Жазықтықтағы координаталар әдісі. Есептер шығару. (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

 Жазықтықтағы координаталар әдісі. Есептер шығару. (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар: Қайталау
Сабақ тақырыбы: Жазықтықтағы координаталар әдісі. Есептер шығару.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.3.14 жазықтықта координаталарымен берілген екі нүктенің
арақашықтықтығын есептеу;
8.1.3.15 кесінді ортасының координаталарын табу;
8.1.3.16 кесіндіні берілген қатынаста бөлетін нүктенің
координаталарын табу;
8.1.3.17 центрі (a, b), радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін
(? − ?)2 +(? − ?)2 = ?2 білу;
8.1.3.19 түзудің жалпы теңдеуін және берілген екі нүкте арқылы
өтетін түзудің теңдеуін жазу: ax+by+c=0, (х-х_1)/(х_2-х_1 )=(у-у_1)/(у_2-у_1 )
8.1.3.20 координаталармен берілген қарапайым есептерді шығару;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
- кесінді ортасының координаталарының және екі нүктенің
арақашықтығының формулаларын қорыту;
- - екі нүктенің арақашықтығын табу, кесіндінің ортасының
координаталарын табу, кесіндіні берілген қатынаста бөлу
формулаларын
- центрі (a,b) нүктесі және радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін
жазады;
шеңбердің теңдеуін, түзудің теңдеуін қолданып есептер
шығарады.

I Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім сабақтың тақырыбын жариялайды. Оқушылармен бірге сабақтың мақсаты, оқушылардың «жаөын даму аймағы» тұжырымдалады. Мұғалім бағалау критерийлерін жариялайды.

II Білімді белсендіру. Тақырыптар бойынша теориялық материалдарды қайталау: « Расстояние между двумя точками на плоскости», «Координаты середины отрезка».
Оқушылар кестені толтырады. Оқушылар жеке дара жұмыс істейді. Тапсырма аяқталғаннан кейін мұғалім берген жауаптар бойынша өзін-өзі тексеру немесе өзара тексеру жұппен жүзеге асырылады. Қажет болса, кейбір оқушылар шешімдерін түсіндіреді.
Нүктелер АВ ара қашықтығы АВ кесіндісінің ортасының координаттары А нүктесінен координаттың (0;0) нүктесіне дейінгі ара қашықтығы
А(3; 5)
В(9;-7)

Формула

III Шеңбердің теңдеуі. Теориялық материалды қайталау. Қарапайым есептерді шешу. Фронталды жұмыс
Мұғалім оқушылармен теориялық материалды, анықтамаларды, центрі О(a;b) және радиусы R болатын шеңбердің теңдеуін жазады.
Оқушылар тапсырмаларды орындайды, шешімдерін талқылайды, бір біріне кеңес береді.
ІV «Шеңбердің теңдеуі» тақырыбы бойынша есептерді шешу. Жұптық жұмыс
Оқушылар тапсырмаларды жұппен орындайды, шешімді талқылайды, бір-бірімен кеңеседі. Тапсырмаларды аяқтағаннан кейін, оқушылар жұптары арасында өзара тексеру жүргізіледі.
Қажет болған жағдайда мұғалім оқушыларға кеңес береді, оларды дұрыс әрекет етуге бағыттайды.

V Түзудің теңдеуі. Теориялық материалды қайталау. Фронталды жұмыс
Оқушылар мұғаліммен бірге теориялық материалды, слайдтарда ұсынылған анықтамалар мен формулаларды қайталайды, түзудің жалпы теңдеуін,берілген екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін жазады
Мұғалім сұрақтар қояды:
1. Түзудің теңдеуінің қандай түрлерін білесіз?
2. Координаттық жазықтықта түзудің орналасуы оның бұрыштық коэффициентіне қалай тәуелді?
3. Түзулердің өзара орналасу қандай түрлерін білесіз?
4. Түзулердің өзара орналасу олардың бұрыштық коэффициенттеріне қалай тәуелді?
VІ Тақырып бойынша есеп: Түзудің теңдеуі. Жеке дара жұмыс.
Оқушылар орындарында жеке дара тапсырмаларды шешеді.
Мұғалім есептерді шешуге және ресімдеуге, кеңес беруге және қажет болған жағдайда қиындықтарға тап болған оқушыларға көмектеседі.
Өздерінің тапсырмаларын орындаған оқушылар үшін күрделі деңгейдегі қосымша тапсырмалар ұсынылады.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 653



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі