y=sinx функциясының графигі (Алгебра, 10 сынып, I тоқсан)

 y=sinx функциясының графигі (Алгебра, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тригонометриялық функциялар
Сабақ тақырыбы: y=sinx функциясының графигі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Функциялардың анықтамалары мен қасиеттеріне сүйене отырып, тригонометриялық функциялардың графиктерін салады
Сабақ мақсаттары: тригонометриялық функциялардың графигін салады;
функциялардың графиктерін түрлендіруді орындайды;


1. Сыныпты ұйымдастыру.
1. Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2. Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін оқушылармен бірге талқылау.
Алдын-ала дайындалып қойылған синустың бірлік шеңбердегі және координаталық жазықтықтағы кескіні салынған сызбаны оқушыларға таратып қоямын.
1. Білу және түсіну
Оқушыларға алдындағы таратпа материалдағы синустың бірлік шеңбердегі 00 ден 3600 бұрыштардағы мәндерін координаталық жазықтыққа ауыстыруды ұсынамын.

Периодты ескеріп сызбаны жалғастыруын ұсынамын.

Пайда болған нүктелерді қосып, график түзуін сураймын.

Синус функциясының графигі осылай шығатынына көздерін жеткізіп, синусойда ұғымын енгіземін.
Синусойда функциясының графигінің өмірде қолданылуын https://bilimland.kz/kk/home#lesson=5988 бейнеүзік арқылы көрсетуге болады.
Жеке жұмыс. Қолдану. Оқушыларға графикті қолданып келесі сұрақтарға жауап беруін ұсынамын.
1. Функцияның анықталу облысы;
2. Функцияның мәндерінің облысы
3. Жұп/тақтығы;
4. Периодтылығы;
5. Функцияның нөлдері;
6. Таңба тұрақтылық аралығы;
7. Өсу, кему аралығы;
8. Максимум және минимум нүктелері.
Әр топ өз шешімін ұсынады. Жауаптар талқыланады және толықтырылады.

Топтық жұмыс.
1-топ
1) Бір координаталық жазықтыққа салу y = sinx; y = 3 sinx; y = sin x – 2
2) Функцияның анықталу, мәндер облысын, периодын тауып у = sin 2x + 3 функцияның графигін салыңдар.
2-топ
1. Бір координаталық жазықтыққа салу y = 2sinx; y = sin(x+ ); y = sin 2x
2. Функцияның анықталу, мәндер облысын, периодын тауып у = sin 3x + 2 функцияның графигін салыңдар......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 543



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі