Жануарлар саны неге азаяды? 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

 Жануарлар саны неге азаяды? 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Жануарлар
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар саны неге азаяды? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.2.6 адамның жануарлар санының азаюына әсер ететін іс-әрекет түрлерін анықтау;
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау.
Сабақтың мақсаты: Адамның жануарлар санының азаюына әсер ететін іс-әрекет түрлерін анықтайды.

Шаттық шеңбері. «Ыстық лебіз»
Шеңберге жиналып, бір-біріне жылы лебіз, тілек айту.
Саны. Кіріспе тапсырмада оқушылар жұптасып, бір-біріне тіршілік ортасы жағдайының қан¬дай өзгерісі жануарлар санына әсер ететінін талдау. Жануарлар саны де¬геніміз – олардың сандық мөлшері.

Топқа біріктіру. «Жалаушалар» арқылы топқа біріктіру.
Зертте. Кластер құру арқылы зерттеу жұмысын ұйымдастыру.
Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық
• Оқушылар адамдардың қандай әрекеті жа¬нуарлар санының азаюына әсер ететінін ойланулары қажет. Олардың кейбірі ой салып, көмек көрсетуді қажет етуі мүмкін. Адамның әрекет түрлері бейне¬ленген суреттерді таратып, «Адамдардың нақты қандай әрекеттері жануарлар санын азайтады?» – деп сұрақ қою ұсынылады. Энциклопедия қолдануды ұсы¬ныңыз.
• Топта басқа нұсқаларды талдайды.
• Кластерге жазып қояды.
• Басқа топтардың нәтижелерін салыстырады.
• Ортақ нәтижелерді зерттеушінің күнделігіне жазып қояды. Қандай дереккөздерді қол¬данғандарын талқылау.
Өрт. Өрттің қаупі туралы шағын әңгіме құру.
«Табиғи» және «апат» деген сөздерді талдау. (Табиғи – ешнәр¬се немесе ешкім басқара алмайтын пәрменді күш, апат – бақытсыздық, ауыртпалық.)
Зерттеушінің қойын дәптеріне табиғи апат түрлерін жазып, оларды сипаттау. (Жанартаудың атқылауы, жер сілкіну, цу-нами, көшкін, сел, су тасқыны, дауыл, құйын, бұршақ, орманның өртенуі және т.б.)
Сұрақтар:
- Екінші суретте андай жануарлар бейнеленген?
- Олар не істеп жүр?
- Өрт¬тің салдары жануарларға қалай әсер етеді?
- Өрт болған жағдайда не істеу керектігін талқылау.
Құрғату мен кесу. Батпақты құрғатып, орманды кесудің себептері мен салдарын талқылау. Бұл әрекеттердің жануарларға қандай әсері тиетінін анықтау.
Аңшылық. Аңшылықтың бұрынғы және қазіргі кездегі айырмашылығын анықтау.
Мұғалімнің түсіндіруі. Адамның кейбір әрекеті жануарлар санының азаюына себеп болады. Соның біріне өрт жатады.
Орман мен даладағы өртті сөндіру өте қиын. От пен оның түтінінен бунақденелілер, аңдар, ұсақ құстардың көбі қырылады. Өрт олардың ұясын, жұ-мыртқасын, балапанын жойып жібереді. Жанып кет¬кен ағаш пен шөп қалпына келу үшін уақыт керек.
Адам өз іс-әрекетімен пайда да келтіре алады. Жас ағаштарға жарық мол түсіп, жақсы өсуі үшін қураған ағаштарды кеседі. Кесілген ағаштардың қалдығын та¬залайды. Тазаламаса, зиянкестер көбейеді. Батпақты жерлерді құрғатады. Бірақ батпақтарды есепсіз құрға¬тудан кіші өзендер тартылып қалады. Соның әсері¬нен ірі өзендердің де суы азаяды. Құрғақшылықтан өсімдіктер қурап, жануарлар жойылып кетеді. Олар қорегінен, тіршілікке қажет жағдайлардан айырылады.
Сергіту сәті. Бейнежазба әуенімен қимылдау.
Мұғалім-оқушы диалогі. Сен білесің бе?
Жыл сайын Амазонканың тропикалық ормандарында ағаштың көп кесілетіні сонша, ормандағы бос жердің көлемі мыңдаған футбол алаңындай болады. Осының әсерінен ормандағы сирек кездесетін жануар мен өсімдік түрлері жойылып бара жатыр.
Есте сақта!
Соңғы онжылдықта орынсыз аң аулаудан, орманды жаппай кесу мен батпақты құрғатудан жануарлар саны азайып кетті.
Жеке жұмысқа дәптерде берілген тапсырмаларды орындау ұсынылады.
29-жұмыс парағы. «Жануарлардың азаюы», 31-б.
Деректермен толтыр. Оқушылар энциклопедияны пайдалана отырып, кестені толтырады.
Қатесін тап. Оқушылар дұрыс емес пікірлерді анықтап, түзетеді (Жауаптар: Өртті байқасаңыз, 101 телефоны бойынша өрт сөндіру қызметіне хабарласу қажет. Шыны бұйымдарды тікелей Күн сәулесінің астынан алып тастау қажет. Өрт сөндірілмеген сіріңкеден шығуы мүмкін)....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 848



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?