурет түрінде салады. (Ескерту: сурет салу қабілеті бұл жерде маңызды емес.)

Саралау: тапсырма бойынша мұғалім көмегімен саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(Б) смайлик арқылы бағалау.

4-тапсырма

(МК, ЖЖ) «Ашық микрофон» әдісі арқылы мәтін мазмұны бойынша диалог құрастырады.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Қарасөзбен өз ойын жеткізуде кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді. (Б) оқушылар бірін – бірі бағдаршам арқылы бағалайды

кесте, интербелсенді тақта,маркер

слайд №4

интербелсенді тақта, түсіндірме сөздік. Мәтін жазылған парақтар.

А3 қағаз, маркер

Микрофон

Слайд №6

Сабақтың соңы

37-40 минут

Кері байланыс: «Ұшақ»

Оң қанатына бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды, ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегенді сол қанатына жазады.

Қолдан жасалған ұшақтар

Слайд №7

Саралау

Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет.

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

2,3,4 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» негізінде «Оқиық» «Анықтайық», «Құрастырайық» айдарындағы тапсырмалар орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

«Уақыт арқылы саралау» негізінде «Ойымызбен бөлісейік» әдісі арқылы тапсырма орындалады. Бұл тапсырма кезінде пікірлерді дәлелдеуде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.

Өзін –өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы, «Бағдаршам», «От шашу» , «Шапалақ», әдісі

Дескриптор

- Суреттегі бейне атауын біледі;

- Бейнені сипаттай алады;

- Бейне жайлы өз білгенін жаза алады;

Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу