Тауық жылы 2017 жыл қандай болады?

Тауық жылы 2017 жыл қандай болады?

Шығыс күнтізбесі бойынша 2017 жыл – Тауық жылы. Мүшел есебінің оныншы жылын қызыл немесе отты қораз жылы деп те атайды. Сонымен, биылғы «оттай лаулаған» жыл баршамызға не береді? Қораздың биыл қандай мінез танытатынын baq.kz тілшісі анықтап көрді.

Кәріқұлақ, көнекөз қариялардан тарихта Тауық жылы қандай болғанын естіп өстік. Қариялардың айтуына қарағанда дәл осы Мешін кетіп, Тауық туатын 1969 жылдың жазы қуаңшылықпен өтіп, қысы малшы мен шаруаға өте жәйсіз болыпты. Бүкіл ел аумағын қалың қар жауып, үскірік боран бірнеше апталап соққан екен. Содан 1969 жылғы Тауық жылы «жұт болған жыл» ретінде елдің есінде қалған...

Тауық жылы туар-тумастан, Мешіннің өзі кетпей жатып ақ, қалың қардың басын биыл да көріп отырмыз. Оның арты немен ұласары әзірге тек Жаратушыға ғана аян. Ал енді жауырыншылар мен болжағыштар не дейді?..

2017 жылдың бірқалыпты өтпейтіні анық. Биылғы жылдың символы сияқты 12 ай ширақ мінез танытады. 2017 басында қораз бірқалыпты, байсалды болғанымен, көктемге қарай құс түрлі жаңалықтарымен баршаны әуре-сарсаңға сала бастайды. Бұл жылдың басты қағидасы – өмірдегі кез-келген өзгеріске философиялық тұрғыдан қарау. Жалқаулықты ұмытқан адамдар үшін қораз жылы берекелі болмақ. Ептілердің қызметі өсіп, оларға көптеген ұтымды әрі тиімді ұсыныстар жасалады. Десек те, 2017 жылы тым асығып кетпеңіз, одан да өзіңізге сай келетін ыңғайлы жұмысты таңдаңыз.

Қораз жарқырап топтың алдында жүргенді ұнататындықтан адамдардан да сондай мінез күтеді. Түрленіңіз, бейнеңізді құбылтып, «эксперимент» жасаңыз, себебі қораз өзгерісті ұнатады. Қатып қалған ережеге бағынбай, өз ішкі түйсігіне сенетіндерге жыл символы міндетті түрде көмекке келеді.

Алдағы жылда кез келген интеллектуалды жұмыс өрге басады, әсіресе шығармашылық еңбекпен айналысатындардың жолы болады.

2017 жыл қаржылық тұрақтылығымен де қуантады. Себебі, қораз шоқып жейтін дәнді іздеп жүріп табады. Ол бұнымен шектелмей, баршаға тиімді табыс көзін табуға көмектеседі. Қораз барлық жұлдыз белгілеріне құрмет көрсетеді, әсіресе осы жылы туғандардың барлық салада жолы болмақ.

Жалпы қораз жылы қызығы мен шыжығы көп жыл болады. Жеке өмір ұмыт қалмайды, таныстықтар көбейіп, өз тағдырын кездестіргендер де аз болмайды. Сондықтан, басы бос жандар жақсы жаңалықтың ауылы алысы еместігін аңғаруы керек.

Отбасылы адамдардың өмірі де бірқалыпты болмайды, жанұя мүшелері, әсіресе, балалар қуаныш сыйлаумен болады. Сәбиі жоқ отбасылар да биыл бала сүюді ойластырғаны жөн болар. Себебі, қораз жылы туған балаларды жарқын әрі ғажайып өмір күтіп тұр деген болжамдар жиі кездеседі. Қораз жылы туған сәбилер саясатта, жалпы өмірдің кез келген саласында биік асуларды бағындырады екен.

Сонымен, 2017 жыл әр адамның өміріне тек бақыт пен сәттілік сыйлайды, себебі «оттай лаулаған» қораз жылында проблема мен келеңсіздікке уақыт мүлде қалмайтын сияқты.

Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады