Балқаш көлге барайық (2 сынып, IV тоқсан )

 Балқаш көлге барайық (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Қоршаған орта
Сабақ тақырыбы: Балқаш көлге барайық
Оқу мақсаттары: 2.2.9.1 Дереккөздер (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мен ақпаратты табу жолын анықтау, берілген тақырып/сұрақ бойынша ақпаратты іріктеп алу және үлгі/ кестеге салу.
Сабақ мақсаттары: Дереккөздерді (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) пайдаланып, ақпаратты іздеу, іріктеп алу.
Сабақ барысы: І. Психологиялық ахуал.
Мақсаты: Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру, жағымды көңіл-күй тудыру. Ана тілін құрмет тұтуға баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Оқушылар шеңберге тұрып, өлең жолдарын бірге қайталайды.
Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!
Туған тілім – анам тілі – өз тілім!
Туған тілім – далам тілі – өз тілім!
Туған тілім – адам тілі – өз тілім!
Үй тапсырмасын сұрау
Жазайық «Төлқұжатсыз саяхатшылар»
Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Балқаш көлге барайық
Дереккөздерді (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) пайдаланып, ақпаратты іздеу, іріктеп алу.
Дескриптор құру
 - тақырып/сұрақ бойынша қажетті ақпараттарды іріктейді;
 - жинаған ақпаратты жүйелеп, қорытындылайды;
- жинаған ақпаратын басқаларға ұсынады.
Сөздік жұмысы
Күбі
Күбідей күп-күп пісу
Күншуақ
Сұрақтарға жауап беру
-Адам табиғаттан бөлек өмір сүре ала ма?
-Сені табиғатта не қоршап тұр?
-Балқаш көлі туралы не білесіңдер?
-Балқаш көлі қайда орналасқан?
-Балқаш көліне барып көрдіңдер ме?
-Балқаш көлі қандай? Суы қандай?
Өлеңді оқу
-Өлең неге «Балқаш көлге барайық» деп аталды?
Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіру.
Балығы таудай тулаған- балығы өте көп, секіріп шоршыған
Бақасы қойдай шулаған- бақасы көп болып бақылдаған
Күбідей күп-күп пісейік- күпілдетіп шомылайық
Сен білесің бе? тапсырмасын оқу.
Картадан Балқаш көлін, шектесетін облыстарын табу.
Балқаш көлі
Балқаш көлі туралы деректер іздеу.
Топтық жұмыс
І-топ. Балқаш көлі- Компьютермен
ІІ-топ. Жетісу жеріндегі өзендер - Ноутбукпен
ІІІ-топ. Қаратал өзені- Телефонмен
ІҮ-топ. Қапшағай су қоймасы- Энциклопедиямен
Топтар бірін- бірі бағалайды.
Жазайық
Жинақталған мәліметтер бойынша
деректер жазу.
Топтық тапсырма
І топ.
ІІ топ.
ІІІ топ.
І топ.
Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, мәтінді оқы.
Балқаш көлінде сазан, Амур балығы,........ , қая, шабақ, шұбаржон, ақбалық, табан, ақмаржан, жайын балықтары кездеседі. Жыл сайын Балқаш көлінде....... тонна балық ауланады. .......... құстың мыңнан астамы мекен етеді.
Қажетті сөздер: алабұға, 8-10 мың, көлде.
ІІ топ.
«Балқаш көлі» тақырыбында Синквейн /бес жолды өлең/ құрастыр.
ІІІ топ.
«Балқаш көлі» тақырыбында шағын әңгіме құрастыр.
Тірек сөздер: демалу, балық, суы мол, ұнайды.
Үйге тапсырма: Жетісу өзендері туралы өлең тауып жаттап келу.
Ж.Д: 30-беті.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 466



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі