Көлік, машина арналған дұға. Көлікке арналған дұға


Ауырды жеңілдетіп, алысты жақындататын темір тұлпар мінетін адамдар ескеретін көлік әдептері бар. Олар мыналар:

  • Көлікті барынша таза ұстау. Тазалық – жанға шуақ төгіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Көлігіңіздің таза болғаны сырт көзге де жағымды әсер қалдырады. Көлікті таза ұстамағыныңыз үшін салынатын айыппұлдың барын да ескерген жөн.
  • Белдікті жүрер алдында тағып алу. Сақтансаң сақтаймын демекші, белдікті тағу кішігірім көлік апаты орын алған жағдайда түрлі жарақат алудан сақтайды.
  • Жүрер алдында көлік дұғасын және аятүл күрсиді оқу. Көлік дұғасы:  «Бисмиләһи мәжрәһә уа мурсәһа. Инна рабби ләғафурур рахим» («Һұд» сүресі, 41-аят). Мағынасы: «Оның жүруі де тұруы да Алланың атымен. Расында Раббым өте жарылқаушы, ерекше мейірімді».
  • Жол ережелерін қатаң сақтау.
  • Көлікті қатты жүргізбеу. Қатты жүрген көлік адамға бағынбайды. Оның арты апатқа апаратынын өзіңіз біліп отырған шығарсыз. Жылдамдықты 60 км/сағ асыру жол ережесін бұзу болса, 120 км/сағ асырып айдасаңыз өзіңізді өлімге итермелеген боласыз.
  • Көлікте телефонмен сөйлеспеу. Телефонмен сөйлесу сіздің ойыңызды екіге бөліп, көлікті басқару мүмкіндігінен шектейді.
  • Көліктегі адам жаяу адамға бірінші болып сәлем бергені абзал. Себебі, Алла елшісі (с.а.у.): «Астында көлігі бар адам жаяу адамға бірінші болып сәлем береді» деген.    
  • Көліктен сыртқа қарай қоқыс тастамау, түкірмеу т.б. тазалық ережелерін сақтау. Көліктен сыртқа қарай қоқыс тастағандарға айыппұл салынатынын барлық жүргізуші білетін шығар.
  • Көлік салығын уақытында төлеп отыру.
  • Көлікті техникалық байқаудан өткізіп, сақтандыру компаниясына тіркеу. Бұл көлік иесінің өзіне пайдалы нәрселер.
  • Көлікті жиі тексеруден өткізіп тұру. Көлік иесінің өзі де тексеріп тұруы.
  • Көлік айдағанда асықпау керек. Бір хадисте: «Асығу – шайтаннан, сабырлық – Алладан» (Тирмизи) деген. Асығудың соңы үлкен апатқа жол ашып, өкінішке қалдыруы мүмкін. «Асыққан жағдайда өзіңе сенімді бол» деген де тәмсіл бар. Бірақ бұл қағидаға сүйенбеген абзалырақ болмақ.  
  • Мас күйінде көлік жүргізбеу. Жалпы ішімдікті ауызға алмауды ескерткен болар едік. Себебі, ішімдік ішу – үлкен күнә.
  • Жол полициясы қызметкеріне пара бермеу. Адам болғаннан кейін кейде қателесетін кездер болады. Яғни, білместікпен бір жол ережесін бұзып, оны жол полиция инспекторы байқаған жағдайда оңай құтылып кетудің жолын іздеуден аулақ болыңыз. Бұзған ережеңізге байланысты айыппұл мөлшерін протоколға жаздырып, арнайы орынға төлегеніңіз қайырлы. Пара беру де, алу да – үлкен күнәлар қатарына жатады.

Жалпы бұл аталғандарды көлік әдебі әрі ережесі деп атауға болады. Қандай жағдай болмасын, көлік ережесін сақтаған адам өзіне және өзгеге зиян келтіруден аулақ болады. «Мұсылман адам біреуге қолымен де, сөзімен де зиян бермейді», - деп хадисте айтылғандай, көлік жүргізушілерінің көлікте отырғанда сабыр сақтап, біреудің жолын кеспей, қайта жол беріп сыйластық танытуы - нағыз ерлік.   


Нұрқанат Нұрдәулетұлы, дереккөзі

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Оқырман Жанболат
    0 + 0 -
    Керемет

Ілмектер: көлік, машина