30 Тамыз - Конституция күні (Азат елдің ар-намысы - Ата Заң!)

 30 Тамыз - Конституция күні (Азат елдің ар-намысы - Ата Заң!)

Еліне арналатын тілегі шын,
Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!
Іргесін туған елдің тіреп тұрған
Қадірін Ата Заңның білемісің?!

Ешкім де мін таға алмас елдігіме!
Дауласып жармаспайды белдігіме.
Бойында Ата Заңның өріліп тұр
Даламның кеңдігі де, теңдігі де!

Бағынған өз заңына жұмыр ғалам,
Сондықтан Күннен Жерім суынбаған.
Қоғамның сан саласын реттейтін
Әрбір заң Ата Заңнан туындаған.

Бастайтын болашаққа бақ кемені,
Осы жол халықтың да нақ сенері!
«Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға
Елбасы қолын қойып Ант береді.

Болғанмен бұл Өмірде айлаң күшті,
Ел үшін кім тындырар қайран істі?!
Еліңнің дамуы мен дағдарысы
Ол-дағы Ата Заңға байланысты!

Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына,
Тікелей әсер еткен ғұмырына
Айналды Ата Заңым мызғымайтын
Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына!

Әр бабы, әр тармағы жойылмайды,
Шектеу де және тегін қойылмайды!
Келісім-шарт жасасқан барлық шет ел
Қазақтың Ата Заңын мойындайды!

Өмірден әділдік пен бақ табатын,
Құқығым қорғалды деп шаттанатын,
Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп
«Бұл біздің – Ата Заң» деп мақтанатын!

Өркендеп өз қолына алған ісі,
Биікке қазағымның самға, құсы!
Халық боп қадір тұтып, қастерлеген
Ата Заң – Азат елдің Ар-намысы!

Автор: Айбатыр Сейтақ

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. ZHARAR
    ZHARAR 30.08.2014 12:08
    1 + 2 -
    хабарласқаныңызға, рахмет. қате түзетілді. құрметпен, ZHARAR сайты
  2. Aibobek Seytak
    Aibobek Seytak 30.08.2014 09:47
    3 + 2 -
    Менің өлеңімді жариялағандарыңызға көп рақмет! Алайда, көшіріп жазғанда бір қате кетіп қалыпты. 6-шумақтың екінші жолындағы "Тікелей әсер еткен ғұмырына" деген сөйлемде "әсер" деген сөз "өсер" деп қате жазылыпты. "Әсер" деп дұрыс жазылып, дұрыс оқылуын өтінемін. Құрметпен, Айбатыр Сейтақ, АСТАНА, байланыс тел 8-775-628-1000;

Ілмектер: 30 тамыз конституция куни туралы казакша олен, конституция күніне өлеңдер, конституция күніне арналған өлеңдер, конституция күніне арналған өлең, 30 тамыз конституция күні, стихи на казахском языке день конституции казахстана, Қазақша өлең: 30 Тамыз - Конституция күні (Азат елдің ар-намысы - Ата Заң!), 30 Тамыз - Конституция күні (Азат елдің ар-намысы - Ата Заң!) казакша олен стихи, стихи на казахском языке день конституций 30 августа, Қазақша өлең: 30 Тамыз - Конституция күні (Азат елдің ар-намысы - Ата Заң!) казакша олен, ата заң туралы өлең шумақтары, ата заң туралы өлең жолдары, конституция туралы такпак, конституция туралы тақпақтар, 30 тамыз конституция күніне арналған өлең