» » » Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Батыр Қазтуған Мұрат ақыннан жазылды)

Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Батыр Қазтуған Мұрат ақыннан жазылды)

Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Батыр Қазтуған Мұрат ақыннан жазылды) казакша Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Батыр Қазтуған Мұрат ақыннан жазылды) на казахском языке
Мен неткенмін, неткенмін,
Қурайлы жүріп жеткенмін!
Тай сойған мен Дендерден,
Сағыз менен Жемдерден,
Құралайдай шұбырып,
Күліп-ойнап өткенмін!
Ойылдың тамды көліне,
Бір түстеніп кеткенмін.
Маңғыстаудың ойына,
Етек-жеңім жыртылып,
Ақ қырауда жеткенмін.
Ойыл да Қиыл, Жем,
Сағыз, Саланың жатқан аңғары - ай!
Ақ шалмалы пірлердің,
Мешітке жаққан шамдары - ай!
Менің қорғалақтап жүргенім,
Анаңа нәлет кәпірдің,
Күшене тартқан салдары - ай!
Кәпірден теңдік аларға,
Қайтып келер деп пе едің,
Мұсылманның Шыңғыс хандары - ай!
Бұ қоныстан кетпесең,
Мұны талақ етпесең,
Атаңа нәлет кәпірдің,
Пайдасына қалмаса игі еді!
Ноғайлы Қазақ жұртымның,
Кейінгі туған балалары - ай,
Адыра қалғыр Көк Жайық,
Менің аңырап қалды-ау қонысым,
Қонысымнан ауған соң,
Кемімесе игі еді өрісім!
Таудағы тарлан бөрі едім,
Тарылғанға ұқсайды тынысым.
Заманнан қорқып барамын,
Оралдың күшті болды-ау орысы.
Кейінгі туған жас бала,
Ақ балтырын түрініп,
Басарына ерініп,
Жүргеніне сүйініп,
Көкірегі күйініп,
Ықтиярсыз жүгіріп,
Аузы түкті кәпірдің,
Қылмаса игі еді жұмысын!
Нарын, сені қайтейін?!
Жатып қалған боз тайлақ,
Атан болған жер!
Жатып қалған бір тоқты,
Мың қой болып өрген жер!
Атамыз қазақ өзіңнен,
Анықталып туған жер!
Кіндігімді кескен жер,
Кірімді аппақ етіп жуған жер,
Жайық, сені қайтейін,
Ағашың айбар көрінген,
Жапырағы жерге төгілген,
Жапырағы жасыл ала қамқадай,
Бұтағы бұрама күміс алқадай.
Балдырғаның білектей,
Баттауығың жүректей,
Боташы шынардай. ... сазаң соқты,
Бұл арна жырақ қараған,
Бүйісі қойдай тараған,
Балығының көбінен,
Байлар талқы жаба алмас,
Бақасының көбінен,
Тыныштық адам таба алмас.
Балығы жайдай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған,
Жеті жұртты жалмаған,
Жұрт қойдың ба алмаған,
Мұсылманның баласын,
Сен кіріптар қыларсың!

Автор: nurgul95 | 114 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, махамбет өтемісұлы Батыр Қазтуған Мұрат ақыннан жазылды өлең стихи на казахском махамбет утемисулы олен казакша, махамбет өтемісұлы өлеңдері, махамбет утемисулы олендери, махамбет утемисулы стихи на казахском, Батыр Қазтуған Мұрат ақыннан жазылды, махамбет өтемісұлы Батыр Қазтуған Мұрат ақыннан жазылды өлең стихи на казахском махамбет утемисулы олен казакша махамбет өтемісұлы өлеңдері махамбет утемисулы олендери махамбет утемисулы стихи на казахском Батыр Қазтуған Мұрат ақыннан жазылды, Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Батыр Қазтуған Мұрат ақыннан жазылды) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке