Міржақып Дулатұлы (Газет-журнал)

 Міржақып Дулатұлы (Газет-журнал)

Білесіз дүние жүзі толған халық,
Олардың арасында бар көп парық.
Алты айлық алыс сапар аралары,
Тұрады бір-бірінен хабар алып.
Шашатын сол хабарды газет-журнал
Хал-жайын, шаруаларын түгел жазып.
Жетеді күн батысқа жұмасында
Оқиға күн шығыста болған анық.
һәр жұрттың күзетшісі, көз-құлағы,
Айнадай оқушыға бәрі жарық.
Болса егер қауіп-қатер, жау менен жұт
Білгізер күні бұрын еске салып.
Болмаса газет-журнал білу қиын,
Көзімен көре алар ма һәр кім барып.
Жылында төрт-бес теңге төлеп тұрсаң,
Кісіден сұрамай-ақ болдың қанық.
Қимасаң аз нәрсені, өз пайдаңа,
Есігі өнер-білім саған жабық.
Дүниені жүріп көрмей, естіп білмей,
Жатасың ішің пыспай үйде неғып?

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Ұқсас мақалалар:
» Міржақып Дулатұлы (Айқапқа)
» Міржақып Дулатұлы (Таң)
» Міржақып Дулатұлы (Һүнерменен хасыл болған нәрселер)
» Міржақып Дулатұлы (Таң)
» Міржақып Дулатұлы (Жігіттерге)
» Міржақып Дулатұлы (Аяңыздар жетімді)
» Міржақып Дулатұлы (Я, алла)

Іздеп көріңіз:

Жаңалықтар:
» 2021 жылы пітір садақа мөлшері 420 теңге болып белгіленді (фото) 04.04.2021, 0
» Алматыда жоқ көлік үшін алдын-ала төлем алған жігіт ұсталды 02.04.2021, 0
» "Дәл мені ұстағысы келді ме": Мейрамханада ұсталған Қайрат Нұртас оқиғаға пікір білдірді 26.03.2021, 2

Келесі мақала жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы