» » » Өлең: Қадыр Мырза Али (Жаңбырдан соң)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Жаңбырдан соң)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Жаңбырдан соң) казакша Өлең: Қадыр Мырза Али (Жаңбырдан соң) на казахском языке
Жалт-жұлт етіп, сарт-сұрт етіп жалт ойнап,
Жаздай жаңбыр жаумап еді — жұрт айғақ.
Бимаза жел аспан астын аралап,
Бір мезгілде алып келді бұлт айдап.
Сол-сол екен дала нұрға кенелді,
Қара нөсер құйып ала жөнелді.
Ойнап еді бір топ бала ілкіде
Санын соғып, алақайлап,
Ал енді
Жаңбырдың мол селдетерін білгесін,
Жүгірісіп үйді-үйіне жиды есін.
Жоғалды бұлт
Жабыстырып үстіне
Шөпшілердің күнсіп кеткен жейдесін.
Су-су қылып бозторғайды, шымшықты,
Сілкінді де сұп-сұр аспан тыншықты.
Сахна — көк, шымылдық — бұлт сырылып,
Сығалады, нұрын сеуіп күн шықты.
Жұтты гүлдер нөсер суын, шуақты.
Жылғалардан жылжып қана су ақты.
Жаңбырдан соң күлімдеді табиғат
Жақсы баға
Алған бала
Сияқты

Автор: nurgul95 | 159 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, қадыр мырза али Жаңбырдан соң өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Жаңбырдан соң, қадыр мырза али Жаңбырдан соң өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша қадыр мырза али өлеңдері кадыр мырза али олендери кадыр мырза али стихи на казахском Жаңбырдан соң, Өлең: Қадыр Мырза Али (Жаңбырдан соң) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке