» » » Өлең: Мұхтар Шаханов (Ұшақ үстіндегі ой)

Өлең: Мұхтар Шаханов (Ұшақ үстіндегі ой)

Өлең: Мұхтар Шаханов (Ұшақ үстіндегі ой) казакша Өлең: Мұхтар Шаханов (Ұшақ үстіндегі ой) на казахском языке
Шаңқай түсте,
Яки нұрлы ақ таңда,
Нән ұшақпен самғап бара жатқанда,
Көз салсаңыз төменге:
Біртегіс боп көрінеді жыралар,
Тереңінде жыланы бар ұралар,
Байқалмайды әжім-әжім қыраттар,
Қырат көзін жарып шыққан бұлақтар.
Бұққан сансыз құпиялы ойларға,
Біртегіс боп көрінеді сайлар да.
Біртегіс боп көрінеді
Қыр мұрынды қырқалар ала бөтен,
Сәулет беріп жатқандай далаға кең.
Сөйтсем, мына қашықтық қанша сырды
Сырт көздерден бүркелеп қалады екен.
Мен де сенен көп мезгіл қашық жүріп,
Назарымды жан-жаққа шашып жүріп,
Байқамаппын жаныңның жыраларын,
Жылан бұққан зымыстан ұраларын.
О, тағдырым, Тірек бол тілегіме,
Сабырлы ойдың қашырма сұрқын тіптен,
Қас пен достың қажырлы жүрегіне
Тек жақыннан қарауға мүмкіндік бер!
Ал егер мен жақыннан қателессем,
Жақын келген бақытқа қуанбасам,
Жақын тұрған биікке шыға алмасам,
Жақын жүріп жауымды танымасам,
Жақын жүріп досымды ұға алмасам,
Өз қайғыммен өзімді жазалағын,
Онда менің өзіме - өз обалым!

Автор: nurgul95 | 158 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, мұхтар шаханов Ұшақ үстіндегі ой өлең стихи на казахском мухтар шаханов олен казакша, мұхтар шаханов өлеңдері, мухтар шаханов олендери, мухтар шаханов стихи на казахском, Ұшақ үстіндегі ой, мұхтар шаханов Ұшақ үстіндегі ой өлең стихи на казахском мухтар шаханов олен казакша мұхтар шаханов өлеңдері мухтар шаханов олендери мухтар шаханов стихи на казахском Ұшақ үстіндегі ой, Өлең: Мұхтар Шаханов (Ұшақ үстіндегі ой) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке