Неліктен Тәуке ханды «Дала Ликургі» деп атады? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)

 Неліктен  Тәуке ханды «Дала Ликургі» деп атады? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4A бөлім Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Неліктен Тәуке ханды «Дала Ликургі» деп атады? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;
Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау;
Сабақ мақсаттары: Тақырып арқылы XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басындағы қазақ хандығының саяси жағдайына тоқталу және Салқам Жәңгір ханның баласы әз Тәуке хан билігінің маңызды жақтарымен танысу, оның саяси роліне баға беру .
Сәлемдесу. Жағымды атмосфералық ахуал қалыптастыру.
Оқушыларға Тәуке ханның және Ликургтың суретін көрсетіп, сұрақтарды қоямын.
 Тақтадағы суреттерде кімдер бейнеленген?
 Ликург деген адам кім болуы мүмкін?
 Ликург қай мемлекеттің адамы болды?
 Неліктен орыс ғалымы Левшин Тәуке ханды Ликургпен байланыстырып салыстырды деп ойлайсыздар? Оқушылар сұрақтарға жауап бергеннен соң Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері түсіндіріледі.
Тәуке хан туралы бейнематериал көрсетіп сәйкестендіру тапсырмасын орындатамын. Сәйкестендіру тапсырмасы бойынша оқушылар дәптерлеріне би, жарғы, құн, жаза, қылмыс сөздерінің анықтамасын сөздердің жанына қойып шығады.
Оқушыларды суреттер арқылы төрт топқа бөліп аламын. Суреттердің мазмұнына байланысты топтар хандар, билер, батырлар, жыраулар тобы деп аталады.
Оқушыларға топтық жұмыстың алдында жарғы сөзі, Күлтөбенің басындағы жиын жайлы, жеті жарғының қысқаша тарихы жайлы мен тоқталып кетемін.
Топтық тапсырмалар бойынша оқушыларға шағын мәліметтерден тұратын қысқаша мәтіндер әр топқа жасырын түрде таратылып береді. Мәтіндерде жеті жарғы заңдарының бөлімдері туралы болады. Сол бөлімдерді әр топтың оқушылары топ ішінде мұқият оқып, талдайды.
1-топ. Хандар- жер дауы, үй іші мен бала тәрбиелеу бөлімін талдайды
2-топ. Билер- ұрлық барымта, бір халық пен басқа ру арасындағы дау бөлімін талдайды
3-топ. Батырлар-ұлтын жаудан қорғау, жесір дауы бөлімін талдайды.
4-топ. Жыраулар-жесір дауы, құн дауы бөлімін талдайды.
Топтың ішінде талқыланып болған соң оқушылар өз бөлімдерінің мәні мен мазмұнын басқа топ мүшелеріне түсіндіріп маңызын айқындайды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 644



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі