Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығы өзге елдерге үлгі болып қойылды » ZHARAR © 2016 | Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығы өзге елдерге үлгі болып қойылды, қазақстан туралы жаңалық, ресей туралы жаңалық




  • »

Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығы өзге елдерге үлгі болып қойылды

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы С.Лавровтың Қазақстанға сапарына ықылас білдіріп, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті.

"Қазақстан мен Ресей жоғары деңгейде қарым-қатынас жасап келеді. Бұған елдеріміздің сыртқы істер министрліктері мен елшіліктерінің қосқан үлесі зор. Біздің екіжақты ынтымақтастығымыз өзге елдер үшін үлгі бола алады деп ойлаймын", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Ресей Сыртқы істер министрін G20 саммитінің сәтті өтуімен құттықтап, осынау ауқымды іс-шараның сапалы ұйымдастырылғанын атап өтті.

С.Лавров Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовпен жүргізілген келіссөздер, онда екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелері қаралғаны, соның ішінде мемлекеттер басшылары кездесуіне дайындығы жөнінде нақты қадамдар белгіленгені туралы хабардар етті.

Бұған қоса, өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің аспектілері мен халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.



Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 2 234
Жаңалық айдары: Саясат, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 1)

.

. .