"Ол қаладағы соңғы еркек емес". Феминистер митингі (Фоторепортаж)



Бүгін, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде Алматыда феминистер шеруі мен рұхсат етілген митинг өтті. Оған "КазФем", "FemAgora, Feminita", ОФ, "SVET", "Фемсреда" секілді қоғамдық ұйымдар бастамашыл болған. Oyan, Qazaqstan қозғалысының өкілдері де акцияға қолдау білдіретінін мәлімдеп, алаңнан табылды.

Феминистер әйел құқығы мен теңдігі, оның қоғам мен отбасыдағы орны, әйелдерге қарым-қатынас мәселелерін көтеріп, тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңды өзгертуді талап етті.

Акция қатысушылары алдымен М.Ганди саябағына жиналып, кейін Шевченко көшесімен шығысқа қарай шерулетті.

Жол бойы рупормен "Нағыз әйел бір-біріне жанашыр" "Әйеліңді ұрдың ба, үйден кет", "Ол қаладағы соңғы еркек емес", "Зорлық-зомбылыққа ақтау жоқ", "Бізді патриархат өлтіріп жатыр", "Әйелдер бір-біріне бауыр", "Әйел үйінде қонақ емес", "Әйел құқығы адам құқығы", "Келін құл емес", "Сен тумайсың, сен шешпейсің", "Әркім өз шұлығын өзі жуады", "Феминизмсіз болашақ жоқ" деп  айқайлап, талаптарын жеткізді.

Шоқан Уәлиханов атындағы алаңға келген соң феминистер кезекпен сөз алып, Қазақстандағы әйел құқығы, зорлық-зомбылыққа төзбеу, жыныстық таңдау туралы айтты.

"SVET" қоғамдық ұйымының өкілі Мөлдір Албан 5 жыл бұрын бала кезінде сексуалдық зорлыққа ұшырағаны туралы ашық айтқанын, мұндай жағдайлар әлі де азаймай отырғанын жеткізді. Оның пікірінше, бұған тиісті заңның осалдығы, әйелдерде күресуге ынтаның төмендігі себеп.

– Біз тіпті әйелін көгала қойдай соққан адамды қалай жазалаулы білмейміз. Заң қорланғанды емес, қорлағанды, зорланғанды емес, зорлағанды қорғайды, жәбір көргенді емес, қол көтергенді жақтайды. Біздің талабымыз – әртүрлі зорлық-зомбылықты заң жүзінде жазалауды қатайту, полицияның дер кезінде назар аударуын талап ету, жергілікті билік өкілдерінің тұрмыстық зомбылыққа немқұрайлы қарауын тоқтату. Біз бүгін өз құқығымызды талап етпесек, ертеңгі күні бармағымызды тістейміз, – деді ол.

Акцияға жүздеген астам адам қатысты. Олардың дені жастар мен әйелдер. Арасында орта жастағы әйелдер мен ер адамдар да жүрді.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Ұқсас мақалалар:
» Балғынбек Имашев әйелдерді қалай жазалау керектігін айтып берді
» Жаңа бағдарламамен 4 мыңға жуық әйел баспаналы болады
» Ауыр жұмыс істеген әйелдер зейнетке 50 жасында шығады
» Ананди рөлін сомдаған Авика Гор "Әйел бақыты" бағдарламасында (видео)
» Қызқұмар күйеуінен әбден шаршаған әйел жан сырын ақтарды
» Девальвация Ақтау дүкендеріне әсер ете бастады
» Әйелдер тегін білім алып, өз кәсібін аша алады

Іздеп көріңіз:

Жаңалықтар:
» Игрок 1xBet выиграл более 2 миллионов долларов на экспрессе из 44 событий 15.04.2021, 0
» 2021 жылы пітір садақа мөлшері 420 теңге болып белгіленді (фото) 04.04.2021, 0
» Алматыда жоқ көлік үшін алдын-ала төлем алған жігіт ұсталды 02.04.2021, 0

Пікір жазу

Пікірлер 3

  1. syzdyq_aruzhan_2
    syzdyq_aruzhan_2 10.03.2021 18:57
    0 + 0 -
    аккаунтты қалай жоюға болады
    1. Оқырман Айко
      Оқырман Айко 12.03.2021 19:56
      0 + 0 -
      У шу
  2. syzdyq_aruzhan_2
    syzdyq_aruzhan_2 10.03.2021 18:56
    0 + 0 -
    не болып жатыр


Келесі мақала жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы