Шеңберге жүргізілген жанама. Шеңберге жүргізілген жанаманың қасиеттері. (Алгебра, 7 сынып, IV тоқсан)

 Шеңберге жүргізілген жанама. Шеңберге жүргізілген жанаманың қасиеттері. (Алгебра, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Шеңбер. Геометриялық салулар
Сабақтың тақырыбы: Шеңберге жүргізілген жанама. Шеңберге жүргізілген жанаманың қасиеттері.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Шеңберге жүргізілген жанама мен қиюшының анықтамаларын білу;
Сабақтың мақсаты: - шеңберге жүргізілген жанама мен қиюшы ұғымын білу;
- шеңберге жүргізілген жанаманың қасиеттерін білу;
- шеңберге жүргізілген жанамаға байланысты есептерді шығара алу.

Ұйымдастыру кезеңі
- Сыныптың сабаққа даярлығына назар аудару
- Ынтымақтастық атмосферасын орнату:
- Сыныпты топқа бөлу:
Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбы, оқыту мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстыру.

1. Топпен жұмыс
Мұғалім тақтада түзу мен шеңбердің сызбаларын сызып, олардың орналасу үлгілерін көрсетеді. Олардың ортақ нүктелері талқыланып, оқушыларға жанама анықтамасын өз бетінше тұжырымдау ұсынылады. Оқушылар әр түрлі тұжырымдар келтіреді. Мұғалім әр түрлі тұжырымдарды тыңдап, қорытындылап, презентациядағы жанаманың анықтамасын көрсетіп, дәптерлеріне жазуды ұсынады. Оқушыларға жанамаға байланысты 2 теореманы интербелсенді тақта арқылы көрсетіп, дәлелін топтық жұмыста көрсету ұсынылады.
Анықтама. Шеңбермен ортақ бір нүктесі бар түзуді жанама деп атаймыз.
Теорема 1. Жанама мен осы жанасу нүктесіне жүргізілген радиус өзара перпендикуляр болады.
Теорема 2. Шеңберге бір нүктеден жүргізілген жанамалардың берілген нүктеден жанасу нүктесіне дейінгі кесінділері тең және осы нүкте мен центр арқылы өтетін түзу мен жанамалар арасындағы бұрыштар тең болады.
Оқушылар топтасып тапсырмаларды берілген уақыт аралығында орындап, тақтаға шығып өз постерлерін қорғайды. (16 минут, 4+7+2,5+2,5=16 )
4 минут мұғалімнің анықтама мен теорема тұжырымдамаларын түсіндіруіне жұмсалады.
7 минут теорема тұжырымдамаларын жазып, дәлелін келтіруге жұмсалады.
2,5 минут 1-ші топтың постерін қорғауға беріледі.
2,5 минут 2-ші топтың постерін қорғауға беріледі......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 784



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!