Астанада ЭКСПО-2017 өтетін аймақта жаңа 4 көше пайда болады » ZHARAR © 2016 | энергия, ЭКСПО, қайта, көлік, жылға, қарай, Халықаралық, технологияларын, бойынша, қаланың, үнемдеу, Астанада, дейін, Тасмағамбетов, Висенте, шаршы, автобус, кеңейту, аясында, шақырымдық




  • »

Астанада ЭКСПО-2017 өтетін аймақта жаңа 4 көше пайда болады

Астанада ЭКСПО-2017 өтетін аймақта жаңа 4 көше пайда болады казакша Астанада ЭКСПО-2017 өтетін аймақта жаңа 4 көше пайда болады на казахском языке

Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен кездескен Иманғали Тасмағамбетов "ЭКСПО 2017" көрмесі аясында Астанада жаңа 4 көшенің салынатынын айтты.

Олардың жалпы ұзындығы 19 шақырымды құрайды деп хабарлайды Astana.kz. Кездесу барысында И. Тасмағамбетов Астанада негізгі екі сала бойынша жүзеге асырылып жатқан жобаларға: жол-көлік инфрақұрылымын дамыту және энергия үнемдеу технологияларын енгізуге тоқталды.


Қаланы жайлы көлік логистикасымен қамтамасыз ету мақсатында бірнеше бағыттағы кешенді жоспар әзірленді. Нақтырақ айтқанда, ЭКСПО өтетін ауданда жалпы ұзындығы 19 шақырымдық 4 көше салынбақ, соның ішінде Қабанбай батыр даңғылының әуежайдан Қорғалжын тас жолына дейінгі бөлігі қайта салынады.

Сондай-ақ, 2017 жылға қарай ұзындығы 17 шақырымдық Шағын айналым жолының және орталықтағы қозғалысты жеңілдететін 32 шақырымдық магистраль көшелердің құрылысы аяқталады. Бұдан басқа, жаңа бағыттық желіні модельдеуді ескере отырып, қоғамдық көліктің жұмысын ұйымдастыруды қайта қарастыру көзделген.

Осы мақсатта BRT бірінші кезегі жүзеге асырылады және 2017 жылға дейін газбен жүретін 850 автобус кезең-кезеңмен сатып алынады.

"БРТ бірінші кезегінің құрылысына бәрі дайын. Жоба 100% қаржыландырылды және мамыр айының соңында маусым айының басында құрылыс жұмыстары белсенді жүргізіледі, экологиялық бағдарламамен байланысты екінші жоба - жолаушылар тасымалы бойынша көлік құрамын Францияда шығарылатын "ВЕКО" компаниясының газбен жүретін жаңа автобустарына ауыстыру болып табылады",- деді әкім.

Жалпы, Астанаға 1500 автобус керек. Қазіргі уақытта 350 автобустық келісім-шартқа қол қойылған, маусым айында автобустар жеткізіле бастайды, келісім-шарттар жасасу жалғасады. 2017 жылға қарай автобус паркі газбен жүретін автобустармен жаңартылады

Сонымен қатар, 2017 жылға қарай Астанада теміржол вокзалы, 2 автовокзал, 8 жеке автотұрақ және Халықаралық әуежайдың жаңа терминалы салынады.

"Қазақстанның өңірлерінен келетін ағыннын автовокзалдар арқылы таратылуы үшін 2 автовокзалдың құрылысы қолға алынады. Теміржол вокзалы салынып жатыр. Ол елордамыз үшін қажет. Бұл жерде қаланың мүддесі "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізуге сайма-сай болып тұр. Бүгінде Халықаралық әуежайдың жаңа терминалын кеңейту және салу жобалануда. Меніңше, бекітілгеннен кейін, күзге қарай тиісті жұмыстар жүргізіле бастайды", - деді қала басшысы И. Тасмағамбетов

Кездесу барысында Астана қаласының әкімі "Қауіпсіз қала" бағдарламасына тоқталып, елордадағы қонақ үйлер мен тұрғын үй құрылысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

"ЭКСПО қалашығының құрылысына байланысты бүгінде жалпы көлемі 9 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй салуға рұқсат берілді. Жалпы алғанда, қазіргі кезде қаланың тұрғын үй қоры 16 миллион шаршы метрді құрайды. Осы 9 миллион шаршы метр алдағы үш жылда салынады, яғни 2017 жылға қарай қаланың келбеті айтарлықтай өзгереді", - деді Тасмағамбетов.

Астана әкімі елордада энергия үнемдеу технологияларын енгізуге ерекше тоқталды. Энергия үнемдеу саласында елорда әкімдігімен энергия көздерін және инженерлік инфрақұрылымды кеңейту және салу, энергия үнемдеу технологияларын енгізу және зиянды заттардың шығарылуын төмендету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Осы бағыттардың біріншісі бойынша ЖЭО-2 кеңейту және ЖЭО-3 салу, 4-ші және-5-ші жылу магистральдарын пайдалануға беру, 220 кВ сақинасын жасау және 110/20 кВ 4-ші шағын станциясының құрылысын аяқтау жобалары іске асырылып жатыр. Бұл "ЭКСПО-2017" нысандарын және қаланың қарқынды дамып жатқан аудандарын жылу және электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, қалада энергия тиімділікті арттырудың 2012-2015 жылдарға арналған кешенді жоспары қолға алынған. Соның аясында жылына 1500 тоннадан астам шартты отын пайдаланатын 49 кәсіпорынның мемлекеттік энергетикалық тізілімі әзірленді.

Кешенді жоспар ішінде энергия көздерін жаңғырту және қайта құру, энергия тұтынуды есепке алу және ақпараттық жүйе жасау, көшедегі жарықтандыруды басқарудың зияткерлік жүйесін енгізу де бар.

Қоқысты қайта өңдеу кешені базасында биогаз технологияларын енгізу жоспарланып отыр. Бұл полигонда жерленетін қалдықтар көлемін 2 есеге қысқартуға, 6 МВт/ сағ дейін электр қуатын өндірумен жеке энергия кешенін құруға, парниктік газдардың шығарылуын азайтуға және қайта өңдеу тереңдігін 50-60% дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, Висенте Гонсалес Лоссерталес қаланы көрмеге дайындау барысындағы ілгерілеуді, сонымен қатар, жобалардың дамуы мен оларды жүзеге асырудың қарқындылығын атап өтті.

"Сіздермен тағы да кездескеніме қуаныштымын, әр келген сайын осы ілгерілеуді өз көзіммен көріп жүрмін. Жаңадан ғимараттар салынуда. Астана - өте қарқынды дамып жатқан қала. "ЭКСПО- 2017" көрмесіне орай қала түрленіп жатыр", - деп қорытты Висенте Гонсалес Лоссерталес.

Сондай-ақ, халықаралық көрмелер бюросыны Бас хатшысы Астананы дамытуға өзіндік катализатор іспетті, белгілеген жоспарлардың іске асып жатқанына қуанышты екенін жеткізді. Осының барлығы бұған дейін айтылған ниет-тілектерге сәйкес болады.

Бас хатшы көлік жүйесі саласында қолжеткізген ілгерілеуді және көлік жүйесі әлдеқайда үнемді, анағұрлым экологиялық болатындай таңдаған шешімдерді байқағанын да айтты.Қатысушы мемлекеттер осыны үлкен артықшылық ретінде бағалайтынын айтып өтті.



Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 4 524
Жаңалық айдары: Экономика және бизнес, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 1)

.

. .