Геометриялық ықтималдық 2-сабақ (Алгебра, 9 сынып, IV тоқсан)

 Геометриялық ықтималдық 2-сабақ (Алгебра, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ықтималдықтар теориясының элементтері
Сабақ тақырыбы: Геометриялық ықтималдық 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.4.3.6 геометриялық ықтималдық анықтамасын біледі және есеп шығаруда қолданады;
Сабақ мақсаттары: геометриялық ықтималдық ұғымымен танысу және есеп шығаруда қолдану;

Оқушылармен ықтималдылықтық анықтамаларын еске түсіру. Жұпта ықтималдылықты анықтауға мысалдар құруды ұсыну.

Мұғалім сұрақтар қойып, көмектесіп отырады

Геометриялық ықтималдықтың тарихы мен бүгінгі таңдағы маңыздылығын талқылаңыздар. Дербес жағдайда Буффон инесімен жасалған классикалық тәжірибені түсіндіріңіз.

Геометриялық ықтималдық ұзындық, аудан немесе көлем сияқты шамаларымен анықталады.

Осыған ұқсас концепция ықтималдық негізінде жатыр, бірақ есептеу әртүрлі – қолайлы нәтижелер саны мен барлық жағдайлар санын есептеу орнына, оқиғаға қолайлы нәтиженің геометриялық өлшемі мен барлық нәтижелердің геометриялық өлшемі қолданылады. Мысалы біз фигураның ішінара ауданының жалпы ауданға қатынасын немесе қолайлы кесінді ұзындығын барлық кесінді ұзындығына қатынасын есептейміз.
геометриялық ықтималдық= (ішінара (ұзындық,аудан,көлем))/(жалпы (ұзындық,аудан,көлем))

Берілген сілтеме бойынша оқушыларға видеоны ұсынып, видео бойынша сұрақтар қойып, талқылау.

Жұптық тапсырмалар:

Тапсырма 1.
Төмендегі суретте радиустары 1, 3 және 5 болатын концентрлі дөңгелектерден тұратын нысана бейнеленген. Кездейсоқ атылған садақ жебесінің осы нысанаға түсетіні белгілі болса, онда оның
а) қызыл аймаққа түсу ықтималдығын табыңыз;
ә) жасыл аймаққа түсу ықтималдығын табыңыз;
б) көк аймаққа түсу ықтималдығын табыңыз.

Тапсырма 2.
Айбек пен Айнұр кафеге сағат 10:00 мен 12:00 аралығында келді. Олар бір-бірін тура 15 минут күтуге келісті, яғни сол уақытта келмесе, онда тоспай кетіп қалады. Олардың осы кафеде кездесу ықтималдығын табыңыз.

Жауабы:
Бұл есепте екі адамның уақыттарын екі өлшемді жазықтық қолданып, көрсетуге болады:

Сонда боялған бөлік Айбек пен Айнұрдың кездесу уақыттары болады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 285



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі