Дәмді әрі пайдалы 1-сабақ (Дүниетану, 1 сынып, IV тоқсан)

 Дәмді әрі пайдалы 1-сабақ (Дүниетану, 1 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тағам және сусын
Сабақтың тақырыбы: Дәмді әрі пайдалы 1-сабақ
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары): 1.1.4.2 тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру
Сабақтың мақсаты: - Дұрыс тамақтану туралы біледі;
- Дұрсы тамақтану ережелерін құрастыруды үйренеді;
- Тамақтану режимін сақтау қажеттігін түсінеді.
- Қазақстандағы әртүрлі ұлт өкілдерін біріктіретін қонақ жайлық ұғымын түсінеді.

Ұйымдастыру кезеңі
1)Шаттық шеңбері
Қуанамын мен де
Қуанасың сен де
Қуанайық бәріміз
Арайлап атқан күндей
2)Сыныпты жемістер арқылы 4 топқа біріктіру.
1 топ: Құлпынай 2 топ: Алма
3 топ: Өрік 4 топ: Қарбыз
3) «Ойлан»Таңдаған жемістер жайлы әр топтың ойын тыңдау
- Балалар бұлар нелер?
- Дәмі қандай?
- Адам ағзасына пайдалы ма зиянды ма?
- Жарайсыңдар. Олай болса бүгінгі біздің тақырыбымыз қандай деп ойлайсыңдар?

Қазақстандағы әртүрлі ұлт өкілдерін біріктіретін қонақ жайлық ұғымын түсінеді;
Жаңа сабақты хабарлау
- Жақсы. Олай болса біздің тақырыбымыз «Дәмді әрі пайдалы»
- Бүгінгі сабақта біз қалай дұрыс тамақтану туралы және дұрыс тамақтану ережесін құрып үйренеміз. Ұлттық тағамдармен танысатын боламыз.Суреттен не бейнеленген?
- Қандай ұлт өкілдерін көріп тұрсыңдар?

Балалар қазақстанда ұлт өкілдері тұрады. Біз барлығымыз татумыз. Бір-бірімізге қонаққа барамыз. Қонақтарға дәмді әрі пайдалы ұлттық тағамдарды ұсынамыз.
- Ұлттық тағамдарға нелер жатады деп ойлайсыңдар?
- Жарайсыңдар! Ұлттық тағамдардың өзі төрт топқа бөлінеді.
Олар:
1 Ет тағамдары: Бешбармақ, қуырдақ, сірне, сорпа т.б
2. Ұннан жасалған тағамдар: бауырсақ, таба нан, май шелпек, қаттама т.б
3. Сүт тағамдары: айран, қатық, сүт, құрт, қаймақ, кілегей, сүзбе т.б.
4. Дәнді дақылдардан жасалған тағамдар: Бидай көже, талқан, тары, жент т.б ........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 585



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?