Құрғақшылықтың себептерін түсіндіру (3 сынып, IV тоқсан )

  Құрғақшылықтың себептерін түсіндіру (3 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар: Су-тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: Құрғақшылықтың себептерін түсіндіру
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау
Сабақ мақсаттары: Негізгі және туынды зат есімдерді анықтау.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын ұйымдастыру.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын ашу.
Бағалау критерийлерін құрастыру.
Өткенді бекіту.
Мақсаты: Негізгі және туынды сын есімдер бойынша білімдерін пысықтау.
Оқушылар Венн диаграммасына негізгі және туынды сын есіміне 5 мысалдан жазады.
Негізгі Туынды
Тексеру.
Қызығушылықты ояту.
Ұялы телефон, планшеттермен жұмыс.
Мақсаты: Оқушыларды ізденімпаздыққа, тапқырлыққа баулу.
Оқушыларға дәлізге шығып 5 затты суретке түсіріп алуларына тапсырма беріледі.Оқушылар сынып ішіне кіріп, түсірген затқа сын есім тіркеп дәптерлеріне жазады.
Тексеру.
Сөйлемдерді толықтыр.
Мақсаты: оқушыларды етістік түрлерімен таныстыру.
Апам ауылдан ...
Жаңбыр сіркіреп ...
Біз саябаққа ...
Сұрақтар:
-Қойған сөздер қандай сұраққа жауап береді?
-Олар қалай жазылған.
Жазған сөздерді сөз құрамына талдау.
Негізгі және туынды етістік туралы ереже шығару.
Мәтінмен жұмыс.
Аңыз. Сұрақтарға жауап береді:
1. Сахарада кім келе жатты?
2. Келе жатқан адам қандай күйде болды?
3. Жолаушы не істеді?
4. Түйе мінген адам қандай өтініш білдірді?
5. Жолаушы түйе мінген адамның жақсылығын неге түсінбеді?
6. Осы мәтіннен қандай ой түйдің?
Оқушылар өздігінен оқиды.
Топтық жұмыс.
1 топ: Мәтіндегі зат есімдерді көшіріп жазады да, бұл қандай екенін айтады.
2 топ: Мәтіндегі сын есімдерді көшіріп жазады да, бұл қандай екенін айтады.
3 топ: Мәтіндегі етістіктерді көшіріп жазады да, бұл қандай екенін айтады.
4 топ:Мақалдардың ішінен мәтінге сай келетін мақалды тауып, жазады.
Мақалдар:
1. Сулы жердің қасиеті сағасында,
Нулы жердің қасиеті ағашында.
2. Жақсыдан қашпа, жаманға баспа.
3. Әдеп пен адамгершілік ана тіліңнен нәр алады.
Оқушылардың жасаған жұмыстарын «Әткеншек» арқылы қарап шығып, өз пікірлерін айту......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 638



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?