Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру слайд. 3 сынып


Сабақтың тақырыбы:

Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру

Сабақтың мақсаты:

шығарма мазмұны бойынша бағалауға негізделген сұрақ-тар қояды және жауабын шығармадан таба алады, бөліктерге бөліп, жоспар құра алады.

Бағалау критерийі

Ширату

Мәтін бойынша білетініңді ата.

Өткен сабақта қанадй мәтін оқыдық?

Ол мәтін мазмұны бойынша неге жауап бердіңдер?

Ол сұрақтардың жауабын қайдан алдыңдар?

-Балалар біз жаңа өздеріңмен қандай ойын ойнадық?

Оқиық

Қараторғай мәтінен түсініксіз сөздерді белгілеп оқыңдар. Мысалы, Қаумалап бірнеше адамның қоршап, жиналып алуы.

Сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен қарап, бірлесе талқылаңдар.

Сұрақ құрастырайық

Мәтін бойынша сұрақ құрастырып, сұраққа жауап беріңдер.

Анықтайық

Мазмұны бойынша мәтінді бөліктерге бөліңдер.

Бөліктерге бөліп алғаннан кейін жұмыстарынды келесі топқа өткізіңдер.

Әр бөліктегі жұмыстарды талқылаңдар.

Қалыптастырушы бағалаудың тапсырмасы

Мәтінді түсініп оқы:

Диқан атызға бір түп гүл әкеп отырғызды. Құнарлы жерге отырғызылған гүл күннен-күнге тамыр жайып, гулеп өсе берді. Бәріне де ынтық: мөп-мөлдір суға да, тап-таза ауаға да, күннің нұрына да. Бәріне де еркелей, құмарлана қараудан жалықпайды. Өзін әкеліп отырғызған адамға да разы. Бір күні:

- Әй, сен көп асқақтама. Әлі өмірге келгеніңе өкінетін боласың, - деген шіңкілдек дауысқа жалт қараса, төменде ұсқынсыз тырбық шөп басын қылтитып тұр екен.

Гүлдің көңілі ортайып, жабырқап қалды. Ештеңе дей алған жоқ. Көздері жасаурап кетті. Бірте-бірте солып, сарғая бастады. Амалсыз жанындағы өзінен жасы үлкен гүлге басын сүйеді.

- Жабырқама! Сабыр ет!- деп жұбатты ол. – Адамдар оны “арам шөпдеп атайды. Өз құлқынынан басқаны білмейтін обыр, жауыз ол. Одан әлі-ақ құтыламыз. Жамандардың өмірі әманда қысқа. “Жақсы сөзжарым ырысдеген ғой.

Жас гүлдің көңілі біраз көтеріліп қалды. Үлкен гүлдің айтқаны рас болды. Ертеңіне адам келді де, арам шөпті тамырымен жұлып тастады.

Гүл қайтадан құлпырды. Көп сырды ұқты. Өмірде жақсылар да, жамандар да бар екен.

Рефлексия

Керекті ақпарат

Толықтыру

Қажет емес



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу