Қазақша өлең: Шернияз Жарылғасұлы (Ай, Қазы би, Қазы би) » ZHARAR © 2017 | шернияз жарылғасұлы Ай Қазы би Қазы би өлең стихи на казахском шернияз жарылгасулы казакша олен, шернияз жарылгасулы олендери, шернияз жарылғасұлы өлеңдер жинағы, Ай, Қазы би, Ай Қазы би Қазы би




  • »

Қазақша өлең: Шернияз Жарылғасұлы (Ай, Қазы би, Қазы би)

Қазақша өлең: Шернияз Жарылғасұлы (Ай, Қазы би, Қазы би) казакша Қазақша өлең: Шернияз Жарылғасұлы (Ай, Қазы би, Қазы би) на казахском языке

Ай, Қазы би, Қазы би,
Үш таңбалы Майлыбай,
Жайылса жонға сыйғысыз
Әлім деген ел едік;
Он екі ата Байұлы,
Біз екеуіне тең едік;
Қонысым жақын болған соң,
Бізбен он үш деп едік.
Тауда жүріп тас кескен,
Құландай тауда жайлаған,
Тумыш атым бұйырғанға байлаған,
Сонау жүрген Адайдың
Түбінде атам бір-ді, - деп
Айқайлап арын арлаған,
Біз теңдіксіз несін жеп едік?
Ай, Қазы би, Қазы би,
Әлі де боса ойланыңыз.
Біз зиянсыз қорғамыз
Былтырғы өткен жаз күні
Біз Әлімге барғанбыз.
Қимағаннан қонысты,
Қайтып саған келгенбіз.
Келген кісім сен болсаң,
Көзге түрте бермеңіз
Енді қорлық көрсек те,
Анау жатқан Әлімге
Біз уәде бергенбіз.
Ай, Қазы би, Қазы би,
Көзіңді сал пайда,зиянға-ай.
Шыға қалмас мүйізің,
Кетені қуып қиянға-ай.
Сұңқарым қашты қолымнан,
Қарамайсың сөзге, ұялмай.
Аса бір қорлық көрмесе,
Қонысын кісі қиярма-ай?
Сұлтан Сиық деп келгенде,
Ел ішінде ел дегенім
Қарсы өзіме жау шықты,
Жылқыдан Кете сау шықты.
Мәлікенің айтқаны
Өтірік жала, дау шықты.
Назар алған жылқысын
Шернияздан алам дап,
Мәліке деген жау шықты.
Ай, Қазы би, Қазы би,
Жылда бір келсем жеріңе,
Зәуде келген қонақтай
Тәңір алдына барғанда
Қонақты күткен жалақтай,
Байұлының ішінде
Иланар кім сені ақтай?
Сен би дегенге мақтанба,
Теңдесіп сөйлер жер болса,
Айбынар кім, кім ақсай?
Ай, Қазы би, Қазы би,
Жұрттан озды аруағың,
Атаңыз батыр бұранда-ай,
Ниетпен келдім, аға деп,
Тимес пе пайда жеріме-ай?
Атаңның сөзі аз болар,
Сабыр етсең азырақ
өлмеген құлға жаз болар,
мен айтып болдым сырымды-ай.
Мен де атадан туғанмын,
Адаммын деп жүргенмін,
Мен-дағы қарап тұра алман,
Сен сүйкенсең ұрынбай.
Алдыңа арым жібермен
Үш таңбалыМайлыбай,
Тұқымым бітіп қырылмай.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 106
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .