Найзағай туралы
«Найзағай»
Орындаған: Қарабеков Б.
Тексерген: Қалдыбаева Ж
Алматы 2013
Найзағай
Найзағай — бұлттар не бұлт пен жер арасында болатын ұзындығы бірнеше км, диаметрі ондаған см және ұзақтығы секундтың ондаған үлесіндей болатын алып электрлік ұшқынды разряд.Найзағай - кешенді атмосфералық құбылыс. Бұл құбылыс кезінде қалың будақ-жаңбырлы бұлттарда және бұлттар мен жер арасында көп еселі электр разрядтары пайда болады, күн күркірейді. Ұйтқыма жел, дауыл соғып, кейде бұршақ аралас нөсер жаңбыр жауады. Найзағайды шептік және масса ішіндегі деп ажыратады. Шептік найзағайатмосфера шебінде, ал масса ішіндегі найзағай ауаның жер бетінде жылынуынан пайда болады.
Қаупі
Найзағай жарқылы үлкен разрядты тоқпен тең, ал оның температурасы 300000 градусқа дейін жетеді (бұл күн аймағындағы температурадан 6 есе жоғары). Найзағайдың орын ауыстыру жылдамдығы секундына 100 мың километр. Найзағай түскенде талдың жанып кетуі де мүмкін. Найзағайдың адамға түсуі, өлімге дейін алып келеді. Жыл сайын әлемді найзағайдан 3000 адам қайтыс болады. Найзағай бірінші биік затқа (талға т.б.) түседі.
Найзағайға қалай дайындалу керек
Найзағайдың түсу қаупінен қорғану үшін, оған қарсы жерасты орасты орнатқаштарын орнату қажет. Табиғатқа шығу алдында ауа райы болжамын тыңдау қажет. Егер күн бұзылады деп болжаса, басқа күні шыққаныңыз дұрыс болады.
Егер сіз найзағай болатынын сезсеңіз, онда бірінші кезекте оның жерге түсу жақындығын анықтаңыз және дауыл жақындап не болмаса қойғандығын қараңыз. Жарық жылдамдығының тездігіне тездігіне байланысты (300000км/с) онда найзағай жарқылын тез арада байқай аламыз. Мүмкіндігінше дыбыс кешігуі арақашықтық пен оның тездігіне байланысты анықталады. Мысалы: егер жарқылдан кейін найзағайға 5 с өтсе, онда найзағай фронтының арасы 340м/с*5с = 1700м.
Егер дыбыс кешігуі жиіленсе, онда найзағай фронты сирейді ал егер дыбыс азайса, онда найзағай фронты жақындап келе жатқандығы. Найзағай жарқылынан кейін қатты дауыл болса, найзағай өте қауіпті. Егер сіз ауылдық жерде болсаңыз: терезені, есікті, құбырларды жабыңыз. Пеш жақпаңыз, себебі пеш трубасынан шығатын жоғары температуралы газда қарсыласа алмаушылық болады. Телефонменсөйлеспеңіздер: кейде найзағай столбылардың арасында тартылған сымдарға түседі.
Найзағай болып жатқан сәтте электр желісіне, антеннаға, терезе жанындағы орнықтарғыштарға, үйдің төбесінен су ағатын жерлерге жақындамаңыз, сонымен қатар теледидар, радио және т.б. электрлі қондырғыларды қоспаңыз.
Егер сіз орманда болсаңыз, қысқа талдар өскен жерлерді паналаңыз. Биік талдардың қасына, әсіресе қайыңның, еменнің қастарына тығылмаңыз. Су жиналатын жерде немесе оның жағысында тұрмаңыз. Жағадан аласырақ, яғни жоғары жерден төменге түсіңіз.
Жазық далада, егістікте немесе қорғанатын жер болмаған кезде жерге жатпаңыз, қазылған жердің шетіне аяғыңызды қолыңызбең ұстап отырыңыз. Егер найзағай дауылы сіз спортпен айналысу барысында болса, дереу тоқтатыңыз. Металлдан жасалған заттарды (мотоцикл, велосипед, мұз ойғыш және т.б. ) шетке қойыңыз және 20-30 м алыс тұрыңыз.
Егер найзағай сіз көліктің ішінде отырған кезде болса, машинадан түспей, терезені жауып, радиоқабылдағыштың антеннасын төмен түсіріңіз.
Найзағай жақындаған кездегі сақтық шаралары
1. Егер сіз найзағай болардың алдында қала сыртында болсаңыз, алдын ала тоқтап, қауіпсіз орынды іздеңіз. Найзағай кезінде орманда жалғыз ағаштың және бір деңгейде орналасқан ағаштардың жанына тоқтауға болмайды. Биік емес, ұшар басы қалың ағаш арасына жасырынған жөн. Алайда найзағайдың еменге, терекке, талшынға, шегершінге жиірек, ал шыршаға, қарағайға, бүкке сирек түсетіндігін есте ұстау қажет. Ал үйеңкі мен қайыңға өте сирек түседі.Тоғайдың шеті мен үлкен егістікте болу да қауіпті. Сулы жер мен суаттардың жанында жүру мен тоқтау аса қауіпті.
2. Таулы жерде найзағай болардың алдында биіктіктен — жотадан, төбеден төмен түсу керек. Жүрген немесе дем алған кезде жартасқа, қабырғаға сүйкенуге немесе ұстауға болмайды. Табиғи мекен – жартастағы үңгірде қабырғадан кемінде екі метр қашықтықта жасырынуға болады.3. Ашық алаңда найзағайдан құрғақ шұңқыр мен жырада жасырынуға болады. Егер олар суға толса, одан кеткен жақсы. Құм мен тас аралас топырақ таза топыраққа қарағанда қауіпсіз.4. Найзағай аймағында абдырап жүруге болмайды.
5. Барлық металдық заттарды адамдардан 15-20 метр қашықтықта қою керек.6. Отырар алдында топырақ үстіне полиэтилен, киім төсеңіз.7. Арқаны еңкейтіп басты төмен қаратып, аяқтың табанын бірге қосып, қатарласа отырған жақсы.8. Найзағай болардың алдында жүзу құралында болған адам кешікпей жағаға ұмтылу керек. Егер бұл мүмкін болмаса, қайықты кептіріп, құрғақ киім киіп, діңгекті түсіру керек немесе оны суға ескек немесе бөрене арқылы төмен түсіру керек. Құтқару желетін, етікті киіп, жаңбыр суының қайықтың сыртына қарай ағатынды етіп полиэтилен жамылу керек. Ал бұл жағдайда полиэтилен діңгекке немесе суға тимеуі тиіс. Найзағай кезінде якорьді беруге немесе таңдауға болмайды, өйткені якорь арқаны найзағай соққысынан электөткізгішке айналады.Найзағай соққан кездегі көмек көрсету әдістері
Көмекті кештірмеу қажет. Найзағайдың соғуынан адамның тірі қалатын кездері де болады. Жасанды тыныс алдыру мен жүректі сылауды бір минуттен артық тоқтатпай, зардап шегушіде өлім белгілері ашық байқалғанша жалғастыру керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?