Әсет Ақдәулет (Құнанбайдан қалған құндылық)
Алладан сезіне жүріп күнді ұлық,
Жақсы адам болам деген, тұрды үміт.
Жасымыздан жасанды болмас үшін
Керек бізге қариядан құндылық.
Құндылықтан саналы ой, жиғам дерек,
Үлкенменен кішіні сыйлау бөлек.
Құнды сөзден құнды қалдық қалу үшін
Адамдарға ең бірінші – Иман керек.
Алла бізге ақыл берген, бақ берген.
Тақуалық тарихыма тап келген.
Қария көп қарағылды қақ жарған
Сара жолды, сабырлықпен сап берген.
Іздемедім ізгі әкені жат елден,
Ұлылықты ұлыма деп әперген.
Құнанбай бар, құны қазық қазына
Ұлы Абайды дүниеге әкелген.
Абайдай, ұлы ақынды әкелер кім,
Әке болып жайы жоқ мәпелер тым.
Тұла бойда тұнып тұрған тектілік
Қарт Құнанбай әкесі, әкелердің.
Қаһар мінез, тұла бойда тұр айбын,
Демеуші еді, өтірік айтсам ұнаймын.
Білмей жүрген, кей пендеге ескертті
Насихаттап бар екенін құдайдың.
Үлгі тұтып тұрушы еді көп кісі,
Барша жұртқа жасалынған жетті ісі.
Өтеп қайтты қажылығын қайратты ер
Жетелеп жүрген кезде жетпісі.
Абай да әке сөзін айтқан ба?
Сезінер жұрт сүбелісін айтқанда,
Арғы атасы қажы еді деп жоқтады
Абай ұлы, Әбдірахман қайтқанда.
Ұлттың рухы, қарияны қинайтын,
Елін әркез жақсылыққа жинайтын.
Дәрежесі тек қажылық болсада
Ел – жұрты, пайғамбардай сыйлайтын.
Тәрбиелеп, тамырлы терең ұл – қызды,
Бәріне де құран нұрын білгізді.
Күмбірлеттіп күмбезін құранменен
Қарқаралыға бір мешітін тұрғызды.
Мұсылман үшін осы емес пе, нағыз бақ?
Қарт Құнанбай біздер үшін аңыз нақ.
Заманының аңдып әркез адымын
Отыратын үлгі – істерді уағыздап.
Насихаттап, бір Құдайға сенерін,
Үлгі етіп, құдіретті шеберін.
Елге сыйлы, қарт Құнанбай үлгі етті
Құндылықта құлшылықпен келерін.
Ел оны, имандыққа бай көретін,
Келісер шықса болды, қай бір өкім.
Бұл заманға, бір Құнанбай керек боп жүр
Ісіменен айтқан сөзі, сай келетін.
Мінез керек, артық не бар, бұдан бай,
Парасат пен парқың түзу құралмай.
Абайдайын болам десең ұлы адам
Ең бірінші – болу керек, Құнанбай.
Жақсы адам болам деген, тұрды үміт.
Жасымыздан жасанды болмас үшін
Керек бізге қариядан құндылық.
Құндылықтан саналы ой, жиғам дерек,
Үлкенменен кішіні сыйлау бөлек.
Құнды сөзден құнды қалдық қалу үшін
Адамдарға ең бірінші – Иман керек.
Алла бізге ақыл берген, бақ берген.
Тақуалық тарихыма тап келген.
Қария көп қарағылды қақ жарған
Сара жолды, сабырлықпен сап берген.
Іздемедім ізгі әкені жат елден,
Ұлылықты ұлыма деп әперген.
Құнанбай бар, құны қазық қазына
Ұлы Абайды дүниеге әкелген.
Абайдай, ұлы ақынды әкелер кім,
Әке болып жайы жоқ мәпелер тым.
Тұла бойда тұнып тұрған тектілік
Қарт Құнанбай әкесі, әкелердің.
Қаһар мінез, тұла бойда тұр айбын,
Демеуші еді, өтірік айтсам ұнаймын.
Білмей жүрген, кей пендеге ескертті
Насихаттап бар екенін құдайдың.
Үлгі тұтып тұрушы еді көп кісі,
Барша жұртқа жасалынған жетті ісі.
Өтеп қайтты қажылығын қайратты ер
Жетелеп жүрген кезде жетпісі.
Абай да әке сөзін айтқан ба?
Сезінер жұрт сүбелісін айтқанда,
Арғы атасы қажы еді деп жоқтады
Абай ұлы, Әбдірахман қайтқанда.
Ұлттың рухы, қарияны қинайтын,
Елін әркез жақсылыққа жинайтын.
Дәрежесі тек қажылық болсада
Ел – жұрты, пайғамбардай сыйлайтын.
Тәрбиелеп, тамырлы терең ұл – қызды,
Бәріне де құран нұрын білгізді.
Күмбірлеттіп күмбезін құранменен
Қарқаралыға бір мешітін тұрғызды.
Мұсылман үшін осы емес пе, нағыз бақ?
Қарт Құнанбай біздер үшін аңыз нақ.
Заманының аңдып әркез адымын
Отыратын үлгі – істерді уағыздап.
Насихаттап, бір Құдайға сенерін,
Үлгі етіп, құдіретті шеберін.
Елге сыйлы, қарт Құнанбай үлгі етті
Құндылықта құлшылықпен келерін.
Ел оны, имандыққа бай көретін,
Келісер шықса болды, қай бір өкім.
Бұл заманға, бір Құнанбай керек боп жүр
Ісіменен айтқан сөзі, сай келетін.
Мінез керек, артық не бар, бұдан бай,
Парасат пен парқың түзу құралмай.
Абайдайын болам десең ұлы адам
Ең бірінші – болу керек, Құнанбай.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?