Өлең: Мұқағали Мақатаев (Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы)

Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,
Бұдан артық рахат табылмайды.
Бұлдырасын өткен күн сағымдай бір,
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы.
Қар да ілігіп қалған-ды тау басына,
Мұз тоңды ма бұлақтың жамбасына?
Суық келіп, суыр да жатқан шығар,
Қамдап алып азығын қамбасына.
Төрт түліктен төгілген шалқар әнді,
Ұзатқан-ды, жайлау да тарңаған-ды.
Ескі жұртты тіміскіп, қорқау әлгі
Қажалап та жүрген-ді қаңқаларды.
Сағыныштай сарғайып жанды ма күз,
Сары шәйі жамылып алды ма түз?
Қурайларын сыңсытып сыбызғыдай,
Қаңбағы ұшып, қаңырап қалды ма аңыз?
Әңгімеле тауын да, даласын да,
Қырқасын да, сайын да, саласын да.
Ақбоз үйдің түндігін желпілдетіп,
Қонды ма кеп қойлы ауыл Қарасуға?
Қарасуға қосылып тұна барып,
Жатқан болар іргеде бұлақ ағып?
Арып келіп, тойынып қайтқан болар,
Toп тырналар аспанға сына қағып?
Бұдан артық рахат табылмайды.
Бұлдырасын өткен күн сағымдай бір,
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы.
Қар да ілігіп қалған-ды тау басына,
Мұз тоңды ма бұлақтың жамбасына?
Суық келіп, суыр да жатқан шығар,
Қамдап алып азығын қамбасына.
Төрт түліктен төгілген шалқар әнді,
Ұзатқан-ды, жайлау да тарңаған-ды.
Ескі жұртты тіміскіп, қорқау әлгі
Қажалап та жүрген-ді қаңқаларды.
Сағыныштай сарғайып жанды ма күз,
Сары шәйі жамылып алды ма түз?
Қурайларын сыңсытып сыбызғыдай,
Қаңбағы ұшып, қаңырап қалды ма аңыз?
Әңгімеле тауын да, даласын да,
Қырқасын да, сайын да, саласын да.
Ақбоз үйдің түндігін желпілдетіп,
Қонды ма кеп қойлы ауыл Қарасуға?
Қарасуға қосылып тұна барып,
Жатқан болар іргеде бұлақ ағып?
Арып келіп, тойынып қайтқан болар,
Toп тырналар аспанға сына қағып?
Автор: nurgul95 | 170 |
Загрузка...
Рекомендуем:

Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Өмір жайлы)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Тay бір аңыз)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Тағы да күз тағы міне сары таңды ұзақ түн)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Сағыныштан сарғайып сары қайың)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Өтініш)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жиі енеді)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Самал есті)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қойлы ауылда)

Ғылыми жұмыстар жинағы [тегін]
Ғылыми жұмыс (жоба): Ынтымағы жарасқан Ақмаяға 80 жыл

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қызықпа, қыз!)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Ауылдың алды)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Арқат)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Біздің ауыл

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ескі әнді, шеше, қозғама!)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Беташар)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы)