» » » Өлең: Мұхтар Шаханов (Тарихи жады тұжырымы)

Өлең: Мұхтар Шаханов (Тарихи жады тұжырымы)

Өлең: Мұхтар Шаханов (Тарихи жады тұжырымы) казакша Өлең: Мұхтар Шаханов (Тарихи жады тұжырымы) на казахском языке
Айналайын, келіндерім,
Гүл қанатты өрімдерім,
Кешіріңдер, аруларым ай қабақ,
Ай қабақтан бақыттарың бара жатыр тайғанап.
Мен сендерге еліміздің зұлымдықтан сорлаған,
Арғы-бергі тарихында бұрын-соңды болмаған
Бір өтініш айтам деймін...
Ол өтініш бірақ та
Заң боп еңгей әр саналы құлаққа.
Өздеріңмен алты ай бойы ел намысын орман ғып,
Жер қайысқан қалың жауға қарсы тұрдық, қорғандық.
Мұрша бермей титықтатты қара күштің дауылы.
Енді біздер, кілең еркек қауымы,
Осы Отырар қамалының қасында,
Естелік боп келер талай ғасырға,
Нағыз ерлер санатында қарсы аламыз өлімді,
Рухымыз еңкейген жоқ, тек тәніміз жеңілді.
Қайсар pyx ойшыл қала мінезіне дөп келді.
Жылжыта алмай жанығып атын алға,
Ыза буған Шыңғыс хан Отырарда
Еркек кіндік қалдырмауға серт берді.
Бірақ, бірақ күннің көзін кім мәңгілік жабады?
Жасырынған дәндей боп гүл шоқтарға
Кейбір ана-құрсақтарда
Сөзсіз біздің ұрпағымыз қалады!
Күрескер мұң қай кезде де қасіретке төзімді
Сол ұрпаққа жеткізіңдер менің мына сөзімді:
"Бақ таппайды залым ойдың шаршағанын аяған,
Шыңғыс ханға жарты әлемді қызыл қанға бояған
Тиістіміз тарих сотын, жады сотын жасауға,
Құрық керек тіршілікке өлім сепкен асауға.
Тым ұмытшақ енжарлыққа шындық қалай бас ұрмақ?
Сондықтан да Отырардан тараған әр жас ұрпақ
Іздеп тауып Шыңғыс ханның моласын,
Есіне алып шейіт болған атасы мен бабасын,
Есіне алып дүниені дүр сілкінткен індетті,
Сол молаға үш қара тас лақтыруға міндетті.
Қара тастар жинала кеп қара тауға айналар,
Өз тарихын ұмытқандар тауды көріп ойланар.
Айдарынан жел ескенмен,
Кей елдердің ойы өспеген, бойы өскенмен,
Жан байлығы саяз, содан іс-қимылы тайғанақ.
Бағынғыш һәм еліктегіш мінезімен иіліп,
Зұлымдықты батырлыққа шатастырып, сүйініп,
Өз ішінен шыққан залым ұлдарын
Байрағы етіп жердегі сан тұлғаның,
Даңқ пен дақпырт тұғырына өнеге ғып байламақ.
Қайда, қайда бастамақ құлдық сана,
Сөйтіп олар бір беткей шындыққа да
Қаяу салып, бояу жағып ойнамақ.
Бұл шараның түпкі мәні мынада:
Кейбір елдер, кей нәсілдер мүбада,
Өздерінің мейірім, әдеп-дәстүрінен тысқары,
Әділетсіз қан төгуге бағытталған құштары,
Қара пейіл тұлға туса және оны қолдаса,
Ол қолдаудан жазықсыз жұрт сорласа -
Онда әлгі бейшара елдің озғаны емес, тозғаны,
Зұлымдықтың күрегімен даңқына көр қазғаны.
Қанға жерік қара тұлға туған ел,
Өз шаттығын өзге жұрттың көз жасымен жуған ел
Ақтау үшін қара күйе жұққан қара есімін,
Зардап шеккен басқа елдерден өз басшысы арқылы
Ата-тарих алдында сұрау керек кешірім.
Бар кезеңде рухани тазарудың парқы ұлы,
Парқы ұлының—даңқы ұлы.
Сонда ғана парасат асқарынан,
Адамзаттың пенделік аспанынан
Бәсеңдемес әділ ойлар, лағыл ойлар жарқылы!
Әйел
Бұл асаси сөзіңіз
Болсын біздің арамызда мәңгі қалар көзіңіз
Және ол сөзге келер ұрпақ өз намысын жанысың!
Әйелдер тобы
Ант етеміз сол үшін!
Ант етеміз сол үшін!

Автор: nurgul95 | 150 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Мұхтар Шаханов (Ерлер достығы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Ерлер достығы)
Өлең: Мұхтар Шаханов (Қарағайға қарсы біткен бұтақ)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Қарағайға қарсы біткен бұтақ)
Өлең: Мұхтар Шаханов (ТЖ-лар)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (ТЖ-лар)
Өлең: Мұхтар Шаханов (ГИМАЛАЙ ЖОЛБАРЫСТАРЫ немесе малдық сана туралы мұң)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (ГИМАЛАЙ ЖОЛБАРЫСТАРЫ немесе малдық сана туралы мұң)
Өлең: Мұхтар Шаханов (Желтоқсан тағлымы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Желтоқсан тағлымы)
Өлең: Мұхтар Шаханов (Айналайын)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Айналайын)
Өлең: Мұхтар Шаханов (Баба Түркістан)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Баба Түркістан)
Өлең: Мұхтар Шаханов (Күрескерлік рухыңды өлтірме)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Күрескерлік рухыңды өлтірме)
Қазақша өлең: Қайсар Қауымбек (Іле)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қайсар Қауымбек (Іле)
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Өмір-өзен)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Өмір-өзен)
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Тілек)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Тілек)
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Әйелдер)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Әйелдер)
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Эверестке шығу)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Эверестке шығу)
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Түркістандағы тау)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Түркістандағы тау)
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Оралу)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Оралу)
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Mалдық сана туралы мұң)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Mалдық сана туралы мұң)

KZ / Өлеңдер жинағы, мұхтар шаханов Тарихи жады тұжырымы өлең стихи на казахском мухтар шаханов олен казакша, мұхтар шаханов өлеңдері, мухтар шаханов олендери, мухтар шаханов стихи на казахском, Тарихи жады тұжырымы, мұхтар шаханов Тарихи жады тұжырымы өлең стихи на казахском мухтар шаханов олен казакша мұхтар шаханов өлеңдері мухтар шаханов олендери мухтар шаханов стихи на казахском Тарихи жады тұжырымы, Өлең: Мұхтар Шаханов (Тарихи жады тұжырымы) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке