Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Борыш) » ZHARAR © 2016 | туманбай молдагалиев Борыш стихи на казахском языке казакша олен молдағалиев тұманбай өлеңдері, тұманбай молдағалиев өлеңдері әдеби әлем, туманбай молдагалиев казакша олендери, Борыш




  • »

Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Борыш)

Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Борыш) казакша Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Борыш) на казахском языке

Лыпылдап түскеніммен жылдам көзге,
Мен жолдас таба алмадым жырдан өзге.
Қайғыны шабу керек қылышпенен,
Ай-күнің сені аялап тұрған кезде.

Арала дүниені ден сауында,
Бергені саған Құдай берсе ауылға.
Дайында қызыңа да жасауды ерте,
Тайын да көрсетіп қой асау ұлға.

Ұйқыдан жүр өзіңді кіл оятып,
Ойлану, ояу жүру - о да бақыт.
Әкелік борыш деген борышыңды
Ұмытып кетіп жүрме Құдай атып.

Жансың ба жаурағанға от беретін,
Жомарт бол аздың өзін көп көретін.
Ағалық борыш та бар атқаратын,
Бір өзің іні алдында өткеретін.

Қайғыны, бірге көрдік қуанышты,
Көгіне кеудемізден қыран ұшты.
Борыш бар азаматтық ел алдында,
Қалай да өтеу керек сол борышты.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 163
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .