Назарбаев ЭКСПО-ның бюджетін 131 млрд теңгеге қысқартты » ZHARAR © 2016 | Ахметжан, көрмеге, 2017», мемлекет, Нұрсұлтан, Назарбаев, қызметі, Есімов, алғанда, Сонымен, керек, баспасөз, халықаралық, Сондай, Ақорданың, басқарма, ЭКСПО, Ұлттық, компаниясы», төрағасы




  • »

Назарбаев ЭКСПО-ның бюджетін 131 млрд теңгеге қысқартты

Назарбаев ЭКСПО-ның бюджетін 131 млрд теңгеге қысқартты казакша Назарбаев ЭКСПО-ның бюджетін 131 млрд теңгеге қысқартты на казахском языке

Нұрсұлтан Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде Ахметжан Есімов Назарбаевқа Астанада өтетін халықаралық көрмеге дайындық барысын баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО-2017» өткізу аясында алдағы жылдары ауқымды жұмыс атқарылатынына тоқталып өтті. Атап айтқанда, көрмеге қатысушылар құрамын, қазақстандық павильонның және өзге елдердің нысандарының мазмұндық жағынан толтырылуын анықтау қажет. Сондай-ақ іс-шараны өткізуге және қонақтарды қарсы алуға елорда инфрақұрылымының дайындығын қамтамасыз ету керек. Сонымен қатар сапалы дайындалған мәдени бағдарлама, волонтерлерді тарту, көрме аумағын одан әрі халықаралық қаржы орталығы ретінде пайдалану мәселелері бүгінде маңызды міндеттер болып отыр.

Өз кезегінде Ахметжан Есімов бүгінгі таңда 70 мемлекет көрмеге қатысатынын растап отырғанын хабарлады. Оның ішінде 35 мемлекет дамыған елдер қатарына жатады. Сонымен бірге көрмеге ірі трансұлттық компаниялар да үлкен қызығушылық білдіруде. Тұтастай алғанда, Тіркеу құжаттамасында көрсетілгендей, 100 қатысушы мемлекет межесіне қол жеткізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ президенттің тапсырмасы бойынша ұлттық компания көрменің өткізілуі үшін тағы 53 млрд. теңге көлеміндегі шығынды қысқартқан, бұл жерде айта кету керек, нысандардың қызмет ету мүмкіндіктері сақталады.

Осылайша, шығындарды оңтайландыру бұған дейінгі қысқартуларды есепке алғанда барлығы 131 млрд теңгені құрайды.



Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 462
Жаңалық айдары: Экономика және бизнес, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .