Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру. 3 сынып


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: « Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен (жарық пен қараңғы)» ортақ тақырыбы

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:Қарағанды қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 3.2.2.1 шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру

3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/мәнерлеп/ теріп оқу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығарма мазмұны бойынша қолдануға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру, өлеңді дауыстап мәнерлеп оқу.

Көптеген оқушылар: шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беруде өз тұжырымдарын негіздей алады

Кейбір оқушылар: өлеңді нақышына келтіріп, дауыстап мәнерлеп оқиды.

Бағалау критерийлері

  • өлеңді дауыстап мәнерлеп оқиды
  • қолдануға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды
  • сұрақтарға жауап береді

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз

Пәнге тән лексика мен терминология:

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Құндылықтарды дарыту

Өлең мазмұны бойынша жақсы және жаман қасиеттерді ажыратып, өз бойларында қалыптастыру құндылығын дарыту; Топтық, жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру;

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі пәнімен байланыс

АКТ қолдану дағдылары

Сабақ мазмұны бойынша слайд, АКТ мүмкіндіктері қолданылады

Бастапқы білім

Сабақ мақсаты бойынша бастапқы білімдері алдыңғы бөлім бойынша қалыптасқан.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 минут

Сабақ басында: Ширату: (Ж) «Сұрақтар мен жауаптар» әдісі

1.Жұптар қарама-қарсы тұрып, бір-біріне 10-15 секундтай қарап алады.

2.Сырт айналып, бір-біріне арқаларын түйістіріп тұрады.

3. Теріс қарап тұрып адында тұрған сыныптасы туралы сұрақ құрастырып жұбына қояды. Жұбы сұрақтарға жауап береді.

Мұғалім тарапынан сабақ мақсатын анықтау үшін «Біз не істедік?» (сұрақтар қойдық), «сұрақтарға жауап бердік» деген сұрақтар қойылады.

Демек, біз бүгінгі сабақта шығарма мазмұны бойынша қолдануға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру, өлеңді дауыстап мәнерлеп оқу.

4 слайд

Сабақтың ортасы

8 мин

9 мин

 

8 мин

7 мин

Анықтайық. Ойлан, жұптас, бөліс. «Жақсы деген немене, жаман деген немене?»

1.Ойлан. Оқушылар сұрақ бойынша жеке ойланады.

2. Жұптас. Жұбына өз жауабы жайлы айтады.

3.Бөліс. Жұптар ақылдасып өз ойларын ортаға салады. Жауаптарын күн күлтешесіне жазады. Жақсы (сары жолаққа) мен жамады (қоңыр жолаққа) ажыратып жазады.

Қ/Б: Мадақтау. Жарайсыңдар! Тамаша! Сен тамаша ой айттың! т.б.

Оқиық. (Ө) А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің үзіндісін мәнерлеп оқу ұсынылады.

  •  Өлеңнің мәнерлеп оқу үлгісін мұғалім өзі көрсетеді немесе аудиодан тыңдатуға болады.
  •  Тақтаға бір шумақтың мәнерлеп оқу позициясының үлгісін беру үшін, жақсы мәнерлі оқитын оқушысының көмегімен бастауға болады.
  •  Оқушыларға өлеңді іштей оқуға уақыт беріледі.
  •  Бір мезгілде барлық оқушылар өз топтарында өлеңді мәнерлеп дауыстап оқиды.
  •  «Сынып сахнасы» бұрышына ең үздік немесе өз екімен шығарып өлеңнің бір шумаған мәнерлеп оқиды.

ҚБ: «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағаланады. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.

Жазайық. (Т, Ұ) «Венндиаграммасы» әдісі. Өлеңде берілген сөздерді екіге бөліп,тотап жаз.

1. Оқушылар жұптасып шеңбердегі бос орындарды толтырады.

2. Оқушылар 4 адамнан тұратын шағын топқа бірігіп, өз диаграммаларын салыстырады және толықтырады.

3. Шағын топта оқушылар өздерінің ортақ көзқарасы бойынша сипаттамалар мен тұжырымдамалар тізімін жасайды.

ҚБ.: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады

Құрастырайық. (Т). ««Жаңғақ» әдісі. Топтастырып жазған сөздер бойынша сұрақтар құрастыр.

1. Оқушылар өз қалауымен 6 адамнан топқа бірігеді .

2. Топтағы әрбір оқушыға қиылған қағаз беріледі, ал топтың ортасына сұрақтар салатын ыдыс қойылады (себет, қапшық, қорап т.с.с).

3. Әрбір оқушы кесілген қағазға 1 сұрақтан жазады, сонан соң кесілген қағазды жаңғақтың формасына ұқсатып бүктеп, ортадағы қорапқа салады немесе тастайды.

4. Топтағы әрбір оқушы кезегімен ыдыстан сұрақтар жазылған «жаңғақты» ашып, оқып және оған жауап береді. Егер оқушы сұраққа жауап берсе, онда сұрақ жазылған қағаз өзінде қалады. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, онда басқа оқушылар жауап береді.

«Жаңғақ» бір оқушыдан екінші оқушыға ретімен домалау қажет. «Жаңғақты» қораптан алар кезде де осы реттілік сақталуы тиіс.

5. Сұрақтарға жауап берілгеннен кейін, қай оқушыда «жаңғақ» саны көп болса, сол оқушыға баға қойылады.

ҚБ: Бұл тапсырма «Жапондық бағалау» әдісі (оқушылар бір-біріне баға береді) арқылы бағаланады.

5 слайд

Стикерлер, күн суреті

6 слайд

7 слайд

1-қосымша

8 слайд

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия: «Плюс-минус-қызықты» әдісі

 «Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жаза алады

«Минус» - «қолымнан келмей жатыр» немесе «түсініксіз болып тұр» деген ойларын жазады.

«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды немесе не жайында көбірек білгісі келетінін сұрақ түрінде де жасса болады.

9 слайд

Стикерлер, жүрек, бас, қол суреттері

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1 тапсырма – «Нәтиже арқылы саралау». Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әр-түрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

2-тапсырма. Мәтінді оқу барысында қарқын арқылы саралау жүргізіледі. Мәтінді баяу оқитын, оқушыларға қосымша уақыт беріледі.

3-тапсырма. «Диалог және қолдау көрсету. Мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады.

4 тапсырма – «Диалог және қолдау көрсету» арқылы саралау. Қабілеті төмен оқушылардың мүмкіндіктерін ескеріңіз, әр оқушының шығармашылық қабілеттерін ескеріп, жұмыстағы рөлдерді бөліңіз.

  • өлеңді дауыстап мәнерлеп оқиды
  • өлеңдегі жақсы мен жаманды анықтап, кесте толтырады
  • қолдануға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды
  • сұрақтарға жауап береді

Сабақ бойынша рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу