Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Қамажай) » ZHARAR © 2017 | акуштап бактыгереева Қамажай стихи на казахском ақұштап бақтыгереева өлең олен казакша, ақұштап бақтыгереева өлеңдер жинағы, акуштап бактыгереева стихи на казахском, акуштап бактыгереева олен казакша, Қамажай, Қамажай туралы өлең олен




  • »

Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Қамажай)

Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Қамажай) казакша Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Қамажай) на казахском языке

Бұл өмірден көрмеген еш тапшылық,
Кеудесінде асыл арман, жақсы үміт.
Қатар өскен ай мандайлы аруға
Өлердейін ғашық еді жас жігіт.
Сенім мықты бір-бірін шын сүйгесін,
Көңілдері тапқан тату үйлесім.
Еш алаңсыз, еш күдіксіз екеуі
Бүгін тағы бірге өткізді би кешін.
Ұқсас еді ой-тілегі, арманы,
Өздеріндей қызу жастар жан-жағы.
Дәл бүгінгі әуен ырғақ сазына
Бірдей еді көзқарасы, талғамы.
Модадағы музыканы бағалай,
Жанған көздер от шашады жағалай.
Осы сәтте таңқалдырып барлығын
Кетті ойналып ойда жоқта «Қамажай».
Тосын шықты қоңыр әуен шұбалған
Сүйгеніне қол жетпеген мұң-арман.
Тынып қалған топтың бұзып ортасын
Бір сұлу қыз биге шықты бұралған.
Би қимылы өзінше бір сыр төкті,
Кей жастардың көзінде от жылт етті.
Жас жігіттің сүйген қызы сол сәтте
Әуенді де, бишіні де күлкі етті.
Құлағына білмей сенер-сенбесін,
Жігіт тұрды жиғандай боп енді есін.
Қозғап кетті сүйген қыздың күлкісі,
Түсініксіз бір сезімнің пернесін.
Неге күлді сүйікті ару ақ маңдай,
Сыңғыр күлкі жанға неге батқандай?
«Қамажайға» күлген қызға жігіттің
Ет жүрегі мұздап бара жатқандай.
Салқын ызғар қарып кетті өзегін,
Күте алмады келесі би кезегін.
Бұрылды да жүре берді мең-зең боп
Сұлу қалды түсіне алмай себебін.
Не сыр айтты көне әуен, алыс үн...
Не тұрады ол құлай сүйген жар үшін.
Жігіт кетті арпалысқан іштегі
Махаббатқа жеңдіре алмай намысын.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 107
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .