Әлемдік экономикадағы сақтандыру қызметі


Әлемдік экономикадағы сақтандыру қызметі

Орындаған: Кабиденова Жадыра

Әлемдік экономика – 21 тобы

Қабылдаған: Сатаев Санат

Тақырыптың өзектілігі

Адам өміріндегі соңғы он жылда болған табиғи апаттардан болған залалды ғалымдар шамамен 535 млрд.долл.деп бағалар отыр. Ежелден бері адамзат баласы басынан өткен неше түрлі қайғылы оқиғалардан болатын материялдық шығындардың орнын оңай жабу және оған әсер ететін факторлады табу жолдарын іздеді. Ал қазіргі кезде экономиканың интеграциялануыен байланысты сақтандыру саласында да осы процесс жүріп жатыр.

«Сақтандыру» сөзінің кең ауқымда түсіндірілуі сақтандырылуға қойылған затты қауіп қатерден сақтау деген мағынаны береді. Сақтандырудың өзі ерте заманнан бастап қалыптаса бастады. Адамдардың байлығы және материалдық игіліктердің өсуі, жеке меншіктің пайда болуымен қатар сақтандыруға деген сұранысы да өсті. Себебі, адамдар өзінің меншігіндегі заттарды қорғау керек еді.

Сақтандыру нарығының әлемдегі жағдайы

Қазіргі  әлемде капиталды орталықтандыру және концентрациялау процесi сақтандыру iсiнде де жүрiп жатыр. Экономиканың басқа саласында iс жүргiзетiн, iрi корпорациялармен байланысы бар күштi сақтандыру  монополиялары құрылуда. Олар әлемдiк сақтандыру нарығына бақылау жасап, ондағы сақтандыру сыйлықтарын басқарады. Әсiресе дамыған елдерде осындай акционерлiк сақтандыру қоғамдарың саны көп. Акционерлiк сақтандырудың үлесi сақтандыру операцияларында әртүрлi:әсiресе Ұлыбритания, Германия, Франция да көп, ал АҚШ-та аз, себебi онда iрi акционерлiк сақтандыру компаниялары өзара сақтандыру қоғамы болып қайта құрылған.

Сақтандыру саласындағы ынтымақтастық

Сақтандыру нарығында позицияларды жақындастыру, алғашқы кезекте, мүлiктiк сақтандыруда iрi қауiптi жабуға жұмсалады. Шет елдiк клиенттермен сақтандыру келiсiм шартына отыру жағдайлары жақсаруда.

Бiрақ сақтандыру нарығын дамытуға жеке кедергiлер де кездеседi. Европалық Экономикалық Қоғамдастық құрылғанға дейiн ақпаратпен алмасу және Европалық Экономикалық Қоғамдастықты ұйымдастыруда қатысушы елдердi таныстыру және дамытуда Европалық Сақтандыру Комитетi құрылды. Алғашында Европалық Сақтандыру Комитетiне 18 елдiң сақтандыру компанияның ұлттық ассоциациясы, сонымен бiрге бақылаушы ретiнде Югославия сақтандыру қоғам ассоциациясы кiрдi. Осы уақыттан бастап үлкен өзгерiстер болды. Бiрiншi жоспарға Европалық қоғамдастық елдер қызметi шығарылды. Европалық Сақтандыру Комитетiне 11жаңа елдер ендi. 1993 жылы – Исландия, Кипр және Мальта, кейiн Польша, Венгрия, Чехия және Словакия ассоциациялық мүше ретiнде ендi, ал 1996 жылдан — Словения, Эстония, Литва және Латвия ендi. Қазіргі  таңда Европалық Сақтандыру Комитетiнiң 29 мүшесi бар.

Еуропа аймағының сақтандыру саласындағы ынтымақтастығы

Европалық Сақтандыру Комитетiнiң 18 салалық комитеттерi бар. Олар әртүрлi сақтандыру түрлерiн өзара кураторлыққа бөлген және жылсайын 200-ге жуық жиналыс өткiзедi. Европалық Сақтандыру Комитетi сақтандыру бойынша кеңестiк қызмет көрсетедi. Жыл сайын отызға жуық, Европалық Сақтандыру проблемасы талқыланатын жиналыстар ұлттық ассоциация iшiнде өткiзiлетiн берiлген тақырыптарға дискуссияның катализаторы болады. Сонымен қатар сақтандырудың техникалық және құқықтық жақтары да қараусыз қалмайды.

Европалық Сақтандыру Комитетi жыл сайын өз қызметi бойынша есеп берiп, Европадағы сақтандыру жетiстiктерiн сипаттайдыАтап өтетiн жағдай, Европалық Сақтандыру Комитетiнiң қызметi Бiрiккен Европалық нарықтан тыс жерлердi де қамтиды. Европалық қоғамдастық ұйымы негiзгi партнер бола тұра, басқа да европалық емес ұйымдар – ОЭСР, Европа кеңесi, ГАТС, халықаралық сауда палатасымен қарым-қатынас жасайды.

Азия аймағының сақтандыру саласындағы ынтымақтастығы

Европалық экономикалық қоғамдастық сияқты Азия континентiнде Экономикалық қоғамдастық ұйымы бар. Оған Иран Ислам республикасы, Пакистан Ислам Республикасы және Турция Республикасы кiредi. 1992 жылы  Бұл қоғамдастыққа Орта Азия және Қазақстан елдерi де кiрдi. Осы қоғамдық шекарасында Туркия, Пакистан, Иран сақтандыру ұйымдары қайта сақтандыру компанияларын құрып бiрiктi. Осыған байланысты бұл елдердiң өкiлдерiнiң ойынша, барлық сақтандыру нарықтары қайта бiрiгуi тиiс. Осыны талқылау мақсатында Азербайжан, Ауғаныстан, Қазақстан ,Өзбекстан және Тұркмения елдерiнiң қатысуымен жиналыс өттi. Бұл елдерде сақтандыру экономиканың дамуымен қатар жүрдi.

Францияның сақтандыру қызметі

Соңғы жылдары әлемдiк экономика өсу стадиясында болды. Сақтандыру бизнесiнде маңызды орынды Француз нарығы алады. Ол шет елде өз операцияларының 14тен 20 процентке дейiнгi мөлшерiн жүргiзедi. Франция теңiздiк сақтандыруда үшiншi орын алады және әлемдiк авиациялық тәукелдiң 20 процентiн құрайды. Францияда қайта сақтандыру әлсiз орындардың бiрi едi, соңғы уақытта операциялар көлемi өсуде. Жалпы әлемдiк сақтандыру сыйақысы нарығы бойынша Франция әлемде бесiншi орын алады. Тiкелей операциялар бойынша iшкi нарықтың сыйақысын жинаудың 77 процентiн құрайды.

Швецияның сақтандыру қызметі

Швецияның сақтандыру нарығы қызығушылық туғызуда. Швецияда адамға келтiрiлген кез-келген шығын толық төленедi. Шығынды толтырумен сақтандырушыдан бөлек конпенсация қызметi айналысады. Шығынды толтыру заңы барлығына қатысты. Шығынды толтырумен қатар мiндеттеменi сақтандыруда кең көлемде қолдануда. Шығын көлемi жәбiрленушiнiң кiнәсiнiң деңгейiн ескере отырып анықталады.

Мiндеттемелер заңына сәйкес, егер шығын адамдарға әуе транспортында келтiрiлсе, жауапкершiлiк әуе көлiгi иесiне жүктеледi.

Швед мемлекетiнiң транспорт заңына сәйкес автоинспекцияда тiркеуден өткен кез-келген транспорт құралы мiндеттi тұрде сақтандырылады, егер сақтандырылмаса 1 мың крон айып пул төлейдi.

Мынандай транспорт құралдары сақтандырылмайды: алынған, пайдалану құқығымен де, жеткiзуге пайдаланылған жазбаша келiсiм шарт негiзiнде әскери мақсатта журген транспорт құралдары.

Швецияда швед сақтандыруынан өтпесе де, егер ол 1959 жылы 20 сәуiрiнен Европалық конвенцияға тiркелсе, швед сақтандыруынсыз тасымалдауына рұқсат берiлген.

Жапонияның сақтандыру қызметі

19 ғасыр ортасында сақтандыру нарығы Жапония аралдарына да келiп жеттi. Жапонияның сақтандыру бизнесiнiң негiзiн осындағы шетелдiк кемелер салды. Алғаш рет жағалауды µлыбритандықтар игере бастады. Иокогома портында 240 сақтандыру компаниясы бар едi. Отандық сақтандырушылар 1879 жылдан бастап пайда болды. Алғаш рет ”Токио Марина” сақтандыру компаниясы құрылды, қазiргi таңда елдегi ең iрi компания болып есептелiнедi. Сегiз жылдан кейiнЯсудасақтандыру компаниясы пайда болды. Ол өмiрлiк емес сақтандыру бойынша екiншi орынға көтерiлдi.

1900 Жапонияда сақтандыру жайлы заң қабылданды. Жүз жыл өтсе де Бұл заңға өзгерту екi ақ рет жүргiзiлдi.

Сақтандыру компаниясының қызметiн Жапон қаржы министрлiгi бақылайды. Оның қарамағынан сақтандыру компаниясы ассоциациясы құрылды: өрттен, бақытсыз жағдайлардан өмiрлiк емес сақтандыру автомобильдi сақтандыру

Жапония компаниясы экономикалық тұрақты болғанына қарамастан, шығындарды азайтып, кiрiстi көбейтуге көңiл бөлiп отыр. Жапонияда жүктi сақтандыру орын алған.

Қытайдың сақтандыру қызметі

Қытай Халық Республикасының сақтандыру нарығы. Сақтандыру нарығы Қытайдың ақша-несие нарығының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қытай Халық Республикасындағы сақтандыру негізінен мүлікті сақтандыру, азаматтық жауапкершілікті сақтандыру, кепілді сақтандыру және жеке сақтандыру сияқты төрт негізгі сақтандыру түріне бөлінеді. Қазіргі кезде Қытайда сақтандыру компаниялары сақтандырудың 400 түрі бойынша қызмет көрсетеді. Қытайдың сақтандыру мекемелерінің ішінде ерікті және міндетті болып бөлінетін қайта сақтандыру операциялары кеңінен тараған.

Елдің сақтандыру нарығында акционерлік және шетел компанияларының

болғандығына қарамастан, елдің сақтандыру нарығының едәуір үлесін бұрынғыдай мемлекеттік сақтандыру компаниялары бақылап отырады. Мысалы, өмірді сақтандырудың Қытай компаниясының үлесіне елдегі өмірді сақтандыру көлемінің 52% келеді. Екінші орындаПинанькомпаниясы (24%) тұр. “Тайпинянкомпаниясы 11%-ды, ал  “Синьхуакомпаниясы 3,5%-ды бақылайды. Осылайша, қазіргі кезде тек төрт сақтандыру компаниялары ғана Қытайдағы өмірді сақтандырудың 90%-н қолында шоғырландырған.

АҚШтың сақтандыру қызметі

АҚШ сақтандыру нарығы. Қазіргі кездегі Америка Құрама Штаттарындағы сақтандыру нарығы мен бизнесі әлемде ең жақсы дамыған нарық болып табылады.

Америка Құрама Штаттарының монополиялары дамыған елдердегі бүкіл сақтандыру нарығының 50%-дан астамын бақылап отырады. Америка Құрама Штаттарында 10 мыңдай сақтандыру компаниялары жұмыс жасайды, олардың 8 мыңнан астамы мүліктік сақтандыруды жүзеге асырады. Америка Құрама Штаттарының әр штатының өзінің сақтандыру туралы заңы және сақтық бақылауы болады, сондықтан да ол жақта бірыңғай сақтандыру туралы заң және сақтық бақылау органы жоқ.

Әрине, әр штат өзінің жарғылық капиталын, көрсетілетін сақтандыру түрлерін бекітеді, өзіне қарасты сақтандыру ұйымдарына бақылау жүргізеді, сақтандыру қызметін қадағалап, реттейді, брокерлерге, агенттерге және сақтандыру компанияларына лицензиялар береді.

Америка Құрама Штаттарында сақтандыру ұйымдарының екі типі бар: акционерлік қоғамдар және өзара сақтандыру қоғамдары. Ол жақта мемлекеттік сақтандыру компаниялары жоқ. Компания акцияларын жеке және заңды тұлғалар иеленеді. Америка Құрама Штаттарында тарихи түрде сақтандыру компаниялары арасында өзара сақтандыру қоғамдарының үлесі басым болады деген ой қалыптасқан, бірақ олардың саны акционерлік қоғамдардан әлдеқайда азырақ

АҚШтың сақтандыру қызметі

Ел ішінде сақтандырудың үш типі қалыптасқан:

1)    бенефиттер (өмір мен денсаулықты сақтандыру, зейнетақыны сақтандыру, жинақтаушы, автокөліктерді сақтандыру, медициналық сақтандыру және т.б.);

2)    жеке мүліктік (бұл жерге құрылыстарды сақтандыру, автокөлікті және азаматтардың өзге де мүлкін сақтандыру жатады);

3)    коммерциялық (сақтандырудың барлық басқа түрлері).

Қазіргі кезде АҚШтың барлық сақтандыру компанияларының активтері 2 трлн доллардай соманы құрайды немесе орта есеппен алғанда әр компанияға 200 млн доллардан келеді. Барлық сақтандырушылар бақыланып отырады. Олардың қызметі : A.M.BEST, Moody S, Standart & Poors сияқты үш консалтингтік компаниялармен талданады. Бұл компаниялар қаржылық жағдайы туралы хабарлайды, сақтандырушылардың қызметі бойынша каталогтар шығарады, сенімділік рейтингін және төлем қабілеттілігі туралы мәліметтерді жариялайды.

АҚШтың сақтандыру қызметі

Жетекші сақтандыру компанияларынаСтейт фарм мьючуэл отомобил иншуранс компанитрансұлттық компаниясы жатады. Бұл компания 1922 жылы Иллинойс штатында негізі қаланып, көлікті, мүлікті, жазатайым уақиғалардан, авиацияны сақтандырумен және қайта сақтандырумен айналысады. Жиналған сыйақыларының көлемі бойынша әлемдегі алғашқы орындардың бірінде.

Әлемдік сақтандыру қызметі

Қазіргі таңда әлемдік сақтандыру нарығының сақтандыру қызметтерін Бастыс Еуропа 40%, Америка 35%, Азия елдері 20%, Африка 5% көрсетіп отыр. Әлем бойынша сақтандыру сыйақыларын қосқандағы сақтандыру нарығының көлемі 4,3трлн.долл.көрсетіп отыр, оның ішінде 2,5 трлн.долл (58%) өмірді сақтандыруға, ал қалған 1,8 трлн.долл басқа да сақтандыру қызметтері үшін жұмсалған.

Сақтандыру нарығына әсер ететін ең басты мәселелер:

Қаржы дағдарысы

Реттеушілік органдардың сақтандыру салалсына араласуы

Демографиялық өзгерістер

Дамушы елдердегі сақтандыру нарығының дамуы

Табиғи апаттардың болуы

Сақтандырудың экономикаға әсері



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу