Кірпіш үй (ОМЖ бойынша 6-сабақ) (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)

 Кірпіш үй (ОМЖ бойынша 6-сабақ) (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-тарау «Сәулет өнері»
Сабақ тақырыбы: Кірпіш үй (ОМЖ бойынша 6-сабақ)
Оқу мақсаттары:
1.5 Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну
3.1.5.1* тыңдаған фразаның алдындағы немесе кейінгі оқиғаны болжау;
4.2 Тыңдаған/ оқыған/көрген материалдың мазмұнын жазу
3.4.2.1* оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу;
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау
3.5.1.1* мұғалімнің қолдауымен көмекші сөздердің мағынасын ажырату, ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіріп, сөйлемдер құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі:
Сурет бойынша құрылған мәтінді керекті сөздермен толықтырып, сипаттап жазады.
Оқушылардың кейбірі:
Мәтін мазмұнына сәйкес коллаж жасап, сипаттап айтады.
Сабақ барысы: «10 сұрақ» ойыны арқылы үй тапсырмасын тексеру – 7 минут
Шеңбер бойымен тұрған оқушылардың ортасына 1 оқушы шақырылады. Оның маңдайына кереге, киіз, шаңырақ, сықырлауық, уық сөздерінің немесе суреттерінің бірі жапсырылады. Оны оқушы көрмейді. Жасырылған сөзді табу үшін сыныптастарына сұрақтар қояды, сыныптастары «иә» немесе «жоқ» деп қана жауап беруі тиіс.
Сұрақтарға жауап беру – 2 минут
Суреттерге қарап, сұрақтарға жауап береді.
Бұл не? Ол қандай? Ол неден жасалған? Күшік қайда отыр?
Тақырыпты жариялау
Суреттер арқылы топтарға бірігу
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін бірлесе құру – 3 минут
Есте сақта!
Жаңа сөздер: сырт (сыртында), алдында, артында, ішінде, жанында
ДОП ҚАЙДА ЖАТЫР?
Қораптың ішінде Қораптың алдында
Қораптың артында Қораптың жанында
Қораптың сырты
1-тапсырма. Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіріп, сөйлемдер құрастырыңдар.
Үйдің алдында бассейн бар
артында бөлмелер
ішінде ағаштар
жанында машина
Бағалау «Мадақ сөздер» арқылы жүргізіледі.
2-тапсырма. Суретке қараңдар. Сурет бойынша құрылған мәтінді керекті сөздермен толықтырып, сипаттап жазыңдар.
Бұл - ........... үй. Ол ағаштан және бетоннан ................. . Үйдің қабырғасы ............... . Үйдің терезелері ............... . Терезелер ............ және ...........жасалған. Үйдің шатыры .............. жасалған. Үйдің алдында ................... бар. Үйдің артында .................... көп. Үйдің жанында ................. тұр. Үйдің ішінде ................. көп.
Бағалау «Шапалақ» әдісі арқылы орындалады.
«Коллаж» әдісі
3-тапсырма. Мәтін мазмұнына сәйкес суреттерді орналастырып, сипаттап айтыңдар.
Бұл – кірпіш үй. Үйдің алдында ақ машина тұр. Ақ машинаның алдында күшік жатыр. Үйдің артында ағаштар бар. ағаштардың жанында гүлдер көп. Үйдің ішінде адамдар бар. Ағаштың жанында күлгін машина тұр. Күлгін машинаның ішінде 1 адам отыр...


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 692



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?