» » » Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Шойынжол)

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Шойынжол)

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Шойынжол) казакша Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Шойынжол) на казахском языке
Бір қаладан шығарып,
Азғантай елді қақ жарып,
Шойын жол сала бастап ед.
Өтіп кетті талай жыл,
Бітті ме екен сонау жол?
Пұл жетпей баста тастап ед.
Өтінішім, інішек,
Сол жаққа барсаң несіп боп,
Елге де барып қайтқайсың.
Басқан анау жол жайын,
Басылған анау ел жайын,
Әдейі көріп, айтқайсың.
Қаншама пұл төгіліп,
Неше мың жан жегіліп,
Бастаған жол бітіп пе?
Қара айғыры ырсылдап,
Қара қабан қорсылдап,
Елді басып өтіп пе?
Солқылдатып белдерін,
Толқындатып көлдерін,
Ұшқын бүркіп кетіп пе?
Бұла қырдың бұланы,
Қазағымның құланы -
Жылқы үркіп кетіп пе?
Ұрандасып Зеңгі ата
Өкіріп пе жиылып?
Құлақтары делдиіп,
Кұр аңырып ербиіп,
Қой тұрып па үйіліп?
Өзі ыржаңдап, айқайлап,
Көк шолағын борбайлап,
Қойшы қатар шауып па?
Шапқан күйде ыржиып,
Ат-матымен тырқиып,
Топырақты қауып па?
Азан-қазан ауыл жақ,
Қыз-қатыны дабырлап,
Бірін бірі түртіп пе?
«Сұмдық екен, ойбай-ау,
Ойбай, көтек, бетім-ау!»-
Деп беттерін жыртып па?
Салынғанға сонау жол
Болып енді біраз жыл,
Ел үйреніп кетіп пе?
Сұраған сенен бір тілек -
Көзіңмен көр, інішек,
Үйренгенде нетіпті?
Кеселді болмай аяғы,
Баяғы байлық - баяғы
Қолында мал бар ма екен?
Болмаса: «Оны ит жеген»,- деп,-
Өшпес байлық егін»,- деп,
Қабы толған дән бе екен?
Екеуінің бірі жоқ,
Қалың қайғы, ойға тоқ,--.
Қайран ел тозып жүр ме екен?
Кемпір, шал, бала, азамат
Станция біткенді аралап,
Көзін сүзіп жүр ме екен?
Сұр кетіп жұрттың жүзінен,
Сары қымыз көзінен
Бір-бір ұшып жүр ме екен?
«Қымызды жасық су ғой...» - деп,
Ендігі жас жеткіншек
Ащы су ішіп жүр ме екен?
Кешегі маңғаз бәйбіше,
Қолында құрттай бір кесе,
Қатық сатып тұр ма екен?
Сорлының жанын жаралап,
Саудалап тұрған бір cap ит
Қалжыңдап, шатып тұр ма екен?!
Алпыстағы Аналық,
Сатарына заты жоқ,
Көзін сатып жүр ме екен?
Көзін сатса, дариға,
Жанында бір қыз бала...
Қызын сатып жүр ме екен?
Өтінішім, інішек,
Бара қалсаң несіп боп,
Елге де барып қайтқайсың.
Басқан анау жол жайын,
Басылған анау ел жайын,
Әдейі көріп, айтқайсың.

Автор: ZHARAR | 837 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Бай бәйбіше)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Бай бәйбіше)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қазақ)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қазақ)
Өлең: Мағжан Жұмабаев (Қазан)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мағжан Жұмабаев (Қазан)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қара шалғы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қара шалғы)
Ертегі: Түлкі  қойшы  аю
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Түлкі қойшы аю
Қазақша ертегі: Түлкі, аю және қойшы
Қазақ халық ертегілер жинағы
Қазақша ертегі: Түлкі, аю және қойшы
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Айрылдым сенен, жан сәулем)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Айрылдым сенен, жан сәулем)
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Қырғыз, қазаққа)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Қырғыз, қазаққа)
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Қаламыма)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Қаламыма)
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Қайғылы сұлуға)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Қайғылы сұлуға)
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Қазан)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Қазан)
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Сәлем хат)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Сәлем хат)
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Зар)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Зар)
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Еслам қазасына көңіл айту)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Еслам қазасына көңіл айту)
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Еділдің сағасында)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Еділдің сағасында)
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Алданған сұлу)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Алданған сұлу)

KZ / Өлеңдер жинағы, магжан жумабаев Шойынжол өлең олен мағжан жұмабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих, стихи магжан жумабаев на казахском языке, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жумабаев стихи на казахском языке, Шойынжол, магжан жумабаев Шойынжол өлең олен мағжан жұмабаев стихи на казахском мағжан жұмабаев өлең олен стих стихи магжан жумабаев на казахском языке казакша олен магжан жумабаев мағжан жұмабаев өлеңдері магжан жумабаев олендери на казахском языке маг, Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Шойынжол) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке