» » » Өлең: Жұмағали Саин (Аждаһа — Гитлер)

Өлең: Жұмағали Саин (Аждаһа — Гитлер)

Өлең: Жұмағали Саин (Аждаһа — Гитлер) казакша Өлең: Жұмағали Саин (Аждаһа — Гитлер) на казахском языке
— Ей, аждаһа!
Мыстан кемпір
Кейпіне
Түскен залым!
Екі көзің,
Екі ұртың қан,
Жеген етің
Жас баланың
Сен, сұм Гитлер!
Көзің салшы
Алдындағы
Табағыңа!
Қолыңдағы
Тамағыңа!
— Не қолыңда?
Жасырма, азғын.
Қорегің мен
Ішкем асың,
Жеген наның
Шайнағаның:
Француздардың
Бауыр еті,
Голландықтың
Бауыр еті,
Гректердің жүрегі,
Немістердің
Бүйрегі...
Осы — сенің
Ішкен асың,
Осы сенің
Жеген наның,
Сен — аждаһа,
Жан — тамағың,
Сен мыстансың
Қан — шарабың,
Қап-қараңғы
Төсегіңнен
Оқтын-оқтын
Түрегеліп,
Кейде қорқау,
Кейде жылан
Бейне адамның
Түсіне еніп.
Немістердің
Жас баласын
Жанған отқа
Шыжғыртасың,
Уыт басып,
Оны жейсің.
Сонсын тығып
Қойдыртасың,
Сенің байың —
* * *
Жуһа жылан,
Ол да адамның
Етін жеген,
Бір күн қансыз
Тұра алмаған,
Қап ішпесе,
Еңіреген.
Содан бала
Бітіп саған,
Гитлер «ханым»!
Болдың талғақ.
Жерігіңді
Басамын деп,
Талай елді
Жұттың жалман.
Поляк, грек,
Голландықты.
Бельгияны,
Норвегтерді
Шауып алдын.
Қанға бояп,
Қақтап етін
Қойдың орап.
Қаның ішіп,
Етін жедің.
Талғағыңды
Баса алмады,
Не қақалып
Сен өлмедің.
Араныңды,
Аштың тағы.
Тағы жерік
Бола бердің.
Ей, аждаһа —
Гитлер залым!
Маскүнемдік
Әдетіңе
Шарап еттің
Адам қанын.
Гестапоңа
Бауыздатып
Күнде адамды
Сойдырасың.
Геринг пен.
Геббельсті
Жарылғанша
Тойдырасың.
Адамдардың
Тұтас етін
Алдарыңа
Қоясыңдар,
Құлақтарын
Отап алып,
Сонсын көзін
Оясыңдар.
Сен Гитлерсің!
Сен — аждаһа
Мыстан кемпір
Түріне енген!
Жуһа жылан —
Сенің байың,
Тек адамша
Түсі өзгерген.
Ей, Аждаһа —
Мыстан кемпір!
Жерігіңді
Баса алмай сен,
Жалмаймын деп
Алыстың ғой
Байтақ совет
Халқыменен.
Жемейсің сен
Бізден етті,
Іше алмайсың
Қанымызды
Шыққан күнді
Жоя алмайсың,
Құрта алмайсың
Таңымызды!
Ет орнына
Оқ береміз,
Қабырғаңды
Сөгетұғын,
Май орнына
Алмас қылыш,
Қаның судай
Төгетін.
Ішіңдегі
Жыландарды
Ақтарармыз
Жарып қана.
Құртармыз біз
Аждаһаны,
Жанған отқа
Қарып қана.
Тиген — өзің!
Жерге қақпай,
Талқан етпей,
Қоймаймыз біз!
Көрсіз қалдың,
Көмуің жоқ,
Бұл дүниені
Көруің жоқ,
Ей, аждаһа —
Гитлер залым!
Үкімі осы
Бұқараның!
Осы болса
Сағынғаның
Шықты жаның
Шықты жаның!

nurgul95 | 37 |


Комментарии для сайта Cackle

Рекомендуем:
"Карантинге жатқызамын": Желіде дәрігердің көлік жүргізушісін "қорқытқан" сәті тарады
"Карантинге жатқызамын": Желіде дәрігердің көлік жүргізушісін "қорқытқан" сәті тарады
Автокөлік үстіне іш киіммен шыққан астаналық жауапқа тартылды (видео)
Автокөлік үстіне іш киіммен шыққан астаналық жауапқа тартылды (видео)
Биыл мешіттерде Ораза айт намазы оқыла ма?: ҚМДБ жауап берді (видео)
Биыл мешіттерде Ораза айт намазы оқыла ма?: ҚМДБ жауап берді (видео)
"Жеті бөлімнен тұрады": Тәуекел Мүсілім тойын осы жазда дүркіретіп атап өтпекші
"Жеті бөлімнен тұрады": Тәуекел Мүсілім тойын осы жазда дүркіретіп атап өтпекші
Өлең: Жұмағали Саин (Қайратқа жеңдір қайғыңды)
Өлең: Жұмағали Саин (Қайратқа жеңдір қайғыңды)
Өлең: Жұмағали Саин (Мойсей)
Өлең: Жұмағали Саин (Мойсей)
Өлең: Жұмағали Саин (Айрылысқан досқа)
Өлең: Жұмағали Саин (Айрылысқан досқа)
Өлең: Жұмағали Саин (Екі өзен)
Өлең: Жұмағали Саин (Екі өзен)
Өлең: Жұмағали Саин (Арнау)
Өлең: Жұмағали Саин (Арнау)
Өлең: Жұмағали Саин (Міне ауыл)
Өлең: Жұмағали Саин (Міне ауыл)
Өлең: Жұмағали Саин (Мөлдір бұлақ)
Өлең: Жұмағали Саин (Мөлдір бұлақ)
Өлең: Жұмағали Саин (Жетім серті)
Өлең: Жұмағали Саин (Жетім серті)
Өлең: Жұмағали Саин (Саған, ана!)
Өлең: Жұмағали Саин (Саған, ана!)
Өлең: Жұмағали Саин (Киров)
Өлең: Жұмағали Саин (Киров)
Өлең: Жұмағали Саин (Мәз емес)
Өлең: Жұмағали Саин (Мәз емес)
Өлең: Жұмағали Саин (Бір сұлуға)
Өлең: Жұмағали Саин (Бір сұлуға)
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Күрсінбеші)
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Күрсінбеші)
Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Нәпсi аждаһа)
Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Нәпсi аждаһа)
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Біздер жеңдік!)
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Біздер жеңдік!)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Осы қымыз қазаққа)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Осы қымыз қазаққа)

KZ / Өлеңдер жинағы, жұмағали саин сайын Аждаһа — Гитлер өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, Аждаһа — Гитлер, жұмағали саин сайын Аждаһа — Гитлер өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы жумагали саин стихи на казахском языке жумагали саин олендери шыгармашылыгы Аждаһа — Гитлер, Өлең: Жұмағали Саин (Аждаһа — Гитлер) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке