Әлемдік психология ғылымындағы негізгі бағыттар


Әлемдік психология ғылымындағы негізгі бағыттар

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.

Ақпараттық технологиялар факультеті

Дайындаған: Ысқақ Нұржігіт

Инф – 21к

Психология

Психология психика және оның қалыптасу және даму заңдылықтары туралы ғылым.

Психикалық құбылыстарды 3 үлкен топқа жіктеуге болады:

Психикалық үрдістер – бұл объективтік шындықты субъективтік бейнелеудің әртүрлі формасы. Психикалық үрдістерді сонымен қатар психикалық функциялар деп атайды. Психикалық үрдістердің көмегімен қоршаған ортаны тану іске асады, білім мен дағдыны, оқыту мен іс-әрекетті меңгереді. Төмендегідей психикалық үрдістердің негізгі түрлері қарастырылады: түйсіктер, қабылдау, ес, елес, қиял, ойлау, сезім және эмоция, ерік.

Психикалық қасиеттер – бұл адамдардың бір-бірінен айырмашылығын білдіретін жеке тұлғаның дара психологиялық ерекшнліктері. Психикалық қасиеттерге темперамент, мінез, қабілеттілік жатады.

Психикалық жағдайлар (қалып) психикалық іс-әрекеттің уақытша дамуын сипаттайды. Оқыту мен іс-әрекеттің жемісті орындалуына ерекше ықпал ететін адамның ішкі дүниесінің саласы болып табылады.

Адамзат іс-әрекетінің нақты түрінің психологиялық проблемаларын зерттейтін психологияның салалары:

Еңбек психологиясы адамның еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми (ЕҒҰ) ұйымдастырудың психологиялық астарларын зерттейді. Еңбек психологиясының міндетіне адамның кәсіби ерекшеліктерін, еңбек дағдыларын дамытудың заңдылыұтарын, өндірістік жағдайдың ықпалын анықтау жатады. Еңбек психологиясы бірнеше бөлімдерден тұрады: олар сонымен қатар өз бетінше дербес, бір-бірімен байланысты психология ғылымдарының салалары. Олар: инженерлік психология; авиация; космос психологиясы.

Жас психологиясы әр жастағы адамның психикалық дамуының заңдылықтарын, әртүрлі психикалық үрдістер мен қасиеттерінің қалыптасуын зерттейді. Жас психологиясы мынадай бөлімдерге бөлінеді: балалар психологиясы, жеткіншек психологиясы, жастық шақ психологиясы, ересектер психологиясы.

Әлеуметтік психология әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың психологиялық ерекшеліктерін, топтар мен ұжымдардағы адамдардың өзара қарым-қатынастарын, ондағы жеке тұлғалардың жағдайын зерттейді

Педагогикалық психологияның зерттеу пәні адамды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу болып табылады. Педагогикалық психологияның бөлімдеріне немесе салаларына мыналар жатады: оқыту психологиясы; тәрбие психологиясы; ұстаз психологиясы мұғалім мен шәкірттердің арасындағы қарым-қатынасын, мұғалімге қойылатын талаптардың психологиялық мәселелерін зерттейді.

Медициналық психология дәрігер қызметінің және ауру мінез-құлқының психологиялық мәселелерін зерттейді. Ол нейропсихологияға, психофармокологияға, психотерапияға, психопрофилактика мен психогигиенаға бөлінеді.

Әскери психология соғыс іс-әрекеттері жағдайында адамның мінез-құлқын, бастықтар мен қармағындағылардың өзара қарым-қатынастарының психологиялық жағын, психологиялық насихаттың және қарсы насихаттың әдістерін, әскери техниканың басқарудың психологиялық проблемаларын зерттейді және т.б.

Заң психологиясы заң жүйесін іске асырумен байланысты психологиялық мәселелерді қарастырады. Ол сот психологиясы, криминалді психология, пенитенциарлық немесе еңбекпен түзеу психологиясы. Сот психологиясы тергеу үрдісіне қатысушылардың мінез-құлқының психологиялық ерекшеліктерін зерттеумен айналысады; криминалді психология мінез-құлықтың психологиялық проблемаларын және қылмыскер тұлғасын қалыптастыру мен қылмыстың себептерін анықтайтын саласын айтады; пенитенциарлық немесе еңбекпен түзеу психологиясы еңбекпен түзеу колониясында ұсталғандардың психологиясы, сендіру және көндіру әдістері арқылы тәрбиенің психологиялық проблемалары және т.б.

Спорт психологиясы спортшылардың жеке басы мен іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, психологиялық даярлықтың шарттары мен тәсілдерін, спортшылардың жаттығуының және даярлығының психологиялық өлшемдерін, жарыстарды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты психологиялық факторларды зерттейді.

Салыстырмалы психология жануарлардың психикасын зерттейтін психологияның саласы.

Дайындаған: Ысқақ Нұржігіт

Инф – 21к



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу