Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Бір адам көп жасады жер бетінде) » ZHARAR © 2016 | сұлтанмахмұт торайғыров Бір адам көп жасады жер бетінде өлең стихи на казахском султанмахмут торайгыров казакша олен, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров стихи на казахском языке, султанмахмут торайгыров өлеңдері, Бір адам көп жасады жер бетінде




  • »

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Бір адам көп жасады жер бетінде)

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Бір адам көп жасады жер бетінде) казакша Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Бір адам көп жасады жер бетінде) на казахском языке

Бір адам көп жасады жер бетінде,
Мекендеп жақсы жайды ел шетінде.
Зорлықшыл, арам ойлы, ұры болды,
Құралған арамдықтан дәулеті де.
Нашарды зар жылатқан жалғызын жеп,
Тірлікте ойламаған «өлемін» деп.
Жалғанды жалпағынан басып өтті,
«Жазғанын көрге бара көремін» деп.
Сол сорлы ауырып жатыр өлейін деп,
Қимайтын аманатын берейін деп.
Тауысып ап желдей ескен аз өмірді,
Қойнына суық көрдің енейін деп.
Өлді ол мезгілінде ажал жетті,
Өлшеулі дүниеден демі бітті.
Оранып үш қары бөз басқа түк жоқ,
Сақтанбай тірлігінде көрге кетті.
Жатты ол қараңғыда зәресі ұшып,
Тірлікте молда айтқаны еске түсіп,
Дейтұғын: «имансызға періштелер
Көрсетер көр азабын тәнді қысып».
Қозғалып, шамасы жоқ тұратындай,
Созылды қараңғылық таң атырмай.
«Қайда жүр періштесі сұрайтұғын,
Кешікті-ау, бұлар қайда, деп жапырмай?»
Сонымен әлденеше жылдар өтті,
Тән шіріп, топырақ боп, тозып бітті.
Шыбын жан айналсоқтап, сасық көрде
«Періште келеді» деп, босқа күтті.
Ал енді молда қайда, сөзі қайда,
Беретін ұжмақ, дозақ анау жайда?
Білмеймін анығын да, танығын да
Бас қатты шешемін деп, жоқты ойда.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 86
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .